«Биология» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып (жаратылыстану-математикалықбағыт)
Нұр-Сұлтан, 2020
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойыншажиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретіндеқұрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 10-сыныптың "Биология"пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімгеоқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауғамүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет – сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН 4
2-ТОҚСАН 23
3-ТОҚСАН 35
4-ТОҚСАН 50
1-ТОҚСАН
«Молекулярлық биология және биохимия» бөлімі бойынша жиынтық бағалау