Дәріс-14
Биотехнология – халық шаруашылығына жəне адамның іс əрекетінің əр түрлі салаларына бағытталған, микроорганизмдердің, изоляцияланған клеткалардың жəне оның құраушыларының биохимиялық іс- əрекетін пайдалану арқылы бағалы өнімдерді алу.
Биотехнология – бұл белгілі өнім алуға бағытталған адаммен ұйымдастырылған микроорганизмдердің іс-əрекеті.
Биотехнологиялық процестер халық шаруашылығының əр түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Биология жəне инженерлік ғылымдардың жетістіктері өнімділігі жоғары, өндірістік əдістермен басқарылатын тамақ, дəрі- дəрмек, органикалық заттар жəне т.б. заттардың биотехнологиялық өндірістерінің процестерін жүргізуге мүмкіндік береді.
Биотехнодогияда микрообъектілердің биотехнологиялық əрекетінің қандай түрлерін пайдаланады?
-өнім болатын клеткалық массаны өсіру. Технологияның мұндай класына вакциналарды, нан ашытқыларын алу процесі жатады.
-Бағалы биохимиялық өнімдердің биосинтезі, олардың кейбіреуі ортаға бөлініп шығады (клетканың сыртындағы өнімдер), кейбіреуі биомассада жинақталады (клетканың ішіндегі өнімдер).
-Биотрансформация нəтижесінде микроорганизмдердің немесе ферменттердің биологиялық іс-əрекеті əсерінен бастапқы химиялық заттың химиялық құрылымының өзгерісі болады, бірақ биосинтезден айырмашылығы