Биология пәні бойынша емтихан сұрақтары. 8 сынып
1- нұсқа
1.Дәм сезу мүшесі:
А.Тіл В.Құлақ С.Тері Д.Көз Е.Мұрын
2.Тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуі: А.Тыныс алу В.Тыныс шығару С.Асқорыту Д.Зәр шығару Е.Қанайналу
3.Аралас бездер:
А.Қалқанша маңы В.Гипофиз С.Ұйқы және жыныс Д.Эпифиз Е.Бүйрек үсті безі
4.Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықет:
А.Сіңірлер В.Көкет С.Асқазан Д.Көлденең жолақты бұлшықет Е.Тегіс бұлшықет
5.Ең ірі артерия тамыры:
А.Артерия қылтамыры В.Веналар С.Қолқа Д.Артерия Е.Қылтамырлар
6.Дәм сезіну нашарлайтын жұқпалы ауру:
А.Дизентерия В.Қышыма С.Спид Д.Тұмау Е.Мерез
7.1 гр ақуыз толық ыдырағанда бөлінетін жылу мөлшері:
А.17,5 кДж В.17,6 кДж С.18,5 кДж Д.16,8 кДж Е.19,5 кДж
8.Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым:
А.Экология В.Физика С.Биология Д.Химия Е.География
9.Жүйке ауруларын емдейтін дәрігер:
А.Эндокринолог В.Сексопатолог С.Невропатолог Д.Гинеколог Е.Стоматолог
10.Бала бойының өсуінің бұзылуы:
А.Ұйқы безі қызметінен В.Гипофиз С.Бүйрек үсті безі Д.Бауырдан Е.Бүйректен
11.Бұлшықеттің сүйекке бекінуі........ арқылы.
А.Шеміршек В.Буын С.Сіңір Д.Эпителий Е.Бұлшықет шоғы
12.Иммунитеттің негізін салған және фагоцитоздың қорғаныштық рөлін ашқан ғалым:
А.И.И.Мечников В.И.П.Павлов С.В.И.Вернадский Д.Л.Пастер Е.И.М.Сеченов
13.Балаларда қандай дәрумен жетіспегеннен мешел ауруы пайда болады:
А.К В.Д С.Н Д.С Е.Е
14.Адам демалуға болатын ауадағы оттегі мөлшері:
А.50% В.40% С.5% Д.10% Е.21%
15.Нейронның қысқа өсіндісі қалай аталатындығын белгілеңіз:
А.Нейрон денесі В.Дендрит С.Рецептор Д.Талшық Е.Аксон
16.Асқазанда негізінен ыдырайтындар:
А.Крахмал В.Майлар С.Ақуыздар Д.Амин қышқылы Е.Көмірсулар
Достарыңызбен бөлісу: |