Жұмысты орындау барысы:
Сужапырақ жапырағындағы хлоропластар және алғашқы крахмал. Сужапырақ – ағынсыз суда, баяу ағатын тұщы сулы суаттарда таралған су өсімдігі. Сужапырақ бөлме жағдайында аквариумда жақсы өседі. Сондықтан жыл бойы сабаққа қажет уақытта пайдалануға ыңғайлы. Сужапырақ жапырағы орталық бөлінінде екі қатар, жиегінде бір қатар клеткалардан тұрады. Жас өркеннің ұшынан 1-2 см. төмен орналасқан онша үлкен емес жапырақтың біреуін пинцетпен жұлып алып, зат әйнегіндегі бір тамшы суға саламыз. Үстіңгі беті жоғары қараған жапырақ тақтасы суға толық батырылуы керек. Енді жабын әйнекті ауа қалмайтындай етіп жауып, дайындалған уақытша препаратты әуелі микроскоптың кіші объективімен қараймыз. Сонда жапырақтың жалпы пішіні, оның орталық жүйесіндегі ұзына бойы орналасқан бірнеше қатар мөлдір клеткалары және қара жолақтар түзіп орналасқан, іші ауаға толы клеткааралықтары анық көрінеді. Ауа көпшіліктері клетка құрамын көруге кедергі жасайды, сондықтан препаратты үлкен объективпен қарау алдында жапырақ негізіне таяу орталық жүйкеге жақын жатқан мөлдір клеткаларды таңдап аламыз. Микроскоптың үлкен объективімен қараған кезде цитоплазмаға батырып, ретсіз орналасқан, реңі жасыл, пішіні линза тәрізді хлорофилл дәндерін көреміз.
Осы препараттан хлорофилл пәндерінде жинақталған алғашқы ассимиляциялық крахмалды көруге болады. Крахмал дәндері өңдеусіз, тірі хлоропластардан жақсы көрінеді. Нақтырақ көру үшін Люголь реактивімен әсер етеміз. Ол үшін зат үстеліндегі препараттың жабын әйнегінің оң жағына шыны таяқшамен реактивті тамызып, сол жағына сорғыш қағаздарды тақап орналастырамыз. Сонда сорғыш қағаз препараттағы суды бойына сіңіріп алып, судың орнын реактив басады. Реактив клеткаларға еніп, оларды өлтіреді. Клетканың құрамындағы цитоплазма, пластидтер сары түске, ал хлоропластағы крахмал дәндері қара көк түске боялады. Тірі клеткаларда жарық сындыру көрсеткіші цитоплазмамен сәйкес келетіндіктен, ядро байқалмайды, ол өлі клеткаларда сары түске боялып анық көрінеді.
Тапсырмалар:
1.Традесканция жапырағының, элодея өсімдігінің не кез-келген бөлме өсімдіктері жапырақтарының өңінен уақытша препарат дайындап, микроскоп көмегімен цитоплазмада орналасқан хлоропласт және лейкопласт жасушаларын тауып, суреттерін салу '
2.Спирогираның түрақты препаратынан хромотофордың пішінін, реңін бақылап, суретін салу.
3.Жас немесе формалин ерітіндісінде нықтандырылған итмұрын, қызыл бұрыш,
долананың піскен жемістерінің жұмсақ бөліктерінен уақытша препараттар дайындап, хромопластарды көріп, суретін салу.
4.Жарықта тұрған картоп түйнегінен лейкопластың хлоропласқа айналуын бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |