WEB сайттар тізімі: http://library.ayu.edu.kz http://rmebrk.kz/ www.booksmed.com/fiziologiya http//www.library.intra.ru
№ 6 Лекция тақырыбы: Сенсорлық жүйелердің дамуы.
Лекцияның оқыту нәтижелері:
Сенсорлық жүйелердің құрылымы мен функциональдық жетілу ерекшеліктерін біледі.
Қозғалыс, иіс, дәм, вестибулярлы және тері сенсорлық жүйелердің маңызы туралы білімдерін қорытындылайды.
Көздің құрылысы мен оптикалық қасиетін анықтауда кәсіби құзәреттілігін физикалық құралдар қолданады.
Лекция мазмұны: 1 .Талдағыштарға: көру, есту, иістері, қозғалыс, дәм және вицеральды жатады. Барлық талдағыштар 3 бөлімге бөлінеді.
1. Сезгіш немесе прифериялық бөлім шеткі немесе рецептопрлық бөлім деп аталады.
2. Өткізгіш бөлім, сезім нерв деп аталады.
3. Орталық не қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысының сезім орталық торы сезім аймақтары деп аталады.
Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезім рецепторлардан түрады. Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып ми қыртысына таситын сезгіш мүшелерден түрады. Қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтарын қүрады.
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор. Көздің жалпы құрылысы бойынша көру талдағышының сезгіш бөлімін 3-ші топтағы мүшелерге бөлуге болады. Көздің қосымша құрылымдары жарық сындырғыш құрылымдары жарық қабылдағыш кұрылымдары.
Қосымша құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық-көз жасын түзейді. Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Көз алмасы- күрделі құрылысты мүше. Ол бас сауытының көз шарасында орналасқан, пішіні шар тәрізді, тек алдыңғы жағы сәл дөңестеу келеді. Көздің сыртын тығыз аққабық қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын тамырлы қабат бар. Ол қан тамырларының торынан тұрады десек те болады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат-пигмент болады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қарашығы деп атайды. Қасаң қабықтың артқы жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз аламасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың іркілдеген мөлдір шыны тәрізді денеге толы болады. Көздің ақ қабығының артқы жағынан көзге көру нерві кіреді. Көздің нұрлы қабығының түсіондағы бояуға байланысты болады. Оның түсі көгілдір түстен қою қара түске дейін болуы мүмкін. Соған байланысты қара, көк, қоңыр т.б. көздерді кездестіруге болады. Кей адамдардың пигментті мүлде болмайды. Ондай адамның (альбиностың) көзі қызыл болады.
Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады. Бұл арнайы сұйық көз бұршағын қоректендіруге (көз бұршағының қан тамырлы болмайды), шыны тәрізді денені толықтыруға пайдаланылады. Көз бұршағы екі жақты дөңес келген мөлдір қапшықтың ішіндегі өте мөлдір қоймалжың зат. Көз бұршағының орта тұсы шетіне қарағанда тығыздау. Оның қапшығы тарамыс арқылы жоғары және төменгі жағынан бекітілген. Ол тарамыстарды Цинн тарамыстары дейді. Цинн тарамыстары көз бұршағының дөңестелуін реттейді.
Ішкі торлы қабығының құрылысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецептор деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткалардан тұрады. Фоторецепторлар торлы қабықтың бойында орналасқан.
Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне көру жүйкесі жатады. ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.
Көздің торлы қабғыындағы таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда конустың түктелерінде жинақталған сәулелердің әсерінен. Олардың ішіндегі ерекше арнайы заттар фотохимиялық реакцияларға түсіп ыдырайды. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады. Таяқша клеткалардағы родопсиннің түсі ақшыл, ал сауытша клеткалардағы иодопсиннің түсі күлгін. Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретинен мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толқындарының ұзындығына лайық көру нервінің ұштарында қозу тудырады. Қараңғы ретинен мен опсин қайта қосылып родопсинге айналады.
Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 г. көз жасының безі туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды. Жаңа туған нәрестенің қарашығы өте жіңішке-диаметрі 1,5 мм ғана. Баланың жарыққа деген рефлексі алғаш кезде тек қана қорғаныс қызметімен шектеледі. Көз және көру талдағышы заттың пішінін, түсін, мөлшерін, орналасу қашықтығын және бағытын анықтайды. Затты айқын көру үшін оның бөлшектерін жақсы көру керек. Балалардың көз алмасының көлденең диаметрі ұзарғанда немесе жарық сәулелерін сындыру қабілеті күшейгенде жақыннан көру қабілетіпайда болады. Ондай адам тек жақын жердегі заттың бейнесін анық көріп, көзден алыстау орналасқан затты бұлдыр көреді. Себебі, көзге кірген сәулелер торлы қабыққа жетпей фокусталады да, торлы қабықтың бетіне қайта шашырағна сәулелер түседі. Мұндай жағдайда заттың бейнесі дұрыс болмайды. Көз алмасының көлденең диаметрі кішірейгенде немесе көз аппаратының жарық сәулелерін сындыру қабілеті нашарлағанда алыстан көру қалыптасады. Ондай адам жақындағы затты бұлдыр көріп, көзден алыстау орналасқан затты ғана дұрыс, анық көреді.
Түсті жарықты қабылдау ілімінің негізін алғаш рет М.В.Ломоносов 1756 жылы қалаған. Олардың үш қүрамында жарық қабылдау қағидасы бойынша торлы қабықша сауытша тәрізді клеткалар 3 түрлі болады. Оның бірі қызыл түсті жарық толқындарын 2- шісі жасыл 3 күлгін түсті жарық толқындарын сезеді. Кейбір адамдар заттық түсін мүлде анықтай алмайды. Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 грамдай ғана. Бұл ересеке адамның көзінің салмағынан 2 есе кем. Ересек адамның көзі 6-8 грам. Көз көру талдағышты заттың пішінін, түсін, мөлшерін, орналасу қашықтығын және бағытын анықтайды. Затты айқын көру үшін оның бөлшектерін жақсы көру керек. Заттың ұсақ көру қасиетін көздің өткірлігі дейді. Көздің өткірлігі сауытша клеткаларының қызметіне байланысты. Көздің өткірлігін арнайы кесте арқылы анықтайды. Ол адамның жасына жағдайына байланысты. Мысалы нәрестенің көзінің өткірлігі - 0,004, -0,02. 3 айда 0,05 - 01,1 жаста 0,3 - 0,6 45 жаста 0,7 - 1, шартты бірлік өлшеміне тең. Баланың көзінің қосақ қабығы ересек адамнан көрі дөңестеу. Көз бұршағы серпімділеу болады. Қысаң қабық көз бүршағының арасы ересек адамның көзі мен салыстырғанда жақындау орналасқан. Сондықтан жарық сындыру қабілеті күштірек болуына байланысты көздің айқын көру нүктесі 1 жасқа дейінгі болады. Не бары 1 см болып көзі жетілген сайын алыстай береді. 10 жаста ол 7 см 20 жаста 8,3 см 60 жаста 80 см болады. Яғни ересек алыстан көру қабілеті дами бастайды. Айқын көру нүктесі деп заттың анық дәл көріну қашықтығын айтады. Астегматизм - көз алмасының азықтарына сәулелер бірдей таралмағандықтан балаларда пайда болатын көру кемшілігі. Ол кисық қабықтың беті бір тегіс дөңес болмаған алдайда байқалады. Мүны жөндеу үшін немесе көлденең меридиана бойынша жөнделген цилиндр әйнекті пайдаланады.
Балаларда ең жиі кездесетін көру кемшілігі жақыннан көру қабілеті. В.Ф.Уткин мен Э.С.Аветисовтың(1975) зерттеулеріне қарағанда мектеп жасына дейінгі балалардың 1-2%, 7-10 жаста 4,5%, 11-14 жаста 10,5%, 15-18 жаста 21,5%, 19-25 жаста 28,7% жақыннан көру қабілеті байқалады. А.А.Сычевтың (1980) зерттеуі бойынша көзге күш көбірек түсетін мектептерде, айталық математика, шет тілі мамандықтарына көп көңіл бөлетін мектептерде бұл көз кемшілігі оқушылардың 25%-да байқалады. әсіресе балаларды көру гигиенасымен, партада дұрыс отыру ережелерімен таныстырмаған жағдайда бұл кемшілік көбейіп кетеді.
Көру талаптары кітапты оқығанда қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см. Баланың жүмыс орнының жоғарғы дүрыс қосылуы тиіс. Ең ширақ мүлшері 150-300 люкс шамасында үстелде партада дүрыс отыруы керек.
- Жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.
- Теледидар көрсетулерін қарағанда ең кемігнде 2,5-3 метр қашықтыкта
отырған жөн.
- Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің теледидарда қарау үзақтығын мүқият қараған жөн.
- Баланың жасына лайық кітап оқу үсақтығын сақтау.
- Көздің тазалығын сақтау керек.
- Көз еттерін жаттықтыру жалпы организмді шынықтыру.
Есту анализаторы туралы түсініктеме және құрылысы. 2. Анализаторларының өткізгіш және орталық бөлімдері.
Есту анализаторы туралы түсініктеме және құрылысы. Есту деп организмнің дыбысты қабылдау қабілетін айтады. Ол есту мүшесінің күрделі қызметі арқылы іске асырылады.Сүт қоректілерде есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады.
Сыртқы және ортаңғы құлақ есту талдағышының өткізгіш, ал ішкі құлақ - қабылдаушы бөлімі. Есту органы орналасуына, атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы құлақ дыбыс толқынын жинақтап ортаңғы құлаққа өткізеді, ортаңғы құлақ ішкі құлақтың қабылдау рецепторларына береді.
Ішкі құлақта есту (кортиев) органдарынан басқа тепе-теңдік аппараты да жатады. Тепе-теңдік органы дененің және оның әрбір мүшесінің сыртқы жазықтықтағы жағдайын қабылдап, орталыққа немесе ми бөлігіне беріп отырады. Есту және тепе-теңдік органдары самай сүйегінің тасша бөлігінің ішінде орналасқан.
Сыртқы құлақ.
Сыртқы қүлаққа құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады.Құлақ қалқаны сыртқы орталықтағы дыбыс толқынын жинақтап дыбыс жолына қарай икемдейді. Жануарлардың құлақ қалқаны адамға қарағанда жақсы жетілген және қозғалып дыбыс шыққан жаққа бұрылып тұрады.
Құлақ қалқанының негізі шеміршектен түзілген. Сырты терімен жабылып төменгі жағы сырғалықпен аяқталады. Сырғалық ішінде болбыр май ткані жатады. Құлақ қалқанының сыртқы жиегін сыртқы шиыршық, оның ішкі жағынан параллель жатқан ұзынша дөңесті ішкі шиыршық деп атайды. Шиыршықтардың ішкі жағында құлақ қалқанының ойысы жатады.
Сыртқы дыбыс жолы құлақ қалқанының ойысынан басталып, тереңдеп дабыл жарғағына дейін жететін түтік тәрізді, оның ұзындығы 3,5 см дейін барады. Бұл түтіктің ішкі жағын астарлап жатқан теріде көптеген бездер болады, олар май мен құлақ күкіртін (сера) шығарады. Ол екеуінің қосындысын құлақ шайыры дейді. Бұның микробтармен күрес жасайтын қорғаныстық маңызы бар.
Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты бөліп тұрған перде тәрізді, оның сыртқы қүлаққа қараған сыртқы беті эпителиймен ал ортаңғы құлаққа қараған ішкі беті кілегей кабықшамен жабылған. Дабыл жарғағы өте жұқа келеді, сондықтан оның ішкі бетіне жабысып жатқан ортаңғы құлақтың балғашық сүйекшесі көрініп тұрады.
Ортаңғы құлаққа дабыл қуысы, есту сүйекшелері және есту түтігі жатады.
Дабыл қуысы самай сүйегінің тасша бөлігінде орналасқан саңылау тәрізді қуыс болып келеді. Бұл қуыстын, сыртқы, ішкі, жоғарғы, төменгі және алдыңғы, арткы қабырғалары болады.
Сыртқы қабырғасы дабыл жарғағы арқылы сыртқы дыбыс жолынан бөлініп тұрады, ал ішкі қабырғасында екі тесікше жатады. Оның жоғарғы дөңгелек тесікшесін ұлу терезесі десе, төменгі сопақша тесікшесін кіре беріс терезесі деп атайды. Бұл тесікшелер арқылы ортаңғы құлақ ішкі қүлақпен байланыс жасайды.
Ортаңғы құлақ.
Жоғарғы қабырғасы ортаңғы құлақ қуысын ми сауытының қуысынан, төменгі қабырғасы — мойындырық ойысынан, алдыңғы қабырғасы — ұйқы артериясының каналынан, артқы қабырғасы — еміздік өсіндісінің қойнау қуыстарынан бөліп тұрады.
Ортаңғы қүлақ қуысында (дабыл қуысында) үш есту сүйекшелері жатады. Олар пішіндеріне сәйкес балғаша, үзенгіше және төсше деп аталынады. Бұл сүйекшелер бір-бірімен буынды қосылыстар жасап, дабыл қуысының сыртқы қабырғасынан ішкі қабырғасына дейін өзара жалғасып жатады.
Есту (евстахиев) түтігі ортаңғы құлақты жұтқыншақпен жалғастырып тұрады, оның ұзындығы 3—4 см. Түтіктің ішкі аз бөлігі сүйектен, ал сыртқы бөлігі шеміршектен тузілген. Ауа жұтынған кезде осы түтік арқылы жұтқыншақтан ортаңғы құлаққа еніп, оның ішіндегі ауа қысымын сыртқы ортадағы ауа қысымымен теңестіріп тұрады. Бұл жағдай дабыл жарғағының ауа толқынының қысымынан жарылып кетпеуіне маңызы зор.