Биологиялық химия Кафедрасы


Жағдайлық есептер (тәжірибелік дағдыларды қабылдау)



бет98/226
Дата19.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#108785
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

Жағдайлық есептер (тәжірибелік дағдыларды қабылдау).

  1. Пробиркада белок бар. Осы белоктың құрамында фосфор қышқылының қалдықтары, пентоза және пуриндер бар екенін дәлелдеу үшін қандай сапалық реакциялар жүргізу керек? Егер осы сапалық реакциялар оң болса, онда пробиркада қандай күрделі белоктың болғаны?

  2. Пробиркада белок ерітіндісі бар. Қандай сапалық реакциялар арқылы осы белок ерітіндісінде алмастырылмайтын амин қышқылдары бар екенін анықтауға болады?

  3. Белок ерітіндісімен сапалық реакциялар жүргізгенде анықталды: Молиш реакциясы – оң, Адамкевич реакциясы – теріс. Ерітінде белоктың қай өкілі бар? Осы белок құнды ма, әлде құнсыз ба?

  4. Екі пробиркада күрделі белоктардың ерітінділері бар. Бірінші пробиркада – күміс сынамасы – оң, молибден реактивімен реакция – оң, Фелинг реакциясы – оң. Екінші пробиркада – күміс сынамасы мен Фелинг реакциясы – теріс, молибден реактивімен реакция – оң. Зерттелетін белок ерітінділері күрделі белоктардың қай класына жататынын анықтаңыз. Бұл сапалық реакциялар қандай заттарды ашуға қолданылады? Белок құрамында фосфор қышқылы бар екенін дәлелдеу үшін қандай реакциялар қолданылады?

  5. Қан сарысуына аммоний сульфаты ерітіндісін қаныққанға дейін қосқанда белок тұнбаға түсті. Қандай белок тұнбаға түсті? Бұл белок неліктен тұздың қаныққан концентрациясымен тұнбаға түседі? Қан сарысуындағы альбуминдер мен глобулиндерді бір-бірінен қандай әдіс көмегімен бөлуге болады?

  6. 5 пробиркада белок ерітіндісі болды. 1-ші пробиркаға мочевина, 2-шісіне – алкалоидты реактив, 3-шісіне – мыс сульфатын, 4-шісіне – концентрлі минералды қышқыл, 5-шісіне – сілті қосты. Осы пробиркалардағы белокта қандай өзгеріс болады? Қай пробиркада белоктың дегидратациялануы жүреді? Қай пробиркада белок заряды өзгереді немесе бейтараптанады немесе ерімейтін комплекс түзіледі?

  7. Қандай сапалық реакциялар немесе реактивтер көмегімен белоктың қышқылдық гидролизінің сатысын анықтауға болады? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

  8. Белоктың қышқылдық гидролизін жүргізгенде анықталды: биурет реакциясы – оң, тұздалу кезінде тұнба пайда болды. Белоктың қышқылдық гидролизінің сатысын анықтаңыз.

  9. Зерттелетін ерітіндімен сапалық реакцияларды жасағанда анықталды: Шульце-Распайль реакциясы – оң, Милон реакциясы – теріс. Қандай тұжырым жасауға болады? Аталған сапалық реакциялар қандай амин қышқылдарын ашады. Осы реакциялар арқылы белок құндылығын анықтауға болады ма?

  10. Рибонуклеопротеиннің жартылай гидролизі өткізілді. Гидролизат құрамында УМФ, ц.АМФ, д.АМФ, ГТФ, УДФ бар екенін анықтауға болады ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

  11. Буферлік ерітіндісі бар (рН-1,5) пробиркаға амилаза ерітіндісін қосты, сосын крахмал ерітіндісін қосты, 10 минуттан кейін Люголь реактивін қосты. Қандай түс пайда болды? Неге?

  12. 0С –та ашытқыны тоңазытқышқа салып қойды. Бір тәуліктен кейін ашытқыны глюкозаның ерітіндісіне қосты да, 37С-тағы термостатқа салып қойды. Глюкозаның ашуы байқала ма? Неге?

  13. Крахмал ерітіндісі бар пробиркаға амилаза ферментін қосты және 10 минуттан кейін 2 тамшы йод қосу арқылы реакция нәтижесін тексерді. Қандай түс пайда болды? Неге? Крахмал декстринизациясы дегеніміз не?

  14. Сахароза ерітіндісі бар пробиркаға сілекей амилазасын қосты және 10 минуттан кейін Фелинг реактивін қосу арқылы реакция нәтижесін тексерді. Реакция нәтижесі оң болады ма? Неліктен?

  15. Ажыратушы агент (БТ мен ТФ-тің ажыратушысы) 2,4-динитрофенолды семіздікпен күресу препараты ретінде пайдалану кері әсерлер туғызды: жалпы әлсіздік, дене температурасының көтерілуі, кейбір жағдайда өлімге де ұшыратты. 2,4-динитрофенолды салмақ түсіруге арналған препарат ретінде қолдану неге негізделген? Қай процестің бұзылуы байқалады? Науқастың өлімге ұшырау себебін қалай түсіндіруге болады?

  16. Адамның көз жанары мен қасаң қабығы жарықты сындырады, сондықтан олардың жасушаларында митохондриялар жоқ. Осы тіндердің жасушаларында АТФ қай жолмен синтезделеді? Митохондриядағы электрондарды тасымалдайтын тізбектің қатысуынсыз АТФ синтезін қамтамасыз ететін процесті атаңыз. Оның энергетикалық эффектісін бағалаңыз.

  17. Аурухананың қабылдау бөліміне түскен науқас кеуде астының, көкірек тұсының ауыратынына және өзін нашар сезінетініне шағымданды. Қабылдау бөлімінің дәрігері биохимиялық зерттеулер арқылы АСТ-ның көрсеткіштері жоғарылағанын анықтады. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай биохимиялық көрсеткіштерді анықтауды тағайындау керек? Осы науқасқа қандай болжам диагноз қоюға болады?

  18. Науқастың ұйқы безі зақымданған. Науқаста липидтердің қорытылуына қатысатын қандай ферменттердің түзілуі бұзылған? Нәжістің анализінде қандай өзгерістер байқалуы мүмкін? Зәрдегі қандай көрсеткіш ұйқы безі қызметінің бұзылғандығы туралы білдіреді?

  19. Қан сарысуындағы ферменттердің актвитілігін зерттеу үшін пробиркаға субстраттар қоспасы (аланин+α-кетоглутарат), қан сарысуы және қажетті реактивтер қосылды Қандай ферменттің активтілігі осылайша анықталады? Қандай реакция өнімдері түзіледі? Осы ферменттің диагностикалық маңызы және құрылысы.

  20. Бауыр зақымданған кезде қан сарысуында қандай ферменттердің активтілігі артуы мүмкін? Бұл ферменттер қандай реакцияларды катализдейді? Осы ферментердің құрылысы.

  21. Науқас сәбидің басы үлкен, еңбегі қатпаған, қарны үлкейген, тістерінің шығуы кешеуілдеген. Ауруға диагноз қойыңыз. Қандай витаминмен емдеуге болады? Осы витамин және оның активті алмасу формалары қайда және қалай түзіледі? Витаминнің биологиялық ролі.

  22. Науқастың кешқұрым көзі көрмейді. Терісі құрғап, түлеген, көздің қасаң қабығының құрғауы байқалады. Қай витаминнің жетіспеушілігі осы авитаминозды тудырады? Витаминнің биологиялық ролі. Бұл витаминнің тәуліктік қажеттілігі. Осы витамин және оның провитаминдері қандай тағамда кездеседі?

  23. Науқас әйел бұлшық еттерінің әлсіздігіне, бірнеше рет түсік тастағанына, ерте түсік түскеніне шағымданады. Қандай витаминмен емдеуге болады? Бұл витаминнің тәуліктік қажеттілігі. Осы витамин қандай тағамда кездеседі?

  24. Науқастың мұрны қанайды, асқазан-ішек жолдарынан қан кетеді. Хирургиялық операция кезінде де көп қан кетеді. Бұл жағдай қандай витаминнің жетіспеушілігінен болады? Бұл витаминнің тәуліктік қажеттілігі. Осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы?

  25. Науқастың тілі мен және ернінің кілегей қабықтары қабынған (алқызыл түсті), езуінде сызаттар бар, көздің қасаң қабығында қабыну мен васкуляризация (қан тамырларының тамырлануы) процестері, катаракта (хрусталиктің тұмандануы) байқалады. Науқасты қандай витаминмен емдеуге болады? Осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы?

  26. Науқастың психикасы бұзылған, есте сақтау қабілеті нашарлаған, сандырақ, асқа тәбетінің болмауы, жүрек қағысының жиілеуі, жүрек аймағының ауыруы, шеткі жүйке жүйесі бойынша ауырсыну, балтыр бұлшық етінің ауыруы байқалады. Науқасқа диагноз қойыңыз. Қандай витаминмен емдеуге болады? Осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы?

  27. Науқаста асқазан сөлінің қышқылдығы төмендеген, анемия (қан аздық), фоль қышқылымен емдеуге келмейтін анемия. Оны қандай витаминмен емдеуге болады? Витаминнің биологиялық ролі. Осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы? Неліктен бұл авитаминоз асқазан сөлінің қышқылдығы төмендеуімен байланысты?

  28. Науқас ашуланшақ, басы айналады, іші өтеді, іші бүріп ауырады, бет, мойын, қол терісі симметриялы түрде зақымданған. Қандай витаминмен емдеуге болады? Осы витаминнің химиялық табиғаты мен биологиялық әсерін сипаттау. Осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы. Антивитамині.

  29. Науқас сульфаниламидті препараттар мен антибиотиктерді көп мөлшерде қабылдағандықтан, дерматит дамыды. Бұл дерматит бүкіл денесінің қабына қызаруымен, терісінің қабыршақтануымен және шашының түсіп, тырнақтарының зақымдануымен сипатталады. Егер В5 және В6 витаминдерімен емдеу нәтиже бермесе, қандай витаминмен емдеуге болады? Осы витаминнің биологиялық ролі. Осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы. Антивитамині.

  30. Туберкулезге қарсы препараттармен (тубазид, фтивазид) ұзақ уақыт емделген соң науқаста ашуланшақтық, кейде тырыспа, дерматит, жиі стоматит пайда болды. Бұл науқасқа қандай витаминді (витаминнің химиялық, биологиялық атын және әріптік таңбасын көрсету) ұсынуға болады? Бұл витаминнің биологиялық ролі. Осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы. Антивитамині.

  31. Дәрігердің қабылдауына жеміс және көкөніс қолданбайтын, термиялық өңделген тағамды көп тұтынатын науқас келді. Науқас жалпы әлсіздікке, оның ішінде жүрек әлсіздігіне, тәбеттің болмауына, қызыл иегінің қанталауы мен ісінуіне, тісінің босаңсуына, буынының ауырсынуына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Тексеру барысында теріде көптеген нүктелі қан құйылу ошақтары, тері жабындыларының бозаруы анықталды. Мұндай көріністер қай витамин жетіспегенде байқалады? Бұл науқасқа қандай витаминді (биологиялық, химиялық атын және таңбасын көрсету) тағайындауға болады және оның профилактикалық дозасы қандай? Бұл витаминнің жеткілікті мөлшері қай тағамның құрамында болады? Бұл витаминнің биологиялық ролі. Осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.

  32. Қандағы глюкоза мөлшері 9,0 мМоль/л. Осы жағдай қалай аталады? Глюкоза зәрде пайда болуы мүмкін бе? Бауырда қандай процестер күшейеді?

  33. Ұзақ уақыт және қарқынды дене еңбегімен айналысқаннан кейін науқастың қанындағы лактат деңгейі артты. Ол бұлшық етінің ауырсынуына шағымданады. Біраз уақыттан соң бұлшық еттің ауырсынуы басылды. Қандағы лактат мөлшерін екінші қайта анықтағанда, ол қалыпты болды. Бұл феноменді қалай түсіндіруге болады? Пируваттың пайдаланылуы мен қандағы лактат деңгейін қалыпқа келтіру үшін қандай витаминді тағайындауға болады? Қандай патологиялық жағдайларда лактат концентрациясы артады және бұл немен байланысты?

  34. Аэробты жағдайда глюкозаның 1,3-дифосфоглицератқа айналуы кезінде қанша АТФ молекуласы түзілетінін есептеңіз.

  35. Аэробты және анаэробты гликолиз бір-бірінен қалай ерекшеленеді? Анаэробты жағдайдағы гликолиз реакцияларында түзілген НАДН2-деналынған сутектің соңғы акцепторы қай метаболит болып табылады? Қайда және қандай физиологиялық күйде организмде лактат жиналады, оның өзгерістері?

  36. Науқас сәбиде тырыспа жиі байқалады, тексеру барысында оның бауырының көлемі ұлғайғаны байқалады. Қандағы лактат пен пируват мөлшері артқан, гипогликемия байқалады. Оған адреналин енгізгенде, қандағы қант мөлшері артпады, лактат мөлшері артты. Көмірсулар алмасуында қандай бұзылыстар байқалады?

  37. Егер жасушада ҮҚЦ мен электрондардың тасымалдану тізбегі тежелсе, глюконеогенез өтеді ме?

  38. Гликолиздің қай метаболиті тотығады, ал қайсы метаболиті гликолиз барысында тотықсызданады?

  39. Бауырда лактаттан глюкозаның 1 молі синтезделуі үшін қанша АТФ қажет?

  40. Глюкозаның аэробты ыдырауы кезінде қанша молекула НАД тотықсызданады, оның өзгерістері (аэробты жағдайдағы)?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет