Биоэтиканың негізгі міндеті — биомедициналық ғылым мен практиканың тоқтаусыз тудырып жатқан «туындыларына» қатысты күрделі моральдық проблемалар бойынша əр түрлі ұстанымдардың туындауына ықпал ету. Мысалы:
адамды клондауға бола ма;
генетикалық əдіс-тəсілдермен адамдардың (жоғары дене жəне интеллектуалдық сапалы) жаңа «породаларын» жасауға жол беруге бола ма;
қайтыс болған адамның туысының рұқсатын сұрау қажет пе, егер оның дене мүшесін басқа адамға ауыстырып салғанда.