Бір өлке бір кітап акциясы Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми-əмбебап кітапханасы



жүктеу 1.07 Mb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата06.03.2017
өлшемі1.07 Mb.
  1   2   3

Бір өлке - бір кітап акциясы

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар»

ғылыми-əмбебап кітапханасы

ШЫМКЕНТ -2014ж.

Биобиблиографиялық көрсеткіш

Саттар Ерубаев

(1914-1937)

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» 

ғылыми-әмбебап кітапханасы

 

 

 

 

Ақпараттық-библиографиялық бөлім 

  

 

 

 

 

 

 

Жастық пен бақыт жаршысы 

/

Саттар Ерубаев - 100 жыл/ 

 

 

 

 

 

 

/

Биобиблиографиялық көрсеткіш/ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШЫМКЕНТ -2014ж. 

Құрастырушыдан 

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап 

кітапханасы аса көрнекті жазушы, аудармашы Саттар 

Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған 

биобиблиографиялық көрсеткіш ұсынады. 

Облыстық «Бір өлке-бір кітап» акциясы аясында өтіп жатқан 

шаралар Қазақстанда да аса танымал жобалардың біріне 

айналды.Оқырман қауым жалпыға бірдей облыс көлемінде оқуға 

ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, 

автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысады. 

Биобиблиографиялық көрсеткішті құрастыруда кітап,газет-

журнал мақалаларының шежірелері, интернет сайттары 

пайдаланылды. 

Биобиблиографиялық көрсеткіш ғалымдарға, ізденушілерге, 

студенттерге,кітапханашыларға және көпшілік оқырманға 

арналады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ әдебиетінің бастауындағы бірегей қаламгер 

 

«Дарынды  өмірі  жарық  дүниеде  күн  кешкенімен  емес,  жан 

дүниесінің  тереңдігімен  қалдырған  мұрасының  өміршеңдігімен 

өлшенеді».Мәңгілік өмірді жырлап, алайда өзі қысқа ғана өмір сүріп, 

артына сөнбес із қалдырып кеткен Саттар Ерубаев аз болсада, еш 

уақытта  ұмытылмайтын  шығармалары  оқырман  жүрегінен  орын 

таба  білген.Оқырмандары  толасталмаса  таусылған  жоқ.  Сол 

заманның  көкейкесті  мәселелерін  жырлап,  толғаныстарын 

тартымды жазған ақынды қазақ халқы әрқашан құрметтеген. Ақын 

Ғафу Қайырбеков «Саттарға жасалған құрмет халқының қасиетіне 

жасалған  құрмет»  деген.  Осындай  құрметтің  үлкені  биылғы 

облыстың  «Бір  өлке  –  бір  кітап»  акциясы  аясында  С.Асқарұлының 

«Менің  құрдастарым»  романы  таңдалғаны болды.  Жалпы  қаламгер 

қаламынан  туған  шағармаларындағы  негізгі  тақырыптар  жастық 

пен 

бақыт 

жаршысы 

екендігі 

баршаға 

аян.Ондағы 

адамиқасиеттері,жақсылыққа  жаны  құмар  екендігі  әрбір  жазған 

шығармасында  көрініс  тапқан.  Отанына  деген  отты  сезімге  толы 

шығармаларын  оқитын  оқырмандары  барда  Саттар  мұрасы  мәңгі 

жасайтыны сөзсіз.    

 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 

Саттар Ерубаев мұрасын зерттеуші 

Әдіhам Шілтерханов 

 

 

 

 

 

Өмірдерек 

 

Бұл өмірдің қызығы махаббатпен, 

Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен. 

Артында сөзін менен ісің қалса, 

Өлсең де өлмегенге боларсың тең!» 

/Абай/ 

 

Саттар  Ерубаев  1914  жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы 

Түркістан  ауданында  Ұзынқұдық  деген  жерде  туған.  Жастайынан 

жетім  қалып,  балалар  үйінде  тәрбиеленеді.  Әкесі  Асқар  орысша, 

қазақша  сауатты,  күшке  мығым,  тілге  шешен,  өз  заманының 

алдыңғы  қатарлы  адамдарының  бірі  болған.  Анасы  да,  әкесі  де 

суырып салма ақын адамдар болыпты.  

1923 жылы Түркістанда жетіжылдық мектебінде оқып жүріп, 

сол  мектепте  комсомол  қатарына  өтеді.  Мектепті  бітіргеннен 

кейін, 1927 жылы Түркістан аудандық комсомол комитетінде біраз 

уақыт  қызмет  істеген.  Саттар  белсенді  комсомол  қызметкері 

болып көзге түсіп, және өзінің білімге деген құштарлығы арқасында 

Алматыдағы  жоғары  оқу  орындарына  түсуге  даярлайтын  арнайы 

курсқа  жіберіледі.  Курсты  үздік  үлгеріммен  бітіріп,  1930  жылы 

Қазақтың  оқу  комиссариатының  жолдамасымен  Ленинградтың 

тарих-философия-лингвистика  институтына  түседі  (ЛИЛИ-

ЛИФЛИ).  Институттың  уставы  бойынша  редакторлық-баспа 

бөлімінің  оқу  мерзімі  3  жыл  болған.  1933  жылы  профессор 

П.Медведевтің  жетекшілігімен  «Орыс  неоромантизмі  және 

қазақтың ұлттық әдебиеті» деген тақырыпта диплом жазып, оны 

үздік бағамен қорғайды. С.Ерубаевқа аспирантурада қалуына ұсыныс 

жасалады, 

бірақ 

Қазақстанда 

ұлттық 

кадрлардың 

жетіспегендігінен елге шақыртылады.  

Ленинградта оқып жүргенінде Саттардың ішкі дүниесі, рухани 

өсуі  сол  елдің  әлеуметтік  және  саясаттық  ахуалына  байланысты 

болды.  Ол  институттың  қоғамдық  жұмысына  белсенді  қатысып 

жүрді.  Осы  оқу  кездерінде  бірталай  ленинградтық  ақын-

жазушылармен  танысып,  кейін  олармен  қарым-қатынастарын 

үзбейді. 

1933-

1934  жылдары  Саттар  елге  қайтып  келген  соң,  біраз 

уақыт  «Ленинская  смена»  газетінің  өнер  және  әдебиет  бөлімінің 

меңгерушісі қызметін атқарады. Кейіннен «Лениншіл жас» газетінің 

бас  редакторы  болып  тағайындалады.  «Пионер»  газетінің 

редакторы, мәдениет саласында музыка театрының директоры да 

болып жұмыс жасайды. 

1935 

жылы 

С.Ерубаев 

Ленинград 

университетінің 

аспирантурасына  түсіп,  оқуын  жалғастырады.  Аспирантурадағы 

оқуы  басталғанда  Саттар  сырқаттанып,  бір  айдай  емханада 

жатады. Дәрігерлер оған климатты ауыстыру керегін айтып, еліне 

оралуына кеңес береді.  

Алматыға  оралғаннан  кейін  Саттар  дертіне  қарамай  белсенді 

өмір  сүреді.  Қазақ  педагогикалық  институтының  қазақ  әдебиеті 

кафедрасына доцент  болып орналасады, әдеби үйірмені басқарады. 

1934-

1935  жылдары  Алматыдағы  жоғары  ауылшаруашылық 

мектебінің  философия  кафедрасында  ассистент  болып,  лекциялар 

оқиды.  Қазақстан жазушыларының І съезін ұйымдастыруына және 

өткізуіне ат салысады. 

1934 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің ұйғаруымен 

Саттар  Қарағандыға  жастар  газетін  ұйымдастыруға  жіберіледі, 

сол  газеттің  редакторы  болып,  кейіннен  жауапты  редактордың 

орынбасары  қызметін  атқарады.  Бұл  газет  «Қарағанды 

пролетариаты» деп аталған болатын. 

Жастар баспасөзі Саттардың қаламын ұштады, журналистік-

ұйымдастырушылық  шеберлігін  шыңдады,  қоғамдық  белсенділігін 

арттырды. 

Қарағандыда  қызмет  атқарып  жүрген  кезінде  С.Ерубаев 

бірталай  шығармаларын  жазады.  Өзінің  күнделігінде  «Мен 

Қарағандыға  ризамын,  ол  мені  жазушы  етіп  шығаратын  болды!»  - 

деп  жазған  екен.  Әдебиет  сүйер  қауымға  кеңінен  танымал  «Менің 

құрдастарым»  романын  Саттар  дәл  осы  кездері  жаза  бастаған 

екен.  Бұл  роман  қазақ  жұмысшы  табының  қалыптаса  бастау 

тарихынан,  30-жылдардағы  Қарағанды  сынды  ірі  өнеркәсіп 

ошағының  тыныс-тіршілігінен  сыр  шерткен,  алғашқы  ұлттық 

техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды. 

Саттар  әдеби  ортаға  тұлпар  шабыспен  екпіндеп,  жарқырап 

кірді.  Ол  сол  кездегі  астанадағы  зиялы  қауымды  жан-жақты 

білімімен,  журналистика  саласындағы  білікті  ізденістерімен, 

әдебиеттегі  жаңашыл  сыни  ой-пікірімен,  жаңаша  жазылған  өлең, 

баллада, пародияларымен елең еткізді. 

Қазақ  әдебиетінде  ғылыми-фантастикалық  жанрды  да  алғаш 

жазған  Саттар  Ерубаев.  Осы  жанрда  жазылған  «Келесі  соғыс 

туралы»  новелласы  болатын.  Бұл  туындының  негізгі  арқауы  – 

бейбітшілікті қалайтын халықтың ұлы мұраты және асыл арманы.  

Саттар  Ерубаевтың  шығармашылық  шабыты  1933-1937 

жылдарға  келеді.  Осы  жылдары  оның  он  шақты  өлеңдері,  бес 

мақаласы,  он  бес  пародиялық  суреттемелері,  сегіз  новелла  мен 

балладалары жазылған.  

Оның өлеңдері мен очерктері, әңгімелері және сын мақалалары, 

пародия мен эпиграммалары, новеллалары мен балладалары әдебиет 

тарихында өз орнын алған.  Олардың ішінде «Өмір туралы рапорт», 

«Мәңгілік  өмір»,  «Меруерт  алқа»,  «Бақыт»,  «Үш  шахтер  туралы 

баллада» және т.б.  

Сонымен қатар Саттар аудармашылықпен де айналысады. Ол 

Н.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Сурковтың, И.Эренбургтың, жапон 

жазушысы Си Китидің әңгімелерін қазақ тіліне аударған.  

1934  жылдары  Саттарды  құрастырушы  және  аудармашы 

ретінде  орта  және  бастауыш  мектептеріне  арналған  оқулық 

құралдардын  шығаруға  қатыстыртады.  М.Жанғалинмен  бірлесіп 

қазақ 

мектеп 

оқушыларына 

арналған 

«Қазақ 

әдебиеті 

хрестоматиясын» құрастырып, шығарады. 

Саттар Ерубаевтың  шығармашылығын зерттеуші, филология 

ғылымдарының  докторы,  профессор  Т.Кәкішев  оны   «Жастық 

жыршысы» деп бағалаған. «Ол жалындаған жастықтың жыршысы 

болып келешек ұрпақпен табыса берері хақ», «Сонымен, Саттар аз 

өмірінде көп еңбек етіп, артына жастық жалынға, творчестволық 

шабытқа,  өршіл  романтикаға  толы  шығармаларын  тастап,  қазақ 

әдебиетінің  қасиетті  төрінен  көңілдегі  көрнекті  ойды  көркем 

де   тартымды  етіп  шебер  жаза  алған  мәдениеті  жоғары  жазушы 

ретінде өзіне тиісті орын алды» - деп жазады. 

Саттар   өз  шығармаларында  өмір  шындығын  айқындап,  адам 

болмысын, рухани байлығын кеңінен ашып жеткізе білген дарынды, 

өте талантты жазушы. 

Бірақ  бойын  әбден  меңдеп  алған  ауыр  дерт  Саттарды  1937 

жылдың  екінші  маусымында  Алматы  қаласындағы  Түркісиб 

ауруханасында көз жұмғызды. Онда ол бар болғаны 24 жаста еді. 

1966  жылы  С.Ерубаев  Қазақстан  комсомол  сыйлығының 

тұңғыш  лауреаты  атанған,  ал  1968  жылы  комсомолдың  50-

жылдығына орай Н.Островский атындағы сыйлығы берілген.  

Қарағанды  қаласында  мектеп-интернат  пен  көшелердің  бірі 

Саттар  Ерубаевтың  есімімен  аталған.  Түркістан  қаласында 

Саттар Ерубаев атында мемориалдық мұражай бар. 

 

 

Саттар Ерубаевтың  жарық  көрген еңбектері 

 

 



Ерубаев,  С. Менің құрдастарым: Роман. – Алматы:        Атамұра

2003 . – 

176 бет. 

 

 



Ерубаев,  С.  Мои  ровесники:  Роман,  новеллы.  Алма-Ата:  Жалын,  - 

1985. – 

272с., ил. 

 

 



   

Ерубаев,  С.  Мәңгілік  өмір:  Новеллалар,  роман,  балладалар  мен 

жырлар, сатиралық суреттемелер мен серкесөздер сын  мақалалар, 

естеліктер/  Құраст.:  Т.Кәкішев.  –  Алматы:    Жазушы,  1993.  –  544 

бет. 

 

  

Әлем тілінен қазақ тіліне аударған кітаптары 

 

 



К.Чуковскийдің «Сарыарқаның ерлері», 

 

 



Ю.Березиннің «Сексенбайдың қысқаша тарихы», 

 

 



А. Сурковтың «Бір қатарда», 

 

 



Си Китидің «Қол соқпаған адам», 

 

 



И.Еренбургтің «Австрия таулары»  

 

 

 

 

 

 

 

 

Саттар Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы 

материалдар 

 

Қазақ тілінде: 

 



Алдабергенова,А.  Тағылымы  мол  кеш[ақын  Саттар  Ерубаев 

жайында] //Алтын қазына.  2014. – 15 наурыз. – 4.б.  

 



Алтынбекова,М. Саттар Ерубаев. – Шымкент:  Ордабасы, 2005. –

128 б. 

 



Алтынбекова,М.  Жалындап  өткен  жас  еді[Саттар  Ерубаевтың 

туғанына 90- жыл] //Оңтүстік Қазақстан. – 2004. – 27 сәуір. – 5.б. 

 



Алтынбекова,М.  Бір  ауылдан  түлеп  ұшқан  жастар  еді[жазушы 

С.Ерубаев  пен  Ә.Байтанаев  жайында]  //Оңтүстік  Қазақстан.  – 

2001. – 

5 сәуір. – 2.б. 

 



Әймен,И. 

Мәңгілік 

өмір 

туралы 

жырдың 

жаңғырығы[С.Ерубаевтың шығармашылығы] //Жас алаш. – 2000.- 3 

маусым. – 3.б. 

 



Әмзеұлы,Н. Тоқсанның төріндегі «Бала» ақын[Саттар Ерубаев 90 

жаста] //Шымкент келбеті. – 2004. – 15қазан. – 12.б. 

 



Беркімбаев,К.  Саттар  Ерубаевтың  «Менің  құрдастарым»   

романның  жастарды  адамгаршілік  құндылықтарға  тәрбиелеудегі 

ролі. //Абай атын.Қазақ ұлтық пед универ хабаршысы. – 2009. - №4. 

– 109-

112.б. 

 



Боранбаев,Ж.  Қарт  шешесінің  қолын  қысамыз[Саттар  Ерубаев  

туралы] //Қазақ әдебиеті. – 2014. – 30 мамыр. – 6.б. 

 



Елеукенов,Ш.  Бақыттылар  туралы  роман[Саттар  Ерубаев  100- 

жыл] //Қазақ әдебиеті. – 2014. – 22 тамыз. - 1.б. 

 



Ергөбек,Қ.Саттардың  Түркістанға  оралуы.  //Қарасөз:Қазақ 

прозасы туралы ойлар.//Алматы: «Ел шежіре». – 2013. – 51.б. 

 



Ерубаевтың  100  жылдығы  Оңтүстікте  қалай  тойланбайды 

[Саттар Ерубаевтың туған күні] // Айғақ. – 2014. – 29 қаңтар. – 6.б. 

 



Исабеков,Д.  Саттар  жұлдызының  сәулесі[Саттар  Ерубаев 

шығармашылығы туралы] //Қазақстан әдебиеті. – 2004. – 15 қазан. 

– 

11.б. 

 



Қалдан,Е.  Жалындап  өткен  жас  ғұмыр[публицист  жазушы 

Саттар  Ерубаевтың  100жылдық  мерей  тойына  орай]  //Айқын.  – 

2014. – 

26 тамыз. – 5.б. 

 



Қараман,К.  Саттарға  құрмет  саябырсымауы  қажет    //Алматы             

ақшамы. 2011. – 15 қыркүйек. – 31.б. 

 

Қараман, К. Саттар саябағы // Қазақ әдебиеті. – 2009. - 1 мамыр. 



– 

5 б. 

 



Кәкішев,Т. 

Дәуір 

суреттері[С.Ерубаев 

туралы] 

//Алматы.жазушы:. – 1967. – 125.б. 

 



Қойшыбаев,Б.Мәңгі  жас,  мәңгі  құрдас  //  Түркістан,  -  2013.  –  6    

маусым. – 10 б.  

 



Қонарбаев,А.  Бір  адамның  бір  өмірі  аз  ғой  деуші  едім...[қаламгер 

Саттар Ерубаев жайында] // Ана тілі. -2014. - №31. – 3.б. 

 



Құжымова, Ф. Саттар және оның туған ортасы // Аталар сөзі. -    

2012. – 

Наурыз,  - № 5. – 5-6 б. 

 



Жанұзақова,Қ.  Ақ  боз  үй  тейлосиясындағы  адам  мен  қоғам 

мәселесі[Саттар  Ерубаевтың  тейлосиясы]Қазақстан  мектебі.  – 

2010. - 

№2. – 68.б. 

 



Жаны  мәңгі  жас  боп  қалған  жайсаң  жан[Саттар  Ерубаевтың 

«Менің құрдастарым» кітабы жайында] //Міркемеұлы,С. Қанатты 

қырқылған  қырандар:әдеби  естеліктер.  –  Алматы:білім.  –  2008.  – 

69.б.  

 



Олжабай,  С.  Менің  қаным  миллиондардың  тамырын  да 

ағады[С.Ерубаев жайында] // Оңтүстік Қазақстан. –2004. -2 қазан.  



2 б. 

 



Рүстембекова,М.  Саттар  Ерубаевтың  әдеби  шығармаларын, 

адамгершілік  идеяларын  болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  даярлау.// 

А.Ясауи  атын.Халықаралық  қазақ-түрік  унив  хаб.  –  2010.  -  №2-3. – 

372-

376.б.  

 



Рүстембекова,М.  Саттар  Ерубаевтың  әдеби  шығармашылық 

мұрасы  білім  беру  жүйесіне  ендіру  қажеттілігі.  //А.Ясауи 

атын.Халықаралық қазақ-түрік унив хаб. – 2010. - №1-3. – 330-333.б. 

 



Саттардың  Түркістанға  оралуы  [Саттар  Ерубаевтың 

шығармашылығы  туралы]  //Ергөбек,Қ.  Арыстар  мен  ағыстар.  – 

Астана «Таным».- 2003. – 19.б. 

 



Саттар Ерубаевтың 100 жылдық мерей тойы. //Президент және 

халық. – 2014. – 26 қыркүйек. – 6.б. 

 



Сұлтанбаева,Г. 

Рухани 

тозбас 

мұра[С.Ерубаевтың 

шығармашылығы туралы] // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2002. - №11.- 

86.б. 

 



Түркістан да ақындар жыр оқыды[С.Ерубаевқа 90- жыл]// Қазақ 

әдебиеті. – 2004. – 27 тамыз.    

 

Темірбаева,  А.  Саттар  Ерубаев  мақалаларындағы  көркемдік  әдіс 



мәселелері//  Хабаршы  ҚАЗҰУ.  Филология  сериясы.  –  2007.  –№  6.    – 

71-

73 б.  

 



Эймен,  И.  Мәңгілік  өмір  туралы  жыр  [С.Ерубаевтың  туғанына  

90- 

жыл] // Егемен Қазақстан. – 2004. – 27 тамыз. 

 



Шілтерханов,  Э.  Зерттеулер  мен  мақалалар[С.Ерубаев  жайлы]// 

Шымкент. – Ордабасы. – 2007.  – 124 б. 

 

Орыс тілінде: 

 



Байтанаева,К.  Кароткая,  но  пламенная  жизнь.[90  лет  со  дня 

рождения С.Ерубаева] //Южный Казахстан. – 2004. – 5 ноябрь.С.6. 

 



Грозный,В.  Талант  яркий,  самобытный[к  70-летию  со  дня 

рождения  нашего  земляка  С.Ерубаева]Южный  Казахстан.  –  1984.- 

14 сентябрь. – С.2. 

 



Жаркова,Т. Имени писателя земляка[к 70-летию со дня рождения 

С.Ерубаева] // Южный Казахстан. – 1984.- 14 сентябрь. – С.3. 



 



Праздник  на  родине  поэта[творчество  в  честь  70-летия 

С.Ерубаева] // Южный Казахстан. – 1984.- 22 сентябрь. – С.1. 

 

Саттар Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығы 


Каталог: ckfinder -> userfiles -> files
files -> Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасы
files -> Қазақ халқының ежелгі кәсібі
files -> Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы
files -> «Жеті қазына»
files -> Отбасы-адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі
files -> Оңтүстік Қазақстан облысының «Отырар» ғылыми
files -> Презентация 5-ых классов квн: "Только в дружбе можно всего достичь"
files -> Мазмұны: Кіріспе Қазақтың қара қазаны. Ас атасы – нан
files -> Оңтүстік Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет