Жиі ауыратын балаларды диспансерлік
бақылау және реабилитация
Жиі ауыратын балалар-бұл диагноз емес, бұл транзиторлы
ауытқулар әсерінен болатын жүйелерде еш өзгеріссіз жүретін, бірақ
жиі респираторлы инфекциямен ауыратын балаларды диспансерлік
бақылау.
ЖАБ тобын құру себептері:
• Балалардың анатом-физиологиялық ерекшеліктері,соның ішінде
иммунды жүйеде,екіншілік иммунды жетіспеушілік жағдайының
дамуы;
• Ұйымдастырылған ұжымдарға барғанда
аурулармен қарым-қатынас
жиілігінің көбеюі. Жиі ауыратын балалар тобына
мектепке дейінгі
балалардың 40% және бастауыш сынып оқушыларының 15% кіреді.
• Тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруларымен ауруы төмендегі
бұзылыстарға жиі әкеледі: физикалық және нерв-психикалық
дамуы,иммунды жүйенің жетілуі,ЛОР ағзаларының созылмалы
ауруларының
пайда болуына,АІЖ бұзылысына,зәр шығару
жолдарының және басқа да жүйелердің патологиясына әкелуімен
қатар,әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі.Кейінгі кездері
оппортунистік инфекциялардың (
герпес вирусы
инфекциялары,хламидиоз,микоплазма)
аталған топ науқастарында
кең жайылуы,осы аурулардың еміне көшу керектігіне назар
аудартады.