«Биология» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып



бет1/18
Дата26.12.2023
өлшемі2,72 Mb.
#143844
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
osh sor biologija ogn 10-klass kaz (1)



«Биология» пәнінен


жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар


10-сынып
(қоғамдық – гуманитарлық бағыты)

Нұр-Сұлтан, 2019


Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10 -сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 10 - сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.


Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.


Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет - сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.


2


МАЗМҰНЫ


1 ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 4

Молекулалық биология және биохимия тарауына жиынтық бағалау 4


Жасушалық биология бөлімі бойынша жиынтық бағалау 10




2 ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 14

Заттардың тасымалдануы тарауына жиынтық бағалау 14


Тыныс алу тарауына жиынтық бағалау 19




Бөліп шығару бөлімі бойынша жиынтық бағалау 23




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет