Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» кмм директоры 2023 жылғы № бұйрығына қосымша Білім беру ұйымдарының 5-7 сынып және 8-10 сынып оқушылары арасында «Қазақ қоғамындағы би-шешендер мұрасы»



бет1/3
Дата12.03.2023
өлшемі35,06 Kb.
#73470
  1   2   3
Байланысты:
Ғылыми жоба 07.04.23ж (3)



Түркістан облысы «Білім беруді дамыту
орталығы» КММ директоры
2023 жылғы «_____»____________
________ бұйрығына қосымша
Білім беру ұйымдарының 5-7 сынып және 8-10 сынып оқушылары арасында
«Қазақ қоғамындағы би-шешендер мұрасы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-жоба байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы
ЕРЕЖЕ


1- ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

    1. Осы Ереже облыстық 5-7 сынып және 8-10 сынып оқушылары арасында «Қазақ қоғамындағы би-шешендер мұрасы» тақрыбындағы облыстық ғылыми-жоба байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізу және оған қатысу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

    2. Байқау оқу үдерісінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми-әдістемелік қолдауға бағытталған.

    3. Байқауды Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығы мен Түркістан қаласындағы «Қазыбек би», «Төле би» қоғамдық қайырымдылық қорларының мүшелері өткізеді.

    4. Байқауға білім беру ұйымдарының қазақ, орыс, өзбек, тәжік, ағылшын тілі пәндері бойнша 5-7 сынып және 8-10 сынып оқушылары қатыса алады.

    5. Байқауды өткізу үшін қатысушылардың кворумы жалпы санының үштен екі санынан кем болмауға тиіс.

    6. Байқау офлайн режимде өткізіледі.

    7. Байқауға дайындық, оны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін облыстық білім беруді дамыту орталық директоры бұйрығы негізінде ұйымдастыру комитеті құрылады. Облыстық ұйымдастыру комитетінің құрамына «Қазыбек би» қорының төрағасы, «Төле би» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы, білім беруді дамыту орталығының директоры, директор орынбасары және бөлім басшылары енеді.

    8. Облыстық білім беруді дамыту орталық директоры ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып табылады.

    9. Байқаудың қазылар алқасы: төрағадан (төрайымнан) және алқа мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының төрағасы (төрайымы) мен мүшелерін облыстық білім беруді дамыту орталығының директоры бекітеді.

    10. Қазылар алқасының құрамына ЖОО оқытушылары, біліктілікті арттыру орталықтарының мамандары, жоғары біліктілігі бар педагогтер кіреді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет