Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология және биотехнология факультеті
Дәріс 2-3
Лимфомиелоидты кешен. Сүйек кемігі. Тимус, қызыл сүйек кемігі. Лимфоидтық мүшелердің маңыздылығы, құрылысы мен қызметтері.
Бастапқы иммундық органдар. Сүйек кемігінің құрылысы мен қызметі
Жоспар
Лимфоидтық ұлпа
Тимус
Қызыл сүйек кемігі
Лимфоидтық мүшелер
Лимфоидтық мүшелердің қызметі мен маңызы
Иммундық жүйе – бұл лимфоидтық мүшелердің тұтастығы мен лимфа жасушаларының жинағы. Адамның лимфоидтық мүшелерінің жалпы салмағы 1,0-2,5 кг. Бұл өзіндік жүйе: ол дене бойына тараған, оның жасушалары қан ағысы арқылы бүкіл денеге тарайды, антигендерге қарсы арнайы антиденелер түзуші қабілетке ие. Иммундық жауаптың негізгі жасушаларына лимфоциттер жатады.