Биологиялық химия Кафедрасы



бет222/233
Дата02.11.2023
өлшемі0,81 Mb.
#121419
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   233
4. Өткізу формасы:
1)Анимацияны демонстрациялау.
2)Рольдік ойын
3)Тақырып бойынша студенттер түсінбеген сұрақтарға кеңес беру.


5.Тақырып бойынша тапсырма:
1. Анимацияны демонстрациялау: «І механизмдегі G-белоктың ролі және G-белоктың кальций каналдарына әсері».
2.Рольдік ойын «Гипертиреоз және гипотиреоз». Ойын студенттерде коммуникативті дағдының дамуына: нақты сұрақ қоюға, «Дәрігердің» «Пациентпен» және керісінше сөйлесе білуіне, студенттердің бір-бірімен және оқытушымен сөйлесуіне дағдыландырады.

    1. Гипертиреоз.

Ойынға 3 студент қатысады: 1-шісі- «Пациент», 2-шісі- «Дәрігер», 3-шісі– «Комментатор».

    1. Гипотиреоз.

Ойынға 3 студент қатысады: 1-шісі- «Пациент», 2-шісі- «Дәрігер», 3-шісі– «Комментатор».
6.Таратылатын материал: анимация, гормондардың әсер ету механизмдері бойынша дәрістердің электронды нұсқалары, тесттік тапсырмалар, жаттығулар, рольдік ойын сценарийі.
«Гипертиреоз» рольдік ойнының сценарийі
Мәліметтер В.Дж.Маршалл (2000) және Джеймс Е.Гриффиннен (2008) алынды.
«Пациент»
Терісінің ылғалды екеніне, ашуланшақтыққа, эмоциялық тұрақсыздыққа шағымданады. Жүректің қатты соққанын сезіну: тез шаршау, ыстыққа төзімсіздік. Көзінің шарасынан шығуына мазалану және тәбетінің жақсы болғанына қарамастан дене салмағының төмендеуіне алаңдаушылық.


«Дәрігер»
Науқасты қарау барысында оның тамыр соғысының жылдам екеніне (тыныштық күйде минутына 92 рет) және қалқанша безінің сәл ұлғайғанына көңіл бөлінді. Науқас қолын алға созған кезде саусақ ұшының дірілдеуі (тремор) байқалады.
Зертханалық мәліметтер:
Қан сарысуы: ТТГ < 0,1 мЕ/л (норма 0,3-5,0 мЕ/л)
Бос Т4 34пмоль/л (норма 9-26 пмоль/л)
Бос Т3 12пмоль/л (норма 3-9 пмоль/л)
Қалқанша безінің пероксидазасына және тиреоглобулинге аутоантиденелердің жоғары титрі.
Изотоптық сканирлеу қалқанша безінің ұлғайғанын көрсетті.


«Комментатор»
ТТГ мөлшері төмен болғанымен, бос Т4 пен Т3 жоғары концентрациясы тиреотоксикоздың диагностикалық белгісі болып табылады, ал аутоантиденелердің болуы мен сканирлеу нәтижелері Грейвс ауруына (базедов ауруына) тән. Гипофиздің ТТГ-ның секрециясы қалқанша безі гормондарымен (негізінен Т4) теріс кері байланыс механизмі арқылы реттеледі.
Гипертиреоздың жиі көрінісі Грейвс ауруы болып табылады, бұл – қанда тиреоидстимулдеуші антиденелердің (IgG) болуымен сипатталатын аутоиммунды ауру. Бұл аутоантиденелер қалқанша безіндегі ТТГ рецепторымен байланысып, оларды ТТГ сияқты аденилатциклазаны активтендіру және цАМФ-ті түзу арқылы стимулдейді.
Т3 ІІ-лік механизм арқылы әсер етеді, оксидоредуктазалардың синтезін арттырады. Т4 (ІІІ-лік механизм) энергиялық субстраттар үшін митохондрия мембранасының өткізгіштігін арттырады.
Гипертиреоз кезінде БТ күшейеді, бірақ БТ мен ТФ-ң ажырауы байқалады. Бұл көп мөлшерде эндогенді судың түзілуіне (терінің ылғалдануы), дене температурасының жоғарылауына (ыстыққа төзімсіздік), тез шаршауға (АТФ аз түзілуінен) әкеледі. Қоректік заттардың ыдырауы күшейгендіктен, тәбеті қалыпты болса да, дене салмағы азаяды. БТ-ң артуы көп мөлшерде оттегіні қажет етеді, жүрек соғысы мен тамыр соғысының жиілеуі осыған байланысты. Периорбитальды ісіну периорбитальды тіндердің мукополисахаридтермен инфильтрациялануына байланысты, осының нәтижесінде көз шығыңқы болады. Экстраокулярлы (периорбитальды) бұлшық еттің көз орбитасының шектеулі кеңістігінде қалуы көз қозғалысының параличіне (салдауына) әкелуі және бейненің көзге екі еселеніп көрінуі байқалуы мүмкін. Саусақ ұштарының дірілдеуі (треморы) тиреоидты гормондардың жүйке ұштарына еніп, оларды тітіркендіруімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет