Бір жасқа дейінгі дені сау
балалардың диспансерлік бақылау,
патронаж.
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
•
Патронаж туралы ақпарат
•
Жүкті әйелдерді босанғанға дейінгі патронаж
•
Диспансеризация
•
1 жастағы дені сау балалардың диспансеризациясы.
Қолданылған әдебиеттер.
Жүкті әйелдерді босанғанға дейінгі
патронажы:
Жүкті әйелдерді босанғанға дейінгі профосмотрды балалар
емханасының мейірбикесі де жүргізе алады. Балалар емханасына
жүкті әйелдер туралы ақпарат әйелдер консультациясынан келіп
түседі. Мейірбике жүкті әйелді 2 рет қарайды:
- 1ші рет ол әйелдер консультациясынан келіп түскен ақпараттан кейін
10 күннің ішінде;
- 2ші рет жүктіліктің 31-32 аптасында.
Босанғанға дейінгі потронаждың
мақсаты:
- Балалар емханасының болашақ анамен байланыс құруына;
- болашақ баланың өмірлік шарттары;
- жанұяның әлеуметтік жағдайын бағалау;
- квартирасының гигиеналық тазалығын;
- анасының денсаулық жағдайын анықтау;
- анасына еңбек,демалыс, тамақтанут режимін айту;
- жаңа туылған нәрестенің бөлмесін, дұрыс тамақтануын және
күтуін үйрету;
- жас аналардың әйелдер мектебіне барып тұруын қадағалау.
Босанғаннан кейінгі патронаж
Балалар патронажы учаскелік дәрігер-педиатр және учаскелік мейірбике
немесе фельдшермен жүргізіледі.
Ешқандай ауытқысы жоқ, жетіліп туылған нәрестеге бірінші патронажды 3
тәулік ішінде жасайды. Ал егіз, шала туылған, көп балалы нәрестелерді
шыққан күннің ішінде кешкі сағат 8.00-ге дейін патронаж жасалуы тиіс.
Патронаж жасау: 3 күнде, күнде, 21 күнде.
Ең алғаш дәрігер-педиатр немесе мейірбике баланы акушерлік стационардан
шыққаннан кейінгі 2-3—ші күндері қадағалайды, сосын аптасына 1 рет.
Учаскелік-педиатр өмірінің алғашқы айында 3-4 рет қарайды. Кейбір елдерде
жаңа туылған нәрестелерді учаскелік-педиатр босану үйінде қарайды. Ал
мейірбике нәрестені алғашқы аптасында 2 рет, сосын апта сайын, 1
айлығында 5-6 рет қарайды.
Профилактикалық қарап тексеру – аурудың ерте кезеңін
ерте анықтау, денсаулығының сақталуы мен жақсаруын,
емдік-профилактикалық жұмысты жүргізу.
1 айлық баланы қарап тексеруде:
- салмағы;
- бойы;
- бас өлшемі;
- кеуде өлшемі;
- Шүйдедегі еңбегін өлшейміз;
- алдыңғы ромб тәрізді еңбегін өлшейміз: ені 2 см, ұзындығы 3 см
болуы қажет.
- терісі (бөртпелері, қызару белгілері бар, жоқтығын анықтаймыз)
қалыпты жағдайда таза, құрғақ болуы керек;
- шырышты қабаттарын ал қызыл болуы керек;
- Тыныс алуы (мин. 40 рет);
- жүрек соғысы (мин. 120 рет);
- басқа да мүшелерін тексереміз;
- ішін пальпациялаймыз (жұмсақ, қозғалмалы);
- құлақ қалқанын, жыныс бездерін тексереміз;
- зәр шығару жүйесі (нәжісі қандай, түсі).
Достарыңызбен бөлісу: |