3. Қолданыстағы тәжірибесін зерттеу арқылы техно гендік апаттар мен қарулы қақтығыстарды толық жоюға қол жеткізу.
4. Қарқынды дамыған технологиялардың есебінен ауылшаруашылығында пайдаланылатын жер аумағын азайту. Өсімдіктер мен жануарлардың жабайы түрлерін пайдалануды азайту. Жасанды жолмен жаңа түрлерін шығару.
5. Түр санын жаңғыртудың механизмін үйрене отырып, өсімдіктер мен жануарлардың табиғи экожүйеде сирек кездесетін түрлерін қайта қалпына келтіріп, сақтау.
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ полигонының құрылуы болды.
Радиоактивті заттармен тек Семей облысы ғана емес, сонымен бірге оған шегаралас жатқан көптеген аумақтар (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстарымен бірге Ресей Федерациясының Алтай өңірі) ластануға ұшырады.
Белгілі ақын О. Сүлейменовтің басшылығымен құрылған «Семей–Невада» экологиялық қозғалысы қызметінің арқасында Семей полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салынды.
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев республикамызда ядролық сынақтар жасауға тыйым салатын мораторий (1991 жылы 29 тамызда Елбасының «Семей ядролық сынақ полигонын» жабу туралы Жарлығы) жариялады.
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев республикамызда ядролық сынақтар жасауға тыйым салатын мораторий (1991 жылы 29 тамызда Елбасының «Семей ядролық сынақ полигонын» жабу туралы Жарлығы) жариялады.
Бүкіл дүниежүзінің назарын аударған Қазақстандағы едәуір күрделі экологиялық мәселелерінің бірі – Арал теңізінің тартылуы. Оның негізгі себебі мақта және күріш егуге Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын тиімсіз пайдалану болды.
Қазақстанның мұнай-газ саласының қарқынды дамуының нәтижесінде пайда болған экологиялық мәселе – Батыс Қазақстанның үлкен аумақтарының улы заттармен ластануы.
Каспий теңізінің түбінен мұнай өндіру тірі табиғатқа қауіп төндіріп тұр.