3.3.- ресурс. Мәтіндердің түрлері (типтері) және аналитикалық тапсырмалар
1.Мәтіндердің түрлері (типтері).
PISA тапсырмаларындағы мәтіндердің негізгі қолдану салалары:
1) БАҚ (ғылыми-танымал мәтіндер, қоғамдық маңыздылығы бар тақырыптағы мәтіндер, жарнама);
2) тұрмыстық немесе күнделікті өмір саласы (қызмет көрсету, сауда-саттық, қатынас көліктері, денсаулық);
3) іскерлік немесе ресми сала;
4) эстетикалық немесе көркемдік сала;
5) оқу саласы.
2.Аналитикалық (құрылымдаушы) тапсырмалар.
Тапсырманың негізі мәтін түрінде (сөздік, кесте, диаграмма, сурет және т.б.) берілген ақпарат аясы болып табылады.
Бұл жерде толымсыз, шектеусіз сипаттама, жағдаятты көз алдына елестету, әркелкі, ақпараттық тапшылығы бар фрагменттік немесе ақпараттың шамадан тыс көптігі маңызды болып табылады.
Осындай тапсырмаларды орындау үшін талап етілетін негізгі дағдылар: мәтіннен салыстырмалы ақпарат алу, ұсынылған ақпаратты сыни бағалау, гипотезаны ұсыну, дәлелдемелерді қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты таңдау; бытыраңқы фактілерді бірыңғай ақпараттық көрініске біріктіру.
Достарыңызбен бөлісу: |