Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды
Негізгі бөлім
Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ КЛИМАТЫНЫҢӨЗГЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1992 жылы қабылданған Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Халықаралық Рамалық конвенциясы дүние жүзі мемлекеттерінің алдына климаттың жылынуы мен оның зиянды зардаптарын болдырмау мәселелерін қойды. Климаттың өзгеруі туралы конвенция адамзат назарын төтенше бұзылуларға аударып отыр. Олар ең алдымен планетаның атмосферасымен өзара әрекеттесетін және атмосферадан тарайтын күн энергиясының жолын өзгертеді. Осының нәтижесінде ғаламдық климаттың өзгеру қауіпі туып отыр. Бұдан туындайтын негізгі салдар — жер бетінің орташа температурасының көтерілуі және ауа райының кең ауқымды аймақтарда өзгеруі т.б. эффектілер болуы мүмкін
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ
Қазақстан территориясының 3,8-ы орманды жерлер алып жатыр. “Қазақстан-2030” стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1% -ке дейін көтеру жоспарланған.50 мың га орман алқабында зиянкестер мен аурулар анықталған. Ең ірі орманды территориялар Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында анықталған.Орманды далалы алқапқа – Қазақстанның солтүстігіндегі шоқ болып өсетін қайыңды ормандары жатады. Бұл ормандарда өсетін ағаш тұқымының көбі қайыңнан құралады. Одан басқа мұнда терек, ал бұталардан түрлі талдар, қарақаттар, дала шиесі, мойыл, итмұрын, тобылғы кездеседі
Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты сулардың деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерден жағдайы нашарлады, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды.Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде — даланың шөптесін өсімдіктері басым. Далалы жерлерге орман отырғызу тәжірбиесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар 15-20 жасқа жеткенде өздігінен кеуіп кетеді.
Арал теңізіңің экологиялық мәселелері. 60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тәнь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-тен астам қысқартып жіберді.Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманға қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстанда халық санының тұрақты кемуі сақталып отыр. Қазақстандықтардың жалпы саны 1987 жылы 1,2% кеміген.Халық санының кемуі туылғандар санының кемуі мен мигранттардың санының артуына байланысты болып отыр.5 жылдағы жалпы туылу коэффициенті әр 1000 адамға 19,1-ден 14,7 төмендеген. Осының нәтижесінде табиғи өсім 2,1 есе кеміді.1997 жылы туылудың кемуі барлық аймақтарда байқалды, ал Орталық Шығыс, кейбір Солтүстік облыстарды және Алматы қаласында депопуляция байқалып отыр. Яғни өлгендердің саны туғандардан артық.Өлімнің негізгі себебін қан айналу жүйесінің аурулары құрайды. 1996 жылмен салыстырғанда жұқпалы және паразиттік аурулардан 17%, ал туберкулезден 5%-ке өлім саны артық.Соңғы бес жылда балалардың өлімі төмендеп, 1993 жылмен салыстырғанда 3,9 промиллеге төмендеп, 1997 жылы 1 жасқа дейінгі 1000 адамға 24,2 өлген балалар саны сәйкес келген.Мемлекет аралық көші-қон айнлымында (көшіп келген және көшіп кеткен) Қазақстанда соңғы 5 жылда 1997,5 мың адам қатысты. Алыс шет елдерден де көшіп келгендер 25 мың адам, алыс шет елдерге көшіп кеткендер 440,4 мың, жақын шет елдерден көшіп келгендер саны 319,8 мың, көшіп кеткендер 1212,3 мың адамды құраған.