Биологиялық химия Кафедрасы


Әдістер мен оқытудың тәсілдері



бет62/226
Дата19.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#108785
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

5.Әдістер мен оқытудың тәсілдері:
Аралас-әдіс:

  1. Жазбаша сұрау

  2. Кіші топтармен жұмыс істеу- зертханалық жұмыстарды істеу

Оқыту құралдары: дәрістің электронды нұсқасы, толтыратын кестелер, жұмыртқа белогы, желатин, химиялық реактивтер, зертханалық ыдыстар, жазбаша тексерілетін билеттер, силлабус.


Бағаланатын құзырлылылар:
- Білім – жазбаша сұрақтарға жауап беру арқылы бағаланады.
- Практикалық дағды– зертханада жұмыс істеу сапасына және оларды дұрыс түсіндіре алуына қарай бағаланады.


1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі – оқытушы студенттерді сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстырады. Күрделі сұрақтарды қарастырады.
Үйге тапсырма: Ферменттер
Ферменттердің жалпы қасиеттері және әсер ету механизмдері. Ферменттердің активтілігін реттеу. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы. Гидролазалар: жіктелуі, түзілу орны және жеке өкілдерінің каталитикалық әсері.
Келесі сабаққа өздігінен дайындалуға берілетін сұрақтар:

  1. Ферменттер туралы түсінік.

  2. Бейорганикалық катализаторлар мен ферменттердің әсер ету ұқсастықтары

  3. Ферменттердің жалпы қасиеттері.

  4. Ферменттердіңхимиялық табиғаты.

  5. Ферменттердің құрылымы. Жай (бір компонентті) және күрделі (екікомпонентті) ферменттер.

  6. Ферменттің активті орталығының құрылымы, оның рөлі.

  7. Ферменттің аллостерикалық орталығы деген не , оның рөлі.

  8. Ферменттердің әсер ету механизмі

  9. Ферменттердің арнайылығы: а) субстратты б) арнайылық әсері.

  10. Субстраттыарнайылықтың түрлері.

  11. Ферменттердің әсер ету қуаттылығы.

12. Изоферменттер, олардың диагностикалық маңызы. Мультиферменттік комплекстер, түрлері және маңызы.
13. Ферменттердің активтіліктеріне әсер етуші факторлар (температура, ортаның рН, фермент және субстрат концентрацияларының эффекторлары).
14. Ферменттердің активтіліктерін ингибирлеушілер:
а. конкурентті (бәсекелес)
б. бәсекелес емес ингибирлеушілердің және активтеушілердің типтері.
15. Ферменттердің жіктелуі және номенклатурасы.
16. Гидролазалар, жалпы сипаттамасы. Негізгі топшалары: эстеразалар, гликозидазалар, пептидгидролазалар
17. Эстеразалардың негізгі топшалары: карбон қышқылдары түзетін күрделі эфирлік байланыстарды үзетін эстеразалар (липазалар, А12 фосфолипазалар), фосфоэстеразалар (С, Д фосфолипазалар, АТФ-азалар, глюкозо-6-фосфтатаза) шоғырлануы, каталитикалық әсері.
18. Гликозидазалардың негізгі өкілдері: α-амилаза, γ-амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза, шоғырлануы, каталитикалық әсері.
19. Пептидгидролазалар: эндопептидазалар (пепсин, трипсин, химотрипсин, катепсиндер) және экзопепетидазалар (карбоксипептидазалар, аминопептидазалар, дипептидазалар), шоғырлануы, каталитикалық әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет