Биологиялық химия Кафедрасы



бет171/226
Дата19.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#108785
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

Жаттығулар:
1. Белгісіз ерітінділері бар екі пробиркаға сахаразаның ерітіндісі құйылды. Пробиркаларды 37°С-та 15 минутке термостатқа орналастырды. Содан кейін бірінші пробиркаға Селивановтың түсті реакциясын, ал екінші пробиркаға- Фелинг реакциясын жасады. Екі реакция да оң болды. Қандай пробиркадағы реакция сахаразаның абсолюттік арнайылығын көрсетті? Пробиркада қандай субстрат бар болды? Абсолюттік арнайылық деген не? Оның әсерін тоқтату үшін ерітіндісі бар кез келген ферментке қандай реактив қосуға болады. Ингибирлену жағдайын қалай түсіндіруге болады?
2. 0С, +4°С –та ашытқыны мұздатқышқа салып қойды. Бір тәуліктен кейін ашытқыны глюкозаның ерітіндісіне қосты да 37С-тағы термостатқа салып қойды. Глюкозаның ашуы байқала ма? Неге? Егер оны қыздырса не байқауға болады?
3. Ферменттің әсерінен күрделі зат жай заттарға ыдырады. Ыдырау: а) судың қатысуынсыз жүрді . Фермент қай класқа жатады? б) ыдырау судың қатысуымен жүрді. Фермент қай класқа жатады? Бұл реакция қалай аталады.?
4. Белгісіз ерітіндіге оптималды температурада амилаза ерітіндісі қосылды. Ерітіндіге Люголь ерітіндісін қосқанда сұйық сары түске боялды. Пробиркада қандай ерітінді болды? Қандай өнім түзілді? Дәлелдеңіз.
5.Пробиркаларда альфа- аланин мен альфа – кетоглутар қышқылының қоспасы бар: бірінші пробиркаға – бауыр гомогенаты, екіншісіне- алдын ала қайнатылған бауыр гомогенатын қосты. Пробиркаларды оптимальды температуралық жағдайларға 30-минут уақытқа орналастырады. Қай пробиркада қандай реакция өтеді? Қандай өнім түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар. Неліктен басқа пробиркада реакция өтпейді? Түсіндіріңіз.
6.Жарақатталған жерді сутек асқын тотығын жаққанда газдар бөлінбеді. Бұл құбылыс қандай ауруда байқалады?
7.Феррицитохром с1–ді қандай фермент тотықтырады?
8.Жасушада анаэробты жағдай болды. ҮКЦ реакциялары жүреді ме? Неге?
9. Жасушада АТФ көп мөлшерде және АДФ аз. БТ жылдамдығы қандай болады? Неге?
10.Коэффициент Р/О = 2. Бұл нені білдіреді?
11.Коэффициент Р/О = 1. Бұл нені білдіреді?
12. ҮКЦ 3 молекула НАД-ты тотықсыздандыратыны белгілі. ҮКЦ –ның қандай реакцияларында жүреді?
Кесте: «Тотығу түрлері»

Тотығу түрлері

Соңғы өнім

Ферменттер

Реакциямен мысал келтіру

Оксидазды










Оксигеназды










Пероксидазды










Пероксидті












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет