Биологиялық белсенді заттардың номенклатурасы



Дата22.12.2023
өлшемі9,63 Kb.
#142531

Билет-6
1-тапсырма
Фармакодинамика – дәрілік заттардың локализациясын, әсер ету механизмін және фармакологиялық әсерін, олардың әсер ету күші мен ұзақтығын зерттейтін фармакология саласы.
Дәрілік заттың сапасы жөніндегі нормативтік құжат – дәрілік затты тіркеу кезінде оған жүргізілген сараптама негізінде тіркеуден кейінгі кезеңде дәрілік заттың сапасын бақылауға қойылатын талаптарды белгілейтін және дәрілік заттың өзіндік ерекшелігін, талдамалық әдістемелері мен сынауларының сипаттамасын немесе мұндай сынауларға сілтемелерді, сондай-ақ сапа көрсеткіштері үшін қолайлылықтың тиісті өлшемшарттарын қамтитын құжат;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында азық-түлікті өндіру, жүзеге асыру, оны сақтау, тасымалдау барысында заңды және жеке тұлғалармен ұйымдастырылып өткізілетін эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды орындау кезінде санитариялық ережелерінің қадағалануын бақылауды өндірістік бақылау дейміз
Тұндырма - дәрілік өсімдік шикізаттарынан спиртпен экстрациялау арқылы алынатын сұйық дәрілік сорындылар. Тұндырманың дәмі, иісі, бояуы оны дайындауда қолданылатын дәрілік өсімдік шикізаттарға (ДӨШ) ұқсас болады.
2- тапсырма

Биологиялық белсенді заттардың номенклатурасы


Биологиялық белсенді заттар – жануарларда және адамда ағзаның патологиялық өзгерген қызметтерін қалпына келтіретін,шығу тегі әртүрлі, дәрілік заттарды алудың потенциалды көзі болып табылатын заттар.
Биологиялық белсенді заттарға -ферменттер, гормондар, дәрумендер, антибиотиктер, өсу стимуляторлары (ауксиндер, гиббереллиндер, кининдер), гербицидтер, инсектицидтер, биогендік стимуляторлар (құрамында кейбір дикарбон және гумин қышқылдары, аргинин, аммиак, микроэлементтер), простагландиндер, нейротрансмиттерлер, пирогендер және т. б. жатады. Шығу тегі бойынша ББЗ биогенді және абиогенді болып бөлінеді.
Қазіргі кезеңде ББЗ-нің қажеттілігі өндірісті қарқындату және қоршаған ортаны экологиялық сауықтыру мәселелерінің кең ауқымын шешумен тығыз байланысты, атап айтқанда:
– әртүрлі мақсаттағы өнімдердің жаңа түрлерін және ең алдымен профилактикалық және емдік әсер ететін препараттарды алу;
– өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтарын жою;
–ауыл шаруашылық өсімдіктерді, олардың биологиялық өнімділігін жоғарылату үшін, аурулардан, зиянкестерден, арамшөптерден қорғайтын экологиялық қауіпсіз қорғаныс құралдарын алу.
Қазіргі таңда өнеркісіпте медицинада, тағамда, ауыл шаруашылығында қолданылатын ББЗ кең ассортименті өндіріледі (антибиотиктер, вакциналар, ферменттер, полисахаридтер, гормондар, гликозидтер, азық-түлік және тағамдық қоспалар, ақуыздар, аминқышқылдары, витаминдер, алкалоидтар, пестицидтер, дефолианттар және басқа).
Көптеген ББЗ-ны алғаш рет табиғи өсімдік және жануарлар шикізатынан арнайы өңдеу арқылы алынды. Ежелгі Римде дәрігер Клавдий Гален (131-201) медицинада кеңінен қолданылатын дәрілік препараттар ретінде табиғи ББЗ-ны қолданған. Мұндай препараттар Галендік препараттар деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет