Биотехнология және гендік инженерия келешегі Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану


Эссе тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдарындағы журналистің ұстанымы қалай болуы тиіс?



бет16/25
Дата18.10.2023
өлшемі60 Kb.
#119024
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
2 5458366089857608822

Эссе тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдарындағы журналистің ұстанымы қалай болуы тиіс?


Бұқаралық ақпарат құралдары
А мәтіні
Газет мақаласынан үзінді


Журналист кез келген дерек пен оқиғада бейтараптылық танытқаны абзал - Қуандық Шамахайұлы
Қазақ журналистикасының бүгінгі жай-күйін бағамдап, ой бөлісуге осы саланы тереңдеп зерттеп жүрген белгілі ғалым Қуандық Шамахайұлын әңгімеге тартқан едік.
- Қазіргі күні еліміздегі отандық теле-радиолардың жұмысы қоғамның рухани сұранысын толық орындай алып отыр ма?
- Әрине, отандық телерадио журналистика үнемі даму үстінде. Белгілі деңгейде қоғамдағы рухани сұранысты қанағаттандырып отырған тұстары да баршылық. Оқиғаны өтіп жатқан ыстық ошағынан дер кезінде жеткізуге міндетті телевизия журналистері үшін өздерінің әр қадамдарына мұқият болу талап етіледі.
-Бүгіннің өзінде газет-журналдардың орнын түрлі порталдар мен сайттар ауыстырып жатыр. Бұл тұрғыда не айтасыз?
- Адам баласы пайда болған кезден бастап, бүгінгі күнге дейін әртүрлі қарым-қатынас деңгейінде сан қилы тәсілдер мен құралдар арқылы өзара байланыс жасады. Қазақ даласында тасқа қашалған таңбадан бастап, түрлі ою-өрнектер де ақпарат алмасудың белгілі бір қызметін атқарды. Айталық, жеті өзенді асырып ұзатылған қазақ қызы төркініне өз қолымен кестелеген түскиіз немесе сырмақ, орамал секілді бұйымдарды Атыраудан Алтайға жолаушылар арқылы сәлемдеме етіп беріп жібереді. Оны алған ата-анасы, туыс-туғандары кестенің түр-түсі, ою-өрнегіне қарап қыздарының сары түсті көбірек қолданған болса, сағыныштан сарғайып жүргенін, жасыл, көк түс басым болса, жағдайының жайлы екендігінен хабардар болып отырған. Өзге де қуаныш пен қайғыны, сәттілік пен қиындықты бейнелейтін ою-өрнектің неше түрлісі болған екен. Кейін жазудың пайда болуы хат алмасуға, пошта, телефон, радио, телевизия секілді құралдардың өмірге енуі байланысты одан ары жетілдіре түскені аян. Әрине, бұл саладағы тиімді құрал өмірімізді өзгерту үшін жасалған Интернет екендігі белгілі. Интернет басылымдар пайда болып, өз қолданушылары мен оқырмандарын тапты. Мұны өз басым дәстүрлі журналистиканы ығыстыру немесе оны бұқаралық ақпарат алаңындағы тағынан түсіру деп санамаймын. Алғаш радио, кейінтелевизияпайдаболғанда да газет-журналдыңкүнібіттідейтіндерболған. Бірақ, бүгінгітаңдабәрі де өзорындарынсақтапқалды. Біріекіншісініңорнынтолтырып, қоғамғақызмететеберетіні басы ашықәңгіме. Сондықтан, газет-журналдардыңорнынтүрліпорталдар мен сайттарауыстырыпжатырдегенменкеліспеймін. Ауыстырыпжатқанжоқ. Керісінше, БАҚ қатарынақосылып, ақпаратайдынындаөзорнынтауыпжатыр.

Ә мәтіні
Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын осы бір кәсіп иелерінің қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Ал сіз журналист деген кім және оның алғашқы ұшқындарының қалай пайда болғандығын білесіз бе? Журналист мамандығы қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саяхатпен, ақпараттар теңізімен тығыз байланысты және бұл мамандықтың иесі бәрінен де бірінші хабардар болуы керек. "Журналистика" термині француз тіліндегі «journal» сөзінен шыққан. Бұл – "күнделік", "журнал" деген мағынаны білдіреді. Ағылшын тілінде осыған ұқсас «journalism», неміс тілінде «Journalistik» деген сөздер бар. Ел аузында журналист мамандығын "екінші көне" мамандық деп атау қалыптасқан. Сөздің жаны бар, себебі Ежелгі Рим мен Грекия жерінде "журналистер" – шешендер, жаршылар мен хабаршылар бар болатын. Олар патша жарлығын халыққа жеткізу үшін қызмет ететін. Ежелгі Египеттегі перғауындар сарайында папирустан оралған газеттердің шығып тұрғандығы белгілі. Рим жерінде Юлий Цезарьдың айтқандары бірнеше дана болып жазылып, халыққа таратылғандығы да тарих беттерінде айтылады. Нағыз репортерлік қызметті француздар дамытты. Олар алғашында қала көшелеріне жиналып, Париж жаңалықтарымен бөлісетін, кейіннен олардың арасынан жаңалық таратумен арнайы айналысатын адамдар бөлініп шыға бастады. Ең алғашқы "журналистерді" бай париждіктер арнайы шақыртып, ақпарат сұрайтын болған. Ал нағыз журналистика баспа үйлері ашылып, кітап басып шығару үрдісі дамығаннан кейін пайда болды. Алғашқы газеттерде саудагерлер және олардың тауарлары, сауда жолдары, тауар бағасы жазылатын еді. Қазақ баспасөзінің де халықтың саяси ой–пікірін оятып, дүниетанымын байытуға едәуір әсері болды. («Егемен Қазақстан» газеті)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет