«Биология» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 11-сынып



бет2/10
Дата22.12.2023
өлшемі119,41 Kb.
#142849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
«Биология» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 11-с-emirsaba.org

Түсіну:

    • микробиологияның медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі маңызын;


    • жасушалардағы молекулалар және органоидтар деңгейінде жүретін процестерді;


    • өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің функцияларын,


    • өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу қағидаттарын;


    • метаболизм процестерін;


    • жаһандық және жергілікті экологиялық проблемаларды түсінеді.


Қолдану:

    • тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі биологиялық ұғымдар мен терминдерді;


    • тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін;


    • қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында биологияның заңдары мен формулаларын;


    • нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;


    • алынған білімдерін физикалық және химиялық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;


    • ағзалардың әртүрлі топтарын сипаттаған кезде бинарлық номенклатураны қолданады.


Талдау:

    • ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді;


    • графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты;


    • адам ағзасының химиялық құрамын және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін


микроэлементтер мен макроэлементтердің маңызын;


    • биологиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын;


    • тірі ағзалардың мүшелер жүйесінің құрылысы мен функциясын;


    • трансгендік технологияларды қолдануға байланысты проблемаларды;


    • биогеоценоздағы заттар айналымының процестерін талдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет