Биологиялық тотығу үрдісінде босап шыққан энергияның жұмсалу жолдары



бет3/4
Дата06.02.2023
өлшемі80,11 Kb.
#65493
1   2   3   4
Байланысты:
81630 (копия)

Зат алмасу реттелуі

Организмге қажетті энергия және құрылыс (пластикалық материалдар) тағам құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Негізгі 3 түрлі макронутриенттер: белоктар, май, көмірсулар организмде тотыққанда энергия бөледі. Ол организмнің әртүрлі қажеттілігіне жұмсалады.

Белок алмасуы.

Белок алмасуы.

  • Белок- денеге қажет аса маңызды қоректік зат әрі жасуша негізін құратын құрылыс материалы.
  • Ферменттер белоктардан тұрады. Дененің негізгі функцияларының орындалуына қатысады: тыныс алу, ас қорыту, сыртқа шығару, қорғаныс қызметі, гормондар.
  • Қозғалу қызметі( актин, миозин).
  • Белок –қуат қоры. Тәуліктік нормасы: 90-100г. белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі( олар орны толмас амин қышқылдары: лейцин, изолейцин, метионин, гистидин, аргигин, триптофан, лизин, треонин).

Денедегі белок алмасу дәрежесін зерттеу үшін алдымен азот тепе-теңдігі (балансы) тексеріледі.

Азот тепе-теңдігі

Ас пен бірге ас қорыту жолына түскен соң, денеге сіңген азоттың мөлшері несеп, тер және нәжіс арқылы денеден шығатын азоттың мөлшері тең болса, бұл азот тепе-теңдігі деп аталады. Денеге келіп түскен азот одан шығарылып тасталған азоттан басым болса, азот тепе-теңдігі оң деп есептеледі (өсіп кележатқан жас организмде, екі қабат әйелдерде кездеседі). Сыртқа шығарылған белок қалдықтарындағы азот мөлшері денеге сіңген белоктағы азоттан басым болса, азот тепе-теңдігі теріс деп аталады. (белогы аз тағамдармен тамақтанғанда).

Белок алмасуының реттелуі.

Белок алмасуының реттелуі.

Белок алмасуын реттейтін орталығы –гипоталамустың сұр затында. Гипоталамустың әсері вегетативтік жүйке жүйесі мен ішкі сөлініс бездер арқылы реттеледі. Симпатикалық жүйке жүйесі диссиммиляция, ал парасимпатикалық ж.ж. ассиммиляция үрдістерін күшейтеді. Белок синтезін соматотропин, тироксин гормондарда күшейтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет