Биологиялық химия Кафедрасы



бет185/233
Дата02.11.2023
өлшемі0,81 Mb.
#121419
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   233
Байланысты:
Áèîëîãèÿëû? õèìèÿ Êàôåäðàñû

3. Оқытудың міндеттері:
1. Жағдайлық есептерді шығару.
2. Глюкозаның тіндерде тотығу жолдарын қарастыру.
3. Реакцияның жүру жағдайына байланысты глюкозаның тотығуындағы энергияның бөлінуін көрсету.
4. Студенттерді организмдегі глюкозаның катаболизмі кезіндегі энергиялық балансты есептеуге үйрету.
5. Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі қарастыру.
6. Анаэробты гликолиз, аэробты гликолиз, Кори циклы, глюкозаның гликолитикалық жолмен тотығуы, глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы деген түсініктерді енгізу .
7. Студенттерді кәсіби әдебиетпен және интернетпен жұмыс істеуге ынталандыру.


4. Оқыту және сабақ беру әдістері:
Сабақта төмендегідей әдістер пайдаланылады:

  1. Оқытушының жетекшілігімен жүретін студенттердің өзіндік жұмысы (кестелерді толтыру және жағдайлық есептерді, жаттығуларды, тесттерді шығару).

  2. шағын топта жұмыс жасау;

Оқыту құралдары: лекцияның электронды нұсқасы, тесттік тапсырмалар, гликолиз реакциялары келтірілген карточкалар; билеттер.
5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Глюкозаның тотығу жолдары.
2. Гликолиз, реакциялар реті, осы процестің энергиялық құндылығы.

  1. Глюкозаның аэробты тотығуы, сатылары, энергиялық балансы.

4. Шөрнек механизмдері.
5. Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі

  1. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы.

  2. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.

Сабақ сценарийі:



Мазмұны

Сабақтың әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы

Уақыты

  1. Ұйымдастыру

  2. Сабақтан кеңес беру

3. Оқытушының жетекшілігімен жүретін студенттердің өзіндік жұмысы (кестелерді толтыру және жағдайлық есептерді, жаттығуларды, тесттерді шығару).
4. ОСӨЖ қорытындысы



Оқу журналы,
Жазбаша бақылаудың билеттері,
Тесттік тапсырмалар, Жаттығулар,
Жағдайлық есептер, Оқытушыларға арналған сабақ сценарийі бар әдістемелік нұсқау,
Силлабус, Лекцияның электронды нұсқасы (Көмірсулар алмасуы)



  1. 5 мин


  1. 30 мин


  1. 50 мин




  1. 5 мин


1. Ұйымдастыру. Оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дің мақсаты және оқыту міндеттерімен таныстырады, келесі ОСӨЖ-ге үй тапсырмасын береді)
Үй тапсырмасы: Заттар алмасуы. Көмірсулар алмасуы. Көмірсулар алмасуының сатылары. Қан плазмасында гюкозаның мөлшерін анықтау (глюкозооксидазды әдіс және глюкометр арқылы)
қанқа бұлшықетінің анаэробты гликолизін анықтау.
1. Метаболизм, және оның сатылары
2. Тағам көмірсулары, жіктелуі, маңызы.
3. Көмірсулардың ас қорыту жолдарында қорытылуы, көмірсулардың қорытылуына қатысатын ас қорыту сөлдерінің ферменттері.
4. Көмірсулардың сіңірілуі, механизмдері, жеке моносахаридтердің сіңірілуі жылдамдығы.
5. Гликогеногенез. Бұл үрдіс қалай жүзеге асады? Маңызы.
6. Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары: фосфоролиз және гидролиз, маңызы.
7. Бауырда өтетін фосфоролиздің ерекшелігі.
8. Глюконеогенез, осы үрдістің маңызы. Қандай тіндерде басымырақ өтеді? Глюконеогенездің жанама жолдары.
9. Қан құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Гипергликемия, гипогликемия, глюкозурия, глюкозаның «бүйрек межесі (шегі)» туралы ұғымдар.
10. Глюкозаның катаболизмі. Тіндердегі глюкозаның тотығу жолдары.
11. Глюкозаның анаэробты жағдайда ыдырауы. Гликолиз немесе гекзофосфатты жол.
12. Кори циклі, осы процестің маңызы.
13. Глюкозаның анаэробты гликолитикалық тотығуының энергиялық балансы.
14. Глюконеогенез. Осы процестің маңызы. Қандай тіндерде қарқынды өтеді? Глюконеогенездің жанама реакциялары.
15. Глюкозаның аэробты жағдайда гликолитикалық жолмен тотығуы, сатылары, энергиялық балансы.
16. Шөрнек механизмдері. Пастер эффектісі
17. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы.
18. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуының маңызы.
19. Глюкозаның пентозофосфатты және гликолиз жолымен тотығуының ұқсастығы мен айырмашылығы.
20. Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі.
21. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олар түзілетін процестер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет