Биоэтика — биологиядағы этикалық мәселелерді қарастыратын ғылым. Адам ғұмырын ұзарту, жасанды адамдарды өмірге келтіру және бейімдеу, талантты тұлғаларды генетикалық тәсілдермен сұрыптау, тұқым қуалайтын сырқаттармен күрес, адам ағзаларын дәрігерлік мақсаттарға пайдалану, т.б. қазіргі заманның өзекті мәселелеріне айналып отыр.
Биоэтикалық зерттеулерде моральдік қасиеттер бүкіл тіршілікті қамтитын эволюция арқылы сарапталады, оның алға жылжуына септігін тигізетіні — оң құндылыққа, қарсы әрекет ететіні теріс құндылыққа жатады. Биоэтика эволюциялық этика, экологиялық этика, әлеуметтік биология сияқты ағымдармен қатар дамыды. Биоэтиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар: Г. Спенсер, Тейяр де Шарден, К. Уоддингтон, Д. Козловский, т.б. Биоэтикалық мәселелер қазіргі ғаламдық парадигмалармен тығыз байланысты