Бір иығымда- періште



Дата11.11.2022
өлшемі22,47 Kb.
#49386
Байланысты:
факт


Қазақ поэзиясының алдыңғы буын өкілдері де, кейінгі толқыны да заманалар ақиқатын, ұлт тағдырына құбылыс болып енген, ғасырларды көктей өтіп аман жеткен бостандықтың бас айналдырар бақытын, ендігі уақыттың жаңа бағытын, азамат ердің баласы көтерер замана жүгін өлеңге дарытуға асықты. Неден де болсын сескенбей, қалпын түзей бастаған халқының ежелгі ғұмыр ғұрпын, ұлтжанды рухын Тəуелсіздік тарихымен тоғыстыра, жарыса жырлады.
Ақындар арғы замандарды, аруақты бабалар тағылымын, бодандықтың азапты сапарларын, бүгінгі уақыттың болмысын оның əлі жазылып бітпеген жүрек жарақаттарымен, жан қуантқан тарихи əсерлерімен тұтас сезінді. Қазақ өлеңінің мейлінше дəстүр байытқан, жаңашыл өрістер ашқан өнімді кезеңі де осы жылдар болды.
Тәуелсіздік жылдарындағы шығармалар қазақ поэзиясын ерекше бір белеске көтерген кезең әдебиеті болып қалыптасуына орасан зор ықпалдастық танытқан ақындардың қатарында: Қ. Мырза Әли, Ф. Оңғарсынова, М. Шаханов, Н. Оразалин, Иран-Ғайып, С. Ақсұңқарұлы, Б. Жақып, М. Ақдәулет, Ә. Қайран, Б. Серікбай, Н. Айтов, Е. Раушанов, С. Нұржан, Н. Мәуленұлы, Т. Әбдікәкімов, Г. Салықбай, Ж. Әскербекқызы, Б. Шарахымбай, М. Райымбекұлы, Ж. Сәрсек, Ә.Балқыбек, Ә.Ыбырайымұлы, Б.Бабажанұлы, Д. Берікқажыұлы қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық рухтағы поэзия тудырған ақындар деп атай аламыз.
Поэзия қай дәуірде де, қай заманда да, адам көңілкүйінің буырқанған, босаңсыған, қайрат шығарған, қамыққан, қайтадан рухтанған өмірлік мұраттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені. Өлеңнің бір тармағында яки бір шумағында ел тағдырына қатысты қара сөзбен айтылып жеткізе алмайтын қуатты сөз бас құрайтыны содан
Серік Ақсұңқарұлы поэзиясының тілі. Тағдырға, өмірдің ащы шындығына қатысты:
«Керең тағдырмен керісте,
демеймін: «Үріп, шайқадым»
Бір иығымда- ПЕРІШТЕ,
«Бір иығымда - Сайтаным» («Сайтан мен ПЕРІШТЕ»), -
деп басталатын өлеңінде Сайтанға арбалған жанның сенделген күйін жазады. Өмірде талай адамдар Сайтан азғырып сандалуда. Өмірде қаншама адам Сайтан сыбырлап Құдайды қолдан жасады. Сайтан түртіп:
«...бауырын бауыры бауыздап,
Көрлақат болды күллі әлем»...
«Өмірді қалған не істеймін,
Неге үндемейсің, ПЕРІШТЕМ»,- дейді.

Жалпы табиғатты жырлау аркылы акындар өмірге деген куштарлык сезiмдерiн ұштайды, көмескі тарта бастаган умiтi, сезiмi оянады. Табигат - акындык шабыттын қозгаушы кайнар көзі, куатты тетігі. Даланын өзендерi мен көлдерiнiн, таулары ормандарынын, аспанынын, топырагы мен есімдіктерінін, ауасының - бәрiнiң өзара үндескен табиги келiсiмдi сұлулык тұнган әлемін бейнелеуде ұлттык дуниетанымға сай нақыштарга кезігеміз.


Несіпбек Айтұлы поэзиясында кен орын алган атамекеннiн кадiр-қасиетiн багалау, онын кутты коныс, тіршілік нәрі болгандыгын терен сүйіспеншілікпен жырлау такырыбындагы өлендер өз окушыларының бойына туган жер кадiрiн ұғыну, онын табигатын сую, атамекендi көздiн карашыгындай коргау сиякты патриоттык сезiмдердiң тууына ыкпал етедi.
Акыннын «Тескен таудын ар жагы» атты өленiнде де ата бабасынын кiндiк каны тамган жерiне деген сагынышы шебер берілген. Шет ел асып кеткен агайын-туыс тагдырын меңзеген бул оленде терен ой жатыр. Поэзия омiр шындыгын асқан ойшылдыкпен, ерекше сезiмталдыкпен ашып корсетедi, бейнелеп суреттейдi. Олай болса, Несіпбек акын өлендерi омiр шындығы мен терен философиялык ой-тұжырымдардын ундесуінен туындаган.
Жүргеніммен карайып басым аман,
Іштегі өртті калайша жасыра алам?
Туйгын текпен торгайдын ұлпасындай,
Туысым көп жан-жаққа шашыраган.
Асып кеттi бiреуi Буланайды
Барар жерiн ешкімнен сұрамайды
Буланайдын басында калган бiрi,
Мұз бесікте жаткан сон жыламайды.
Табиғат құбылыстарын жырламаған ақын поэзия тарихында жоқ десе де болғандай Есенғали Раушановтың өлеңдерінде ақынның асқан талант қуаты мен ана тілдің мәйегін сіңірген шешендігі, ой айтудағы, поэзияны жеткізудегі шеберлігі, барлығы, адамды таңдандырып, тамсандырады.
Метафора – Есенғали ақынның жиі қолданатын тәсілі. Табиғатты «адамдандыру» (кейіптеу) арқылы – жан бітіретін, көз алдыңызда образдық дәрежеде көрінетіндей етеді. Есенғали Раушанов метафораларына табиғат бөлшектерін (тау, гүл, ағаш, өзен) алып соларға кейіптеу тәсілінде өрнек салып өлеңін құбылта көрсетеді.
Көкте бұлттар қызылшеке айтысты,
Шарт ете қап, қарағайға жай түсті.
Балағында жүрген кеше, заман-ай,
Үрді самал абалай,
Әй, ит мінез, табалай бер, табалай,
Қарағайға жай түскен жоқ, дұрысы,
Жайды өзіне тартып алды қарағай.
Қарағай – халықтық ұғымда да азаматтық метафорасы. Қысы – жазы құбылмас, қайыспас, қайсар. Өлең тұтастай метафора болғанда, сол метафора кейіптеуге де иек сүйенген «Көкте бұлттар қызылшеке айтысты; ...Үрді самал абалай...» деген жолдарда бұлт пен самал жанды түрде бейнелеген.
Сонымен қатар ақын көктемді суреттеуге бірнеше өлеңдерін арнайды. «Ауыл, Көктем», «Көктемде Сырдың жағасында», Шықтың өлуі», «Еркем Тамыз», «Қарабауыр қасқалдақ» өлеңдері де метафораға құрылған шығармалар.
Үлықбек Есдәулетұлының поэзиясындағы ауылдың жайсаң өмірі, қоңырқай тіршіліктің табиғатын жырлау ақынның суреткерлік шеберлігі мен ауылға деген сағынышынан туған десек артық айтқандық болмас.
Жайлау қандай,
Жайлаудағы түн қандай.
Ай да нұрын ақтарып тұр бұлданбай.
Қой шетінде қолбаңдаған қарақшы
«Ит-құс болсаң, әрі жүр» деп тұрғандай.
Қой күйсейді сағыз шайнап жатқандай,
Маңыраса - дауысы да мақпалдай,
Естіледі шегірткенің шырылы
Қарағанның қоңырауын қаққандай.
Табиғаттың тылсым сыры қойлы ауылдың түніне жан бітіріп, қазақтың жайсаң келбетін көрсетеді. Түнгі аспаннан нүрын айқара таратып тұрған, жарық ауа, дала тағысынан қорғаштап, қой күзетіп жүрген қойшы, алаңсыз шөп күйсеп жатқан қойдың мамыражай күндегі маңыраған дауысы, айта берсең айтып таусылмайтын керемет ауылдың өмірін, ақын көз алдыңа әкеледі.
Қалам қарымымен қазақтың қасиетті өнеріне қомақты үлес қосып келе жатқан ақын, прозаик Серік Сағынтайдың «Бұқпа өзені» атты өлеңі бір кездері арнасына сыймай шалқып аққан, бұл күндері қала астымен ағатын арыққа айналған Арқа өзенінің тағдырын сөз етеді.
Шулы шаһар астымен тынып ағып,
Толқи алмай, ыңырсып, ыңыранып.
Жатыр Бұқпа көктемде көсілместен,
Тас қаланың бауырына бұғып алып, -
деп тебіреніп, «өкпесін өркениет тоңы қарыған»өзен тағдыры өзегін өртеп, өкініш пен мұңға оранады.
...Жатыр Бұқпа толқыны жарға ұрынбай,
Зар кешіп запы болған зарлығымды-ай!
Қалаға тап-таза боп енген бұл да
Менің дәл он бес жасар тағдырымдай.
Өлеңді түйіндеген осы жолдардан кешегі күннің тәтті елесі, бүгінгі күннің трагедиялық ахуалымен қатар адам жанының экологиясы да сыр аңғартқандай болады.
Серік Сағынтайдың шығармашылығына тән ерекшелік-табиғаттағы түрлі бояуды өзінше қабылдап, тылсым дүниенің сырларына терең үңіліп, өлеңіне өзекті ой мен әдемі астар дарыту. Тіл бедері де бөлекше, стиль де оқшау.
Ақын Бағдат Мүбәрактың туған өлкесіндегі сүйікті Тоқырауынын, Ақсұңқарұлыша айтсақ, кезінде «өзегі салт аттыны өткізбеген» арналы өзенін жырлағанда, оның бүгінгі тағдырына қабырғасы қайысады, туған еліне базына, назын ақтарады.
Тоқырауын, қайтейін, құмға сіңген,
Көрісетін түрің бар бұл ғасырмен.
Қоспас енді айырса мына тағдыр,
Қоштас енді Шатырша құрдасыңмен.
Лас ауа, қайырымсыз лас қоғам,
Мезі болдың, қажыдың рас содан
Есінеген енжар ел есін жияр,
Жібермейді-ау айқай сап бір Ақсораң, -
деп қоғамның ащы шындығын ашына айтып, ақын көңіл тыншымай аласұрады. «Енжар елден» әлдебір үміт күтіп, табиғаттан медет сұрайды.
Қорытындылай келгенде, поэзия рухани еркіндік пен ойдың жүйелілігін қалайтыны әуел бастан белгілі. Ақиқат пен адалдық бірге жүрген сәтте ғұмырлы өлең дүниеге келеді.
Қазақ поэзиясындағы тәуелсіздік идеясы әлі талай қазақ халқының ең биік, ең ауқымды рухани жауһарары санатына косылып, ұрпақ санасында жатталатыны сөзсіз. Жоғарыдағы біз айтқан ақындар поэзиясындағы табиғат құбылысы да бүгінгі кезең поэзиясының алтын жәдігерлері. Себебі, табиғат тақырыбындағы өлең арқылы күллі адамның қоғамдық өмірдегі түр-әлпетін бере алуы, асқан шеберлік. Өзі қозғап, өлеңмен өріп отырған табиғат көріністері арқылы ұлт жайлы және өзінің жеке азаматтық ойын сабақтастыра суреттеп отыру талғамы биік ақындардың қолынан келетін іс. Өмірдің белесті сәттерін өлеңмен өріп, табиғат құбылыстарымен байланыстыра білген ақындардың сөзі көркем, әрі күллі жаратылысты шебер тілмен суреттейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:


Есдәулет ¥. Екі томдық таңдамалы шығармалар, 1 том: Алтын тамыр. Ел мен жер жырлары. - Алматы: Жазушы, 2006. - 392 б.
Раушанов Е. Қара бауыр қасқалдақ. – Алматы: Жалын, 1995. – 384 б.
Алпыспаев Қ. Поэзия парасаты. - Алматы, 2006. - 300 б.
Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана: Фолиант.2002. - 408 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет