WEB сайттар тізімі: http://library.ayu.edu.kz http://rmebrk.kz/ www.booksmed.com/fiziologiya http//www.library.intra.ru
№4-5 Лекция тақырыбы: Жоғары жүйке əрекеті жəне оның баланың осіп-дамуы барысында қалыптасуы.
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1 Жоғарғы нерв әрекеті және оның жас ерекшеліктерін айырмашылық себептеріне жауап береді.
2 Балалардың жоғары жүйке әрекетінің типологиялық ерекшеліктерінің жүйке физиологиялық әрекетін анықтайды.
3 Салауатты өмі салтының жүйке әрекетіне, ондай болып жатқан процеестердің әсерін суреттей алады.
Лекция мазмұны: Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қатынасының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары жүйке дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күй, ұйқы, түс көру, гипноз т.с.с ми сыңарлары мен олардың қыртысының
негізгі қызметі болып есептеледі.Мұғалімдер Ж.ж. әрекетін жете түсіну арқылы баланың мінез құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жүмыстарын жөнге келтіріп жан-жақты бшілімді дұрыс дамыган жастарды тәрбиелей алады.Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал ғылыми жазылған еңбек,- ол орыстың ұлы ғалымы физиолог И.М.Сеченовтың «Ми рефлекстері» (1863) атты кітабы. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. Еш әрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлышқеттердің қызметімен аяқталады.
Функциялық тетік. Шартты тітіргендіргіштің әсерінен туған қозу толқындары бір нейроннан екінші нейронға өтіп, ао соңғысынан бірнеше нейрондарға өтіп дивергенгция тәртібімен тарайды.
Биохимиялық тетік- ми қыртысының нейронында қоз туған сәтте алдымен ферменттік үрдіс күшейеді. Морфологиялық тетік уақытша байланыс жасауға
қатысатын нейрондардың тамлықтарының көбінесе оның ендриттерініңаздап жуандауы байқалады деген мәлімет бар.
Сыртқы және ішкі ортаның көптеген тітіргендіргіштің кәсерінен биологиялық маңыздыларын таңдап алу үшін мида олар талданады. Талдау арқылы ағза өзіне қажетті тиімді әсерлерді бөліп алып, ажыратады. Ми қыртысы әсер ететін тітіргендіргіштерді жіктеп талдайды. Талданған әсерлерге дұрыс жауап қайтару үшін ми қыртысында олар қайта жинақталып қорытылады, талқыланады. Мұны ми қыртысындағы талқылау дейді. Талдау мен талқылау қабілеттері төменгі сатылы жүйке жүйесінің бөлімдері жұлында, ми бағанасында да жасалады.
Балалардың шартты рефлекстерінің маңызы және олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. И.П.Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлген. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмінің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысымен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді, тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін де қалыптаса береді. Айталық қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлық доғасы өзгермейді.
Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады.әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әртүрлі шартты рефлекстер болады. Олардың рефлекторлық доғасы сыңарларының қыртысында қадыптасады. Сондықтан ми сыңарларының қыртысы болмаса, шартты рефлекстердің кейбіреуі пайда болғанымен, олардың тіршілікке маңызы онша емес. Ал ми қыртыстары бар жануарлардың ми қыртыстары бұзылса немесе сылып алып тасталса шартты рефлекстер пайда болмайды, бұрын пайда болған шартты рефлекстері жойылады. Шартты рефлекстер пайда болған сыртқы ортаның жағдайы өзгергенде ол рефлекстер жойылады да, жаңа жағдайда жаңа рефлекстер туады, чғни олар тұрақты емес, өзгеріп отырады. Бұған қоса, қандай да болмасын шартты рефлекс пайда болуы үшін сыртқы ортаның қосымша бір тұрақты белгілі жағдайлары болуы қажет.
Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың ұнататын тағамын немесе ойыншықты қолданады. Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі кәмпитті (егер бұрын кәмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келсе, кәмпитті ойыншықты бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр болады.
Бала өсе келе оның екінші сигнал жүйесі дамыған сайын, шартты тітіркедіргіш ретінде сөздің әсері пайдаланылады. Сөз әсеріне шартты рефлексті тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақтау керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:
Үйретіліп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы және алғаш кезде оның тұрақты болуы. Мысалы «әке» деген сөзді үйрету үшін «әке» деп айтып отырып, әкесін көрсету керек.
Сөзді айтушының болу керек және алғаш кезде ол да тұрақты бір кісі, айталық шешесі болуы тиіс. Сөзді айтушы болмаса, бала сөйлеп үйренбейді. Мысалы, сақау адамдардың баласы сөйлеу қабілеті бола тұра, сөйлеп үйренбеуі мүмкін.
Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс көріп тұруы керек, яғни баланың денесі кеңістікте дұрыс орын алуы қажет.
Мұндай үш жағдайдың маңызы алғашқы 3 жасқа дейін ғана. Кейіннен баланың сөз қоры көбейе келе, олардың маңызы төмендеп, біртіндеп жойылады. 3 жастан кейін сөзді айтушы бейненің тұрақты болуы шарт емес, мысалы, кішкентай бөтен адам сөйлетсе, ол тұрып қалады, болмаса жылап жібереді. Осы келе ол тәрбиешінің теледидардың, магнитофонның, мұғалімдердің айтуымен оқып үйрене келе, кітаптардағы сөздер арқылы да жаңа сөздерді үйрене алады.
Шартты рефлекстердің пайда болуы мен тежелуінің жас ерекшеліктері. Жаңа туған сәбидің біраз ғана шартсыз рефлекстері болады. Олардың көбі қорғаныс және тамақтану рефлекстері. Баланың алғашқы апталық өмірінен бастап оның шартты рефлекстері пайда бола бастайды. Ғалымдардың зерттеуінше, 5-10-шы күндері тамақтануға байланысты шартты рефлекстері қалыптасады: ең алдымен тамақтану негізінде баланың денесінің кеңістікте дұрыс орын алу шартты рефлекстері байқалады. Баланы емізерде оны қолға алып денесін икемдеуге байланысты баланың шартты рефлекстері туындайды (қолға алғанда басын бұрып, анасының кеудесіне аузын жақындату, сору қимылдарының пайда болуы, басын анасына қарай барып, оның емшегін іздей бастауы т.б.) .
Баланың бұл рефлекстері күрделі тері рецепторлары, проприорецепторлары (лат. Проприус-өзіне меншікті рецептор) мен вестибулярлық құрылымдарын тітіркендіруге байланысты пайда болады. Алғашқы шартты рефлекстер өте баяу туады, олардың нервтік байланыстары тұрақсыз, оңай жайылады.
3-4 айлық жасында, кей кезде одан да ертерек, баланың ажырату шартты рефлекстері туа бастайды (көп дыбыстардың ішінен анасының дауысын айыруы). 5 айлық балада тежелу орын алады. Зерттеулерге қарағанда алдымен дыбысқа байланысты шартты рефлекстер тезірек пайда болады: 4-ші айда бала дыбыс шыққан жаққа басын бұрып, қолын созып үңіле бастайды. Содан кейін вестибулярлық шартты рефлекстер, содан соң ғана жарыққа деген шартты рефлекстер туады.
Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз ұн шыға алады 2-ші айдан бастап дауыстай алады, 3-ші айға жеткенде гу-гулейді, былдырықтап сөйлегісі келеді. Баланың тілінің дамуына 3 пен 4 жастың арасының маңызы ерекше. 4 жаста баланың тіл байлығы молайып, сөзге байланысты нақтылы саласы артады. 7 жасқа дейін балалардың белгілі бір жағдайға, нақтысы жерге байланысты сөздерді жақсы сақталады.
Ес. Есте сақтау қабілеті аз зерттеу қасиеттердің бірі. Ол физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен тұрады. Ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғырту, яғни еске түсіру. Бұл үшеуін еске сақтаудың 3 кезеңі. Олардың бір-бірімен тығыз байланысты қызметтер. Сыртқы ортаның мәліметтері адам
миына жан-жақтанкеледі, көру, есту, сөз, тері, иіс, дәм, сезімдері және ішкі түсіктер арқылы.
Эмоция немесе көңіл-күй (лат-эмоси-қабылдау, қозу) бұл ж.ж. күрделі, қиын зерттелетін қызметінің бір түрі. Сондықтан осы күнге дейін эмоция туралы нақтылы анықтама жоқ. Дегенменкөптеген ғалымдар қағидаларына қорыта келе, адамның ішкі сезімін білдіретінсыртқы ортаның сезімдерінің негізінде қалыптасқан көңіл-күйінің көріністерін атауға болады.
Жас ерекшеліктері жаңа туған сәбидің эмоция жағдайы ыңғайсыз болғанда жылау 2-4 жас арасында жағымсыз эмоция белгілері туады. Мысалы, заттардың белгісін, түсін айыра бастап, эмоциялық өзгерістермен оның жағымды-жағымсызын білдіре алады. Жағымды эмоциялар 3 жасқа дейінгі балаларда өздерін шексіз сүйетін анасымен тікелей қарым-қатынастың негізінде қалыптасады. Сондықтан бұл кезде балаларда сүйіспеншілікке сүйіспеншілікпен жауап беруге байланысты жағымды эмоцияларды қалыптастыру аса маңызды.
7-11 жастағы балалар псхикалық эмоциялықбарлық түрлерінің белгілерін көрсете бастайды. Әсіресе қуаныш, ренжу, қарсыласу іспетті. Бастауыш сынып оқушыларын байсалдылыққа үйрету арқылы жағымсыз эмоцияларын азайтып, жағымды эмоцияларын дамыту мүмкіндігі мол. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарында мұны ескеру қажет. Баланың еңбектегі және оқудағы жетістіктерін жөнімен пайдалана отырып, дұрыс тәрбиелеу арқылы болашақ азаматты өзін-өзі ұстай алуға үйрету, теріс эмоциясын тежеп, көңіл-күйінің жетегінде кетуден сақтауға болады.
12-16 жаста эмоцияның барлық түрлері толық қалыптасады. Бұл жастағы жеткіншектердің ми қыртысындағы қозуының басым болуына байланысты теріс эмоциясы көбірек көзге түседі және себебі түсініксіз жағдайы-теріс эмоцияға бейім келеді. Бұл саладағы зерттеулерді жалғастыру аса маңызды. әрине, өмірдің, тұрмыстың, мектептегі балалардың ықпалымен эмоцияның кейбір түрлері күшейіп, өзгеруі мүмкін.
Эмоция мен есте сақтау қабілеттерінің арасындағы байланысты орыс психиаторы С.СКорсаков зерттеп, мынандай тұжырымға келген: кейбір адамның есте сақтау қабілеті жақсы болғанымен, өтіп кеткен оқиғаларды есіне түсіруі оңайға соқпайды. Ал басқа адамның есте сақтау және есіне түсіру, қабілеттер эмоциялық маңызы бар оқиғалармен тығыз байланысты болады.
Ұйқының түрлері және физиологиялық негізің. Ұйқы-организмнің тыныштық қалпы, толық дамуы. Ұйқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. Сергек ояу адам сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынаста болып, оның әсерлеріне лайықты жауап береді. Ол сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің түріне байланысты күшті әсерге күшті, әлсіз әсерге әлсіз жауап берсе, ұйқыдағы организмнің жауабы мүлде басқаша болады. Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды немесе мүлде тоқталады, денедегі зат алмасуы, бұлшық еттердің тонусы, ас қорыту, жүрек-қан тамырлар мен тыныс мүшелерінің қызметі төмендеп, дене тұлғасының бұлшық еттері босайды. Тыныс жиілігі, жүректің соғуы азаяды. Ұйқыдағы адамның миындағы нерв клеткаларының өзара байланыстары жөнге келтіріліп, талданып, талқыланады, қажетті мәліметтер есте сақталады. Ол мәліметтердің іздері нығайып, күшейеді, нейрондардың энергия қоры қалпына келтіріледі, сондықтан ұйқы қандай болмасын организмге өте қажет.
Ұйқының жас ерекшеліктері, ұзақтығы, гигенасы. Баланың өсіп дамуы барысында ұйқы мен сергек жүру мерзімдерінің мөлшері өзгереді. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 сағаттай ұйықтайды. Біртіндеп оның ұйқысы азайып, сергек мерзімі ұзарады. 1 жасқа жақындаған баланың ұйқысының ұзақтығы 14 сағат, 4-жаста 12,10 жаста 10,11 сағат, ересек адамда 7-8 сағат.ұйқының барлық кезеңдері баланың алғашқы айлық өмірінде қалыптаса бастайды. Ересек адамның ұйқысының кезеңдері 10 жасқа дейін қалыптасып үлгереді.
Баланың өмірінде 5-6 жастың маңызы ерекше: бұл кезде күндізгі ұйқы тоқталып, 1 тәулік екі кезеңге бөлінеді. Ояу жүру немесе серегктік және ұйықтау кезеңдері. Сондықтан баланың түнгі ұйқысы бұзылғанда оның организмі әлсіреп, тез шаршау белгілері туады. Бала күн кестесіндегі еңбек уақыты мен ұйқы уақытын дұрыс сақтамаса, оның организмінде қалжырау пайда болады. Ондай баланың еңбегінің нәтижесі төмендеп кетеді.
Бала мезгілінде дұрыс ұйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты ұйықтардан бұрын кемінде 2-3 сағат бұрын қабылдап, жатарда жеңіл-желпі аз мөлшерде ішу керек (айталық, 1 кесе айран немес сүт, немесе жеміс шырыны). Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-22С болғанда ұйқысы дұрыс болады. Сондықтан бала ұйықтағанда: жазда терезесінің сәл ашық болып, қыста жатар алдында жарты сағаттай желдендіріп алу маңызыды. Баланың ұйықтайтын бөлмесі сырттан айқайшу келмейтіндей пәтердің тыныш жағында орналасқаны дұрыс.баланы жатар алдында жылы сумен аяқ-қолдарын жуындырып, денесіне шақ, қыспайтын, жұмсақ , мақта-матадан тігілген жатын киімін киіндіру қажет. Ұйықтардан 1-2 сағат бұрын баланың жүйке жүйесін қоздыратын ойындарды, әңгімелерді айтуды немесе оқуды тоқтатып, оның орнына, тыныштандыратын әңгімені ақырын баяу біркелкі ырғақты дауыспен айтқан жөн.
Адамда тәуліктік 1/3 бөлігін ұйқыда өткізеді. Егер адам 70-80 жыл өмір сүрсе, олар 25-28 жылы ұйқыда өтеді. Ұйқысыз адамда жануарда ұзақ өмір сүре алмайды.