Биологиялық химия Кафедрасы



бет47/226
Дата19.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#108785
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Электрофореграммалардың түрлері

  2. Қалдық азоттың компоненттерін атаңыз.

МАМАНДЫҒЫ: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА


КАФЕДРА: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
КУРС: 2

ПӘН: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ


ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: кафедраның профессор-оқытушылар құрамы


2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №1 29 тамыз 2012 ж.

Бекітілді


Кафедра меңгерушісі
Профессор ____________________________ Плешкова С.М.

1 Сабақ


1.Тақырыбы: Қауіпсіздік техникасының ережелері. Белоктар.
Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жалпы қасиеттері: элементтік құрамының біркелкілігі, жоғары молекулалық масса, мөлшерінің үлкен және белгілі бір пішінде болуы. Ыдырау өнімдерінің ұқсастығы. Белок молекуласындағы амин қышқылдары түзетін байланыс түрлері. Амфотерлік қасиеті. Белоктарға түсті реакциялар. Белок зарядының орта рН-ына және амин қышқылдық құрамына тәуелділігі.

  1. Мақсаты:

  1. Қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру арқылы студенттерде құқықтық құзырлылықты қалыптастыру.

  2. Белоктардың атқаратын функциялары мен кейбір жалпы қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

  3. Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу.




  1. Оқыту міндеттері:

  1. Биохимиялық зертханада жұмыс жасау барысында студенттерді қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

  2. Белоктардың атқаратын функцияларын қарастыру.

  3. Белоктардың элементтік құрамының біркелкілігі, жоғары молекулалық масса, мөлшерінің үлкен және белгілі бір пішінде болуы, ыдырау өнімдерінің ұқсастығы, белок молекуласындағы амин қышқылдары түзетін байланыс түрлерін қарастыру.

  4. Кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге студенттерді ынталандыру.

5. Белоктардың биологиялық функциялары – құрылымдық,жиырылу, қорғаныштық, ферментативті, реттеуші, электротрансформациялау; дисульфидтік байланыс, полярсыз топтың гидрофобты әсерлесуі, түсті реакциялар – белоктарға жалпы және жеке амин қышқылдарын ашатын реакциялар, құнды және құнсыз белоктар туралы жаңа түсініктерді енгізу.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет