Микроорганизмдер– тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер . Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде микроорганизмдерге вирустарды да
қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы –микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалыорганизмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдер тән өте күрделі жынысты көбею процесі бұлардың көбінде болмайды.
Микроорганизмдер лас суларды тазартуда, жанар газ – метанды түзуде пайдаланылады. Бірқатар микроорганизмдер адамдар, жануарлар жәнеөсімдіктердіңпатогені болып саналады. Микроорганизмдердің кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып, көптеген адам шаруашылығы өнімдерін бүлдіреді, металдардыңкоррозияға ұшырауына ықпал етеді. Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды.