5.Оқыту және сабақ беру әдістері: Аралас әдіс: Ағылшын тіліндегі бейне материалды көрсете отырып, ауызша сұрау (үш тілдік бағдарламаға сәйкес) және жазбаша бақылау.
Рольдік ойын;
Бақылау жұмысы;
Зертханалық жұмыс;
Оқыту құралдары: тақырып бойынша кестелер, схемалар, тестік тапсырмалар, бейнефильм (ноутбуктың жұмыс үстелінде).
Сабақтағы құзырлылықты бағалау әдістері:
«Білім» құзырлылығын бағалау – жазбаша және ауызша сұраудың сұрақтарына берген жауаптарын, рольдік ойынға, үй тапсырмасын (жаттығулар, тесттер, жағдайлық есептер) тексеру бойынша іске асады.
«Тәжірибелік дағдылар» құзырлылығы гипо-, гипервитаминоздардың клиникалық көріністері бойынша алған білімдері негізінде осы күйлерді болжай алу бойынша бағаланады.
1.Сабақты ұйымдастыру – сабақтың мақсаты және міндеттерімен танысу. Қиын сұрақтарды анықтап, оларға ауызша талдау барысында жеке тоқталу.
Үй тапсырмасы: Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның негізгі сатылары. Метаболизмнің анаболикалық және катаболикалық жолдары. Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогенолиз, гликогеногенез. Тіндердегі глюкозаның өзгерістері.
Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар: Метаболизм, оның негізгі сатылары.
Тағам көмірсулары, олардың жіктелуі, маңызы.
Көмірсулардың қорытылуы.
Жекелеген моносахаридтердің сіңірілу механизмдері мен жылдамдығы.
Гликогеногенез, түсінік, осы үрдістің биологиялық ролі.
Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары, маңызы.
Бауырдың глюкостатикалық қызметі.
2. Ауызша сұрау төмендегі сұрақтар бойынша жүргізіледі:
А витамині, каротиндер, құрылысы, биологиялық ролі.
А витаминінің тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, авитаминозы.
құрылысы, ролі.
Д витамині, құрылысы, биологиялық ролі, активті алмасу формалары.