7. Бақылау: Бұл сабақта білім, тәжірибелік дағдылар, коммуникативті дағдылар бағаланады:
Білім құзырлылығын бағалау жазбаша бақылау бойынша жүргізіледі.
Тәжірибелік дағдылар құзырлылығына баға жағдайлық есепті шешуіне қойылады.
Коммуникативті дағдылар құзырлылығына баға студенттің билет сұрақтарына жауап беруі кезінде оқытушымен диалог жасай алуына, өз пікірінде қала білуіне, сөйлесуші адаммен дұрыс қарым-қатынас жасай білуіне қарай қойылады.
Кафедра меңгерушісі
Профессор ____________________________ Плешкова С.М.
№ 1 ОСӨЖ 1.Тақырыбы: Белоктар. Белоктардың жалпы қасиеттері және атқаратын қызметтері. Белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарын ашуға арналған реакциялар.
2. Мақсаты:
Белоктардың атқаратын функциялары мен жалпы қасиеттері туралы студенттердің алған білімдерін бекіту.
Кәсіби әдебиетпен жұмыс жасауда және жағдайлық есептерді шешуде студенттерде дағдылар мен талдай алу қабілеттерін дамыту.
Оқыту міндеттері: Оқытушының жетекшілігімен тақырып бойынша берілген жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу.
«Белок зарядының орта рН-ына тәуелділігі» кестесін толтыру.
Кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге студенттерді ынталандыру.
Өткізу формасы:
Аралас әдіс:
Студенттер қойған сұрақтар бойынша кеңес беру
Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).