Биологиялық химия Кафедрасы



бет61/226
Дата19.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#108785
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»


4 сабақ


1. Тақырыбы: Белоктар. Белоктардың маңызы. Жалпы қасиеттері, жіктелуі. Жай және күрделі белоктардың жеке өкілдері; құрылысы, ролі. Нуклеин қышқылдары. ДНҚ, РНҚ, құрылымдары, маңызы. Белоктарға түсті реакциялар және тұнбаға түсу реакцияларын демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.
2.Мақсаты:
1) Материалдыңмеңгеру тереңдігін тексеру.
2) Зертханалық ыдыстармен және биологиялық материалдармен, реактивтермен жұмыс істеуге дағдыландыру. (жұмыртқа белогы, желатин).
3) Студенттерді кіші топтарға бөле отырып, жұмыс жасату және жаңа терминдер мен ұғымдарды енгізу арқылы коммуникативтік дағдылануды дамыту.
4) Кәсіптік әдебиеттер мен интернетте жұмыс істеуге дағдыландыру.
3.Оқыту міндеттері:
1. Зертханада ерітінділерді қыздырғанда, химиялық реактивтермен, ыдыстармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
2. Керек препараттарды қалай дайындауды үйрету.
3. Түсті реакциялармен және тұнбаға түсіру реакцияларымен жұмыс істеу әдісін үйрету.
4. Зертханалық жұмыстардың негізгі принципін айқындау және олардың клиникалық- диагностикалық маңызын түсіндіру.
5. Биохимиялық реакциялардың нәтижесін дұрыс түсіндіре алу.
6. Студенттерді кәсіптік әдебиеттермен жұмыс ітеуге және интернеттен жаңа ақпараттарды табуға ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Белоктар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері
2. Белоктардың жіктелуі.
3.Жай белоктардың өкілдері (альбуминдер, глобулиныдер, протаминдер, гистондар,
коллагендер, эластиндер, кератиндер), қасиеттері, құрылысы, маңызы.
4.Күрделі белоктардың өкілдері (фосфо,- глико,- хромо,- метало,- липо- және
нуклеопротеиндер), құрылымы, қасиеттері, маңызы.
5.Нуклеин қышқылдары, түрлері, бір-бірінен айырмашылықтары, құрылымы, қасиеттері, маңызы.
6. Түсті реакциялардың жіктелуі, принциптері, тәжірибелік маңызы.
7. Түсті реакциялар арқылы ертіндіден құнсыз белоктарды қалай анықтауға болады?
8. Белоктарды тұнбаға түсіру және тұздалу реакцияларының медицинада қолдану принциптері.
9. Қан сарысуындағы белоктардың гидролиздену дәрежесін биурет реакциясы және аммоний сульфатымен тұздалу реакциялары арқылы қалай анықтауға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет