Биология нұсқау



бет1/2
Дата23.10.2023
өлшемі34,49 Kb.
#120676
түріСабақ
  1   2


БИОЛОГИЯ



Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».
1. Қосалқы тамырдың даму ерекшелігі
A) тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды
B) сабақ пен жапырақтан өсіп шығады
C) тамырдың жан-жағынан таралады
D) өсімдіктің кез келген мүшесінен дамиды
E) өркеннің ең ұшында орналасады

2. Кәдімгі амеба ерекшелігі
A) пішіні жапырақ тәрізді
B) пішіні тұрақты емес
C) алдыңғы жағы доғал
D) артқы жағы сүйір
E) кірпікшелері болады

3. Көпқармалауышты маржандар класына жататын жәндік
A) Теңіз қауырсыны
B) Құрт
C) Гидра
D) Жасыл эвглена
E) Обелия

4. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал.
A) Динамометр
B) Тонометр
C) Монометр
D) Термометр
E) Спирометр

5. Бұлшықет ұлпасы құрылысына қарай:
A) Жүйкелі жолақты, көлденең жолақты
B) Бұлшықет ұлпасы, эпителий ұлпасы
C) Қан тамырлы, бірыңғай салалы
D) Көлденең жолақты, қан тамырлы
E) Бірыңғай салалы, көлденең жолақты, жүрек

6. Тіршіліктің алғашқы пайда болған ортасы
A) Топырақ
B) Құрлық
C) Су
D) Ауа
E) Тірі ағза



7. Жай шатыр гүлшоғырға жатады
A) күнбағыс, бақбақ
B) беде, бидай
C) пияз, адамтамыр
D) жолжелкен, сүйсін
E) қарақат, орамжапырақ

8. Гүлді өсімдіктерде құрылысы жағынан ұқсас түрлер біріктіріледі
A) Тұқымдасқа
B) Отрядқа
C) Туысқа
D) Класқа
E) Бөлімге

9. Шеміршекті бассүйегінде миы бар ұлу
A) меруерттегі
B) шалшық ұлуы
C) айқұлақ
D) кальмар
E) кемеқұрт

10. Ағзаның тіршілік процестеріне жұмсалатын қуатты «өндіретін» органоид:
A) Кариоплазма
B) Митохондрия
C) Ядро
D) Пластидтер
E) Хромосома

11. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған:
A) Түнгі жыртқыштарда
B) Жүзетін құстарда
C) Жайылым құстарында
D) Күндізгі жыртқыштарда
E) Орман құстарында

12. Қан плазмасындағы фибриноген нәруызының қызметі
A) қанға қызыл түс береді
B) қан ұюында маңызды рөл атқарады
C) асты қорытуға көмектеседі
D) витаминдер, майға ұқсас заттарды тасымалдау
E) нәруызды синтездеуге жағдай жасайды

13. Бұлшықет ұлпасының қызметі
A) майды, сіңірді түзеді
B) рефлекстік қызмет атқарады
C) қозуды өткізеді
D) дененің сыртқы жамылғысын түзеді
E) мүшелерді қозғалысқа келтіреді

14. Иммунитеттің негізін салған ғалым
A) И.И.Мечников
B) Гиппократ
C) И.П.Павлов
D) Н.И.Лунин
E) Э.Дженнер

15. Сыртқы ортаның әсерінен болатын өзгергіштік
A) цитоплазмалық
B) гендік
C) модификациялық
D) геномдық
E) мутациялық

16. Даралардың құрылым деңгейін төмендетіп, биологиялық регреске әкеледі
A) Дегенерация
B) Регенерация
C) Конвергенция
D) Ароморфоз
E) Дивергенция

17. Тең споралы плаун тектестердің кең тараған өкілі:
A) Шоқпарбас
B) Секвоя
C) Усасыр
D) Мыңжылқы қырықжапырақ
E) Шолпаншаш сүмбіл

18. Қарапайымдар үшін цистаның маңызы
A) Даму үшін
B) Көбею үшін
C) Өсу үшін
D) Жылжу қызметін атқарады
E) Қолайсыз жағдайдан сақтайды

19. Аксонның сырты қапталған
A) Май текті ақ қабықшамен
B) Нәруызды қабықшамен
C) Май текті сұр қабықшамен
D) Ақ және сұр қабықшамен
E) Май текті сары қабықшамен

20. Мониторингтік бақылау:
A) Ландшафты өзгерту
B) Ағзаларды жіктеу
C) Көне ағзаларды жаңарту
D) Мұхит суын тазарту
E) Баға беру, болжау












Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет