Биотехнологиялық процестің негізгі сатылары мыналар:
Культураны сақтау
Егу материалдарын дайындау
Қоректік ортаны
дайындау
Ауаны
залалсыздандыру, айындау
Цехта инокуляция
Негізгі ферментация
Ортаны стерилизациялау
Жанама өнімдер
Дайын өнімді бөліп алу, тазарту
Өнімді қаптау, сақтау жəне реализациялау
Биотехнологиялық процестің сатылары
Биотехнологиядағы үрдістің жалпы схемасы
Биотехнологияда биохимия, микробиология, молекулалық биология, генетика ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде өте бағалы биологиялық белсенді заттар — гормондар, ферменттер, витаминдер, антибиотиктер, органикалық қышқылдар — сірке, лимон, сүт және кейбір дәрі-дәрмектер алынады.

Қазір ең жоғары өнімді микроорганизмдер штаммаларының көмегімен 150-ден астам биологиялық заттардың түрлерісинтезделді. Мысалы, адамда және кейбір жануарлар организмінде синтезделмейтін аминқышқылы лизинді тек микроорганизмдер арқылы алады. Егер жануарлар организмінде лизин жетіспейтін болса, оның денесінің өсуі тоқтайды. Сондықтан лизинді жануарлардың жемшебіне қосып береді.
Биотехнологияның биологиялық әдістерін қоршаған ортаны ластанудан тазарту үшін қолданады. Ластанған суларды микроорганизмдердің көмегімен тазартады. Үлкен қалалардың, өндіріс орындардың шығарған зиянды қалдықтарын тазарту кейбір бактериялардың қатысуымен жүреді.