Кейбір түркітанушы ғалымдардың (А. М. Щербак, Я. В. Севортян, Б. А. Серебренников) пікірінше, көне түркі ескерткіштерінде үш саны туыстас, қандас, рулас, жақын адам мағынасында қолданылған дейді.
Үш сан есімімен келетін фразеологизмдер де ескі салтқа қатысты. «Ешбір басы бірікпейді» деген мағынада үш қайнатса сорпасы қосылмайды; «Ешбір ойына кіріп шықпаған» деген мағынада үш ұйықтаса да түсіне енбеген деп келеміз. «Ер кезегі үшке дейін» деген мақал да бар. Ертегілерде: біреудің үш баласы болыпты немесе хан үш қайтара сұрапты сияқты фразеологизмдер де жиі кездесетіні белгілі.