Биологиялық тотығу барлық тірі жасушалардың митохондриясында жүретін тотығу реакцияларының жиынтығы болып табылады.Биологиялық тотығудың негізгі функциясы энергия бөлу мен эндогенді су түзу. БТ ерекшелігі: ол біртіндеп жүреді, көптеген аралық сатылар арқылы және протондар мен электрондардың бір ферменттік жүйеден басқасына бірнеше рет берілуі арқылы іске асады.Бұл кезде әр сатыда аз мөлшерде энергия бөлініп отырады.
БТ кезінде барлық ферменттер басында тотықсызданады, одан кейін тотығуы керек, яғни тіндік тыныс алуға қатысатын оксидоредуктазалар ауыспалы күйде бірде тотыққан бірде тотықсызданған күйде болуы мүмкін және олардың тотығу–тотықсыздану потенциалы (ТТП) бар. Оксидоредуктазалардың БТ тізбегінде орналасуы ТТП мөлшеріне байланысты. Олар ТТП өсуіне байланысты орналасады. Мысалы, ТТП ең азы НАД тәуелді ПФ, ал ТТП ең жоғарыысы молекулалық оттек.
БТ дың әр сатысындағы энергия шығымы екі көрші орналасқан ферменттік жүйенің ТТП–ның айырымына бйланысты.Потенциалдар айырымы неғұрлым үлкен болса, энергия шығымы соғұрлым көп болады. (ТТПсхемасын қараңыз).
БТ келесі сатылардан тұрады:
1- сатыда субстрат коферменті НАД болатын пиридин ферментімен (ПФ) тотығады, бұл кезде НАД тотықсызданады. Бұл сатыда аз мөлшерде энергия бөлінеді.
2-саты – НАДН2 коферменті ФМН болатын ФП тотығады, осы сатыда АТФ түзуге жетклікті 46 кДж энергия және біраз жылу бөлінеді.
3 саты – ФПН2 убихинон (КоQ) әсерінен тотығады, КоQ тотықсызданады.Бұл сатыда күкірттітемір белоктар әсер етіп, электрондарды ФПН2 –ден убихинонға береді.
БТ 4 сатысы– субстрат БТ тізбегінің басынан алыстаған сайын сутегі атомындағы протон мен электрон арасындағы байланыс әлсіреп, ол 2 протон мен 2 электронға ыдырайды:
2Н0à 2Н+ + 2ē.
Протон ерітіндіде қалады да, электрондар Цх (Цх – гемопротеин, гемінде ауыспалы валентті Fе бар) жүйесі арқылы оттекке беріледі.
Бұл кезде цитохром b-ның ферриформасы электронды қосып алып, ферроформаға тотықсызданады. Цитохромдар арасында тотығу-тотықсыздану реакцияларының реті – 2Цхbà2Цхс1à2Цхсà2Цхаà2Цха3àО2 ФерроЦхb тотыққанда 43 кДж энергия бөлінеді.
Цха мен Цха3 бір-бірімен тығыз байланысып, цитохромоксидаза (ЦХО) комплексін түзеді. Бұл комплексте ферро цха3 молекулалық оттекпен әрекеттесіп тотығады, оттек ионданады. Сонымен оттек тотықсыздануы үшін 4 электрон қажет.
Цха мен Цха3 тотыққан кезде (102 кДж) энергия және көп мөлшерде жылу бөлінеді.
БТ соңғы сатысында әр активті ионданған оттек тотықсызданған убихинон тотыққан кезде бөлінген 2 Н+ –мен әрекеттесіп эндогенді су түзеді.
Сонымен БТ-ның үш сатысында: НАДН2, ферроЦхb, ферроЦха мен ферроЦха3 тотыққан кезде АТФ түзуге жеткілікті энергия бөлінеді. БТ–дың бұл сатыларын БТ мен ТФ қабысу пункттері деп атайды.