3-бөлім.Кездесу ықтималдығы жоғары сұрақтар. 1. Зоология ғылымы зерттейді – жануарларды 2. Жасушада фотосинтез процесіне қатысады – хлоропластар 3. Қосмекенділердің өкпесінің пішіні – сопақша 4. Саңырауқұлақтардың ағаш тамырымен селбесуі – микориза 5. Өрік өсімдігінің тұқымдасы - раушангүлділер тұқымдасы 6. Дизентерия ауруын тарататын - шыбын, тарақан 7. Жапыраққа күн сәулесі түскенде, хлоропластар ауадан сіңіреді- көмірқышқыл газы 8. Тұқымы бір жарнақты өсімдік - күріш 9. Гидраның энтодермасындағы жасушалардың рөлі - асқорыту, сөл шығару 10. Құстың тісінің қызметін атқаратын мүше - етті қарын 11. Адам мен жануарлар жасушасында болмайтын қабықша - жасунықты 12. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратын бөлігі - ми көпірі 13. Адамның қол сүйектері - тоқпан жілік, кәрі жілік, саусақ 14. Қаннің ұюына қатысады - тромбоциттер 15. Көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше - кеңірдек 16. Бұл дәрумен жетіспесе адам бери-бери ауруына ұшырайды - В1 17. Эктодерма дегеніміз- сыртқы ұрық жапырақшасы 18. Тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі - биосфералық 19. Биотикалық факторлаға жататын - жыртқыштардың жемтігін аулап жеуі 20. Денесінде бақалшағы бар біржасушалы қарапайым жәндік - арцелла 21. Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлік - таллом 22. Бұршақ тұқымдастардың гүлінің формуласы - Т(5)К3+(2)А(9)+1Ж1 23. Гистондар кездеседі - жануарлар мен өсімдіктердің ядросында 24. «Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар» заңын ашқан - Н.Вавилов 25. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңіріп, жүйелеу атасы аталуы - К.Линней 26. Лейкопластардың қызметі - қор затын жинауға қатысу 27. Екі жұп мұртшасы бар (ұзын және қысқа) жәндік - шаян 28. Тірі ағзаларда тіпшілік етеді - паразиттер 29. Қына денесінді саңырауқұлақ - су және онда еріген минералды тұздарды сіңіреді 30. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы -қауырсын тәрізді 31. Адам қанының атқаратын қызметі - газ тасымалдау 32. Қазақстанда «Қызыл кітаптың» үшінші басылымы жарыққа шықты - 1996 ж 33. Пиязшықты өсімдік - қызғалдақ 34. Гүл сағағының жоғарғы кеңейген жері - гүлтабан 35. Гидраның жазылатын жіпшесі орналасқан жері - атпа жасушада 36. Жорғалаушылардың қан айналым жүйесі - екі жүрекше, бір қарынша (жартылай