Кіші нысан лупа сияқты окулярдың көмегімен шын (нақты), үлкейтілген кескінін беретін объективтің алдыңғы жағындағы фокусына (денеге бағытталған линзалар жүйесі) орналастырылады. Микроскопта жарықтандыру конденсордың көмегімен (объективте жарықты шағылдыратын линзалар жүйесі) жүзеге асырылады.
Микроскоптың оптикалық жүйесі фокустық ара қашықтығы f1 (бірнеше мм) көп линзалы күрделі обьективтен және фокус арақашықтығы f2 (бірнеше см) болатын окулярдан тұрады. Обьектив фокустың алдында орналасқан AB денесінің нақты, төңкерілген және үлкейтілген А’В’ кескінін береді. Аралык кескінді окуляр аркылы бакылаймыз. Нәтижесінде үлкейтілген жалған кескін көздің қалыпты аккомодация шартында бақыланады.