Биологиялық химия Кафедрасы


Тақырыбы: Биохимияға кіріспе. Күрделі белоктар: хромо-, гликопротеиндер



бет27/226
Дата19.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#108785
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

Тақырыбы: Биохимияға кіріспе. Күрделі белоктар: хромо-, гликопротеиндер.
Мақсаты:Студенттерді биохимия ғылымымен таныстыру. Хромо- және гликопроетиндерге сипаттама беру.
Дәріс жоспары:

  1. Биохимияға кіріспе

  2. Хромо-, гликопротеиндер, құрылысы, ролі, өкілдері



ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
Биохимияға кіріспе
Биохимия – тірі организмнің химиялық құрамы мен ішкі метаболиттер қатысуымен жүретін химиялық үрдістерді оқытатын ғылым. Энзимология, молекулалық генетика, биоэнергетика саласындағы ашылған жаңалықтар биохимияны фундаментальды пәндердің қатарына қосты және биология, медицина, жануарлар мен өсімдіктер саласындағы көптеген мәселелерді шешуде негізгі қажетті сала (пән) жасады.Биохимия дәрігерге ауру және сау ағзадағы өтіп жатқан химиялық үрдістер туралы мәлімет береді, метаболитттер мен ферменттердің көрсеткіштерін диагностика және бақылауда қолдануға мүмкіндік береді. Ол осы үрдістерді басқара отырып рациональды ем қолдануға мүмкіндік береді.
Хромопротеиндер (ХП) - құрылысы, өкілдері, маңызы.
ХП– боялған белоктар (chroma – бояу), жай белоктан және простетикалық топтан тұрады. Простетикалық тобы металл немесе витаминдер есебінен боялған заттар болып табылады. Гемопротеиндер бірнеше кластарға бөлінеді. Гемоглобин жай белок глобин және 4 гемнен (простетикалық топ) тұрады, эритроциттердің негізгі белогы.Негізгі ролі оттекті өкпеден тіндерге (оксигенация) және көмір қышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдау. Гемоглобин буферлі жүйе түзіп қанның қышқыл-сілті балансын тұрақты ұстап тұруға қатысады. (гем құрылысы суретте көрсетілген).
Гемопротеиндердің екінші өкілі–миоглобин 1 гем және 1 п/п ( 153 амин қышқылынан тұрады) тізбектен тұрады. Миоглобин гемі құрылысы жағынан гемоглобин гемімен бірдей. Миоглобиннің ролі миокардта және бұлшық етте оттекті оксигемоглобиннен тыныс алу ферменттеріне тасымалдау .Гемоглобиннің физиологиялық және патологиялық туындылары болады (окси- және карбгемаглобин, карбокси- және метгемоглобин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет