«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты:
9.2.4.1 Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын,қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
9.3.1.1 Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру.
Бағалау критерийі:
Білім алушы
Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады.
Мәтінге күрделі жоспар құрастырады.
Ойлау дағдысының деңгейлері:
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты:
15-20 минут
1-тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.
А мәтіні Қытай ғалымдары адам мүшелерін өсіріп шығарудың жаңа технологиясын сынақтан өткізіп, есту мүшелері кем балаларға көмектесті. Бұл зерттеу туралы «EBioMedicine» журналында жарияланған.
Пациенттер – микротия ауруымен туған бес бала: олардың құлақ қалқаны дұрыс дамымаған немесе құлақ қалқаны мүлдем жоқ. Әдетте мұндай жағдай құлақта жиі кездеседі. Ғалымдар пациенттердің сау құлағының пішінін негізге ала отырып, 3D-принтерлі төсемеде басып шығарып, оған пациенттің жасушаларын сеуіп тастаған. Жасушалар үш ай ішінде өсіп шыққан соң, құлақ қалқанын балаларға отырғызады.
Операциядан кейін екі жыл өткенде бес пациенттің төртеуінің отырғызылған құлақтарында шеміршек пайда бола бастады, ал үшеуінің құлақ қалқаны сау пішінге айналды, екі баланың құлағы біршама қисық болып қалады. Бірақ та мүшені қабылдамау бірде-бір балада байқалмады.
Адам мүшелерін өсіріп шығарудың бұл тәсілі айтарлықтай қымбат болғанымен, ғалымдар одан әрі дамытуды және оны қолданудың жаңа амал-тәсілдерін іздестіруді жоспарлап отыр. Олар: «Бұл жұмыс құлақ пен басқа да шеміршектен тұратын мүшелерді ұлпалық инженерия негізінде қайта қалпына келтіруге қатысты амалдардың өте жақын арада медициналық практикаға енетінін айқын дәлелдеді»,–дейді.(165 сөз) kz/zha-aly-tar/gylymi-zhanalyktar/663