Көптеген аңыздар мен мифтерге арқау болған осы бір әсем де құпия жәндік бақыттың, махаббаттың, адалдықтың символы саналады



Дата31.12.2021
өлшемі16,56 Kb.
#21083
Байланысты:
гиперссылка ғажайып көбелектер


ҒАЖАЙЫП КӨБЕЛЕКТЕР
Көптеген аңыздар мен мифтерге арқау болған осы бір әсем де құпия жәндік бақыттың, махаббаттың, адалдықтың символы саналады.

Батыста үйлену тойларында көгершіндердің орнына көбелектер ұшырып, жас жұбайларға бақыт пен пәк махаббат тілейтін көрінеді. Бунақденелі жәндік тұқымына жататын көбелектердің 157 000 түрі бар екен. Басқа да жәндіктер секілді, көбелектер де көктемде тұқым көбейтеді.



Көбелек – табиғаттағы ең құпия жаратылыстардың бірі. Мұндай ғажайыпты ойлап табу мүмкін емес. Көбелектердің әдемілігі сонша, тап бір суретші салып қойғандай. Ал оның еш­кімге зияны жоқтығы – тағы бір бөлек әңгіме. 
Көбелектер табиғатын зерт­тейтін ғылым «лепидоптерология» деп аталады. Қанаты 30 см болатын «Attacus aitas» түнгі көбелегін құстармен жиі шатастыратын кө­рі­неді. Көбелектер аралардан ке­йінгі тозаңдандырғыш болып есептеледі. Ал ең шыдамды көбе­лек – «Монарх». Ол мыңдаған ша­қы­рымдарды тоқтаусыз ұшып өте алады екен. Оның жылдамдығы сағатына 12 шақырымдай болады. Көздің жауын алатын әсем жән­дік­тердің бір құпиясы – олар күн­нің сәулесі болмаса, ұша алмайды. Бір қызығы, көбелектің қанаты түс­сіз, мөлдір. Күн сәулесі мен сан­алуан гүлдер тозаңынан түзіл­ген ғажап түстер, қаттылау нәрсеге тисе немесе қажалса түсіп қалады. Осынау құпиясы мол жәндіктің ең күрделі мүшесі – көзі, ол 6 мың майда бөлшектерден тұратын линза секілді. Олардың дәм сезу мүшелері аяқтарында орналасады. Бұл жәндіктердің ғұмыры қысқа болатыны белгілі. Олардың өмір сүру ұзақтығы бірнеше күн ғана. Дегенмен олардың ішінде де көбірек өмір сүретіндерін кездестіруге болады. 10 ай өмір сүретін Брикстон атты көбелек бар. Азия мен Оңтүстік Америкада бұл ғажап жәндіктерді деликатес ретінде пайдаланған. 
Көбелектер тек Антарктидада ғана болмайды. Олар өте ежелгі дәуірде пайда болған. Ағаш жапырағында жорғалап жүрген құртқа ұқсас жәндікті көреміз . Бұл көбелектің дернәсілі – жұлдызқұрт. Оның 5 жұп жалған аяқтары бар. Ересек көбелекте 3 жұп аяқтары болады. Ересек көбелектің ауыз мүшесі түтік тәрізді иірілген тұм­сықша болып келеді. Бұл тұм­сық­шамен ол гүл шырынын сорады. Жұлдызқұрт өсімдіктің жапы­рақ­тарымен қоректенеді және тез өседі, бірнеше рет түлейді. Соңғы түлеудің алдында ағаш діңіне өрмелеп шығып, қуыршаққа ай­налады. Ол бұл кезде ешбір қозға­лыссыз қалады, қоректенбейді. Дегенмен хитинмен қапталған қуыршақта өте күрделі өзгерістер жүріп жатады. Онда ересек көбе­лектің дене мүшелері қалыптасады. Қыстап шыққан қуыршақтан көктемде бірден көбелек шығады. Көбелектің даму сатыларын тізіп көрсетер болсақ: жұмыртқа, дер­нәсіл, қуыршақ, ересек көбе­лек. Жұмыртқа салу мерзімі, орны, даму мерзімі әр түрлі бунақдене­лілердің түріне қарай әрқалай бо­лады. Түрленіп дамудың маңы­зы – бунақденелілердің табиғатта ке­ңінен таралып, өз түрлерін сақ­тауға едәуір мүмкіндігі бар. Дер­нәсілі ересек жәндіктің қорегіне «ортақтаспайды», әрі тұрағы да басқа болады. Мысалы, зауза не картоп қоңызының дернәсілі топырақта тіршілік етеді, өсімдік тамырларын, жер асты бөліктерін жеп қоректенеді. Ал ересек қо­ңыздар ағаш жапырақтарын қорек етеді. Химикаттан жер бетіндегі бунақденелілер қырылады да, топырақ арасында жүрген немесе әлі қуыршақ күйінде жатқан дер­нәсілдер аман қалады. Сонымен, түрленіп даму тәсілі де – бунақ­де­нелілерді жойылып кетуден сақ­тайтын бейімділіктің бірі. Олар­дың табиғаттағы пайдасы көп. Мысалы, көңқоңыз топырақты қоп­сытады, қанқыз, құмырсқа ауыл­ шаруашылығына зиян кел­тіретін сан алуан зиянкестерді жоя­ды. Бал аралары адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Көбелектер өсімдіктерді тозаңдандыруда маңызды қызмет атқарады, алайда олар дүниеге әкелетін жұлдыз­құрттар ауыл шаруашылығы үшін нағыз зиянкестер санатында. Жібек көбелектері жібек жіп алу үшін өсіріледі. Тұт көбелегі 5 мың жыл бұрын Қытайда қолға үй­ретілген. Оның пілләлары тар­қалады, алынған жіптен жібек маталарын тігеді. Бір пілләдан 1,5 мың метр жіп жасалады. Бунақ­денелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде бунақденелілерді тағам ретінде пайдаланады. Табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілер де кездеседі, Олар: бүйі, қарақұрт, құршаян улылығымен, паразиттік тіршілігімен ауру таратқыш­тығымен, омыртқалы жануар­ларға және адамдарға зиянды. Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бу­нақденеліге – Азиялық шегіртке жатады. 
Сонымен қатар әрбір көбе­лектің өзіне тән иісі болады. Кейбір көбелектерден ванильдің, шашақгүлдің, бүлдіргеннің, қаз­тамақтың, шоколадтың иісі мүң­кіп тұрады. Ал аталық ақ көбе­лек­тер­де қызыл қазтамақтың, лимон гүлінің иісі бар екен. Олар өз иіс­терін екі мақсатта қолданады: қа­рама-қарсы жыныстағы көбе­лектердің назарын аудару және жауларын қорқыту үшін. Иіс артқы қанаттарындағы қабыр­шақтан шығады. Бұл иісті бөлетін денедегі темір құрамы екен. Қызығы, аналық көбелек­тердің иісі адамға ұнаса, аталық көбе­лектердің иісі жағымсыз қабыл­данады. Ал сіз көбелектердің сезім мүшелері адамдарға қарағанда әлдеқайда жақсы дамығанын білесіз бе? Олар тәттіні біздің тілі­мізден де артық біледі. Олардың басты тағамы – гүл шырыны. Оның құрамында қант болған­дықтан, тез іздеп тауып алады. Көбелек гүлдегі шырынды бай­қаса, бірден ұзын бізтұмсығын салып, сұйықты сорып алады. Сондай-ақ көбелектер түсті де жақсы ажырата алады. Керек десеңіз, адам көзі байқай алмайтын ультракүлгін сәулелерін де тез қа­былдайды екен. Олардың иіскеу сезімдері де жақсы дамыған. Дәм тілдегі ағзалар арқылы сезілсе, иіс көбелектің мұрты арқылы қабыл­данады. Табандарында орналасқан «мұрынмен» де иіскейтін көбе­лектің түрлері бар екен. Бұл жән­діктер арасында сирек кездесетін түрі – «Ханшайым Александраның желкені» деп аталатын көбелек. Ғажайып көбелек Жаңа Гвинея­ның Папуа аймағында бірлі-жарым кездеседі. 
Көбелектің бұл түрі жойылып кетудің алдында тұрған көрінеді. Сан алуан ғаламат бояуларымен ерекшеленген көбелектердің көп­теген түрі Қызыл кітапқа енген. Олардың ішінде ауыл ша­руа­шы­лығына зиянды түрлері де кезде­седі. Бұл ғажап жәндіктердің ішін­де өмірінің соңғы кезеңінде мүлде қоректенбейтін түрлері де болады екен. Олар шынжыртабан кезінде жинақтаған энергиясымен соңғы сәттерге дейін жүре береді екен. Орыс аңыздарында тіршілігінде сиқыр немесе көріпкелдікпен ай­налысқан әйел адамдар о дүниелік болғанда, көбелекке айналады деген ұғым бар екен. 
Ең кішкентай көбелек – «Көк Карлик», оның қанатының ұзын­дығы бар болғаны 1,4 см. Ресей мен Сібірде көбелектің кең тараған түрі – Павел көзі. Оның қанаты­ның жоғарғы бөлігі қызыл күрең түсті, шеткі бөлігінде адамның көзі тәріздес кескін болады. Ал Брази­лияда шоколадтың өткір иісін шығаратын көбелектер мекен­дейді. Адамдар бөлме ауасын иіс­тендіру үшін осы көбелектерді арнайы ұстайды. Көбелектер екі топқа бөлінеді: күндізгі көбелектер ашықтүсті, ал түнгі сұр және суық түсті болады. Күндізгі көбелек (булавоусая). Түнгі көбелек (раз­ноусая) деп аталады. Қазақ­станда көбелектің 9 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Кәдімгі күйе көбе­лек­терінің қанаттары ұзын және жіңішке (осы бөлігінде жалпақ шашақша түктері болады) келеді. Қанатын жайғанда ұзындығы 0,9-1,2 см болады. Бұл тұқымдастың өкілдері жүннен, теріден жасалған бұйымдарға зиян келтіреді және азық-түлік қорын бүлдіреді. Негізгі түрлері: ішек көбелегі, жиһаз көбелегі, қамбар көбелегі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет