Иммундық жүйенің мүшелерін топтастырыңыз.
Иммундық жүйенің күрделік деңгейі қарапайым омыртқасыз ағзалардан омыртқалы жануарларда, сүтқоректілерде (соның ішінде адамда күрделене береді). Біздің ағзада алдымен төменгі жануарларға тән эволюциялық көне туа пайда болған спецификалық емес иммунитеттің әр түрлі формалары байқалады. Мысалы, тері және сілемейлі барьерлер, тері және май бездерінің асқазан мен ішектен бөленген өнімдеріндегі қышқылдардың бактерицидтік әрекеті, жас сұйықтығының құрамындағы лизоцим ферментінің бактерия қабығын жою күші және т.б.с.с. Ағзаның ішіне енген бактерияларда фагоциттар мен арнайы бактерияға қарсы ақуыздар жолды, вирустарды интерферон деп аталатын арнайы ақуыз құртады. Сонымен қатар, жоғары сатыдағы жануарлар мен адамда күрделі иммундық жүйе қалыптасады, оған сүйектің қызыл кемігі,айырша без-тимус, көк бауыр, лимфотүйіндер, асқорыту және тыныс алу жолдарының лимфотәріздес ұлпалары (миндалиндер-гланды, аппендикс) кіреді. Иммундық жүйе жүре пайда болатын спецификалық иммунитетті қалыптастырады. Иммундық жүйенің жасушалар арасында орталық орынды лимфоциттер иеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |