1.Тақырыбы: Белоктар. Белоктардың жалпы қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Белоктардың жіктелуі (жай және күрделі белоктар). Жай глобулярлы белоктар.
2.Мақсаты:
1) Белоктардың жалпы қасиеттері және жіктелуі туралы білімдерін бекіту.
2) Жай глобулярлы белоктар туралы білімдерін бекіту.
3) Кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге студенттерді ынталандыру.
3.Оқыту міндеттері: 1.Оқытушының жетекшілігімен тақырып бойынша жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу.
2. «Белок молекуласының құрылымдары және оларды тұрақтандыратын байланыстар» кестесін толтыру.
3. Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Белоктардың жалпы қасиеттері:
Белоктардың коллоидты қасиеттері. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.
Белоктарды тұнбаға түсу реакциялары және тұздалуы. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.
5. Оқыту әдістері мен құралдары: Аралас әдіс:
Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).
Жазбаша бақылау (билеттер келтірілген).
Оқыту құралдары: оқу кестелері, схемалар, тақырып бойынша сурет, дәрістің электронды нұсқасы.
Бағаланатын құзырлылықтар: «Білім» құзырлылығы жазбаша бақылаудың сұрақтарына берген жауабына, жаттығулар мен есепті орындау сапасына қарай бағаланады.
1. ОСӨЖ-ді ұйымдастыру – оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дің мақсаты және міндеттерімен таныстырып, келесі ОСӨЖ-ге тапсырма береді:
Үй тапсырмасы: