№ 10 ОСӨЖ 1.Тақырыбы: Витаминдер. Алиментарлы (біріншілік) және екіншілік авитаминоздар және гиповитаминоздар, жіктелуі. Суда еритін витаминдердің құрылысы, биологиялық әсері, авитаминозы, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.
2. Мақсаты: 1. Суда еритін витаминдердің құрылысы, қасиеттері және ролі туралы студенттердің алған білімдерін бекіту.
2. Студенттердің кәсіптік әдебиеттермен жұмыс жасау және жағдайлық есептерді шешу дағдылары мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.
Оқыту міндеттері: Оқытушының жетекшілігімен тақырып бойынша жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу.
Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Суда еритін В тобының витаминдері.
2. В тобына жатпайтын витаминдер.
5. Оқыту әдістері мен құралдары: Аралас әдіс:
Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).
Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, схемалар.
ОСӨЖ сценарийі:
Мазмұны
Әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы
Уақыты (болжалды хронометраж, топтың дайындық деңгейі мен басқа да факторларға байланысты өзгеруі мүмкін)
ОСӨЖ-ді ұйымдастыру
Тақырып және тапсырмалар бойынша кеңес беру
Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттердің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жаттығулар мен жағдайлық есептерді шешу)
Шағын топпен жұмыс жасау.
5. ОСӨЖ-ді қорытындылау
Оқу журналы,
Жаттығулар,
Жағдайлық есептер,
Оқытушыларға арналған сабақ сценарийі келтірілген әдістемелік нұсқау, Силлабус,
«Биологиялық химиядан практикум» (2004ж.), Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1 Бөлім