Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»


«Қиыншылыққа  тап  болған  адам  дұға  еткен  кезде



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#9990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

«Қиыншылыққа  тап  болған  адам  дұға  еткен  кезде, 
оның дүғасын қабылдап, қиыншылыкты жойған» - делін-
гені сияқты, Аллаһ Тағала дұғамды қабыл алып, жүрегімді 
оятты. Ішімдегі мал-мүлік, мәртебе құмарлығы жойылды. 
Бәрінен сырт айналдым.
Зікір,  ұзләт,  қылует,  күрес,  риязат,  нәпсінің  тазалығы 
мен  ахлақтың  кемелдігімен  айналыстым.  Аллаһқа 
қауышқандар  мен  һидайәт  жолындағылардың,  әсіресе  та-
саввуфшы  болған  үлылар  екендігін  илмәл  яқин  арқылы 
білдім.  Еңтамаша  мінез-құлық  соларда.  Өйткені,  олардың 
ішкі-сыртқы халдері пайғамбарлық нүрынан алынған. Жер 
жүзінде пайғамбарлық нұрынан басқа нұр жоқ».
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді:
«Кімде-кім  білімін  арттырып,  (сонымен  қатар) 
дүниеде зүһд-тақуалығын арттырмаса, (Ол тек) Аллаһқа 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 51
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
деген  үзақтығын  арттырған  деген  сөз.  (Яғни  Аллаһтан 
алшақтайды)».
Сондықтан 
Хазіреті 
Мәуләнә 
парсаттылыққа 
жетпегендердің,  яғни  салих  амал  істемейтіндердің  айтқан 
хикметті сөзін қарызға алған әшекейлі киімге ұқсатады.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Ішіне нұр кірген жүрек ашылып, кеңейеді - дегенде:
«Мұның белгісі не?» - деп сұрайды.
Ол:
«Фәни дүниеден алыстап, мәңгілік ақирет өлкесіне көңіл 
бөлу және келмей тұрып, өлімге әзірлену,» - деп бұйырады.
Сахаба Зәйд бин Харисә (радиаллаһу анһу):
«Дүниенің  нәпсілік  қүмарлықтарынан  бас  тартқан 
кезде,  күндізім  сусыз,  түнім  үйқысыз  өтетін  халге  жетті. 
Раббымның  ғарышын  айқын  көргендей  болдым.  Бір-бірін 
зиярат  еткен  жәннәттықтар  мен  бір-біріне  дүшпан  болған 
жәһәннамдықтарды көргендеймін,» - деген.
Сәһл бин Абдүллаһтан:
«Сопы деген кім?» - деп сұрағанда:
«Жүрегі Аллаһ Тағалаға толған, тағдырды топыраққа 
айналдырған, алтын мен топырақгы тең санайтын адам,» 
- деп танымдаған.
Имам Ғазали Хазіретінен кейбір насихаттар:
«Аллаһтың берген нығметтерін Соның жолында қолдану 
- шүкіршілік, қаламаған жеріне жұмсау - күпіршілік».
«Бәле күнә мен күпірлікте. Нағыз бәле бәлекеттер емес. 
Ішінде сен білмейтін қайырлар бар».
«Бір сөз айтқан кезде ойлан... Айтпаған жағдайда жау-
апты болатын болсаң айт... Әйтпесе, үндеме!"
«Ақылды адам нәпсісіне былай деуі керек:
«Менің қорым тек өз өмірім. Шыққан демнің қайтіп ке-

- 52
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
луі  мүмкін  емес.  Бұл  санаулы.  Азайып  бара  жатыр.  Олай 
болса, уақытыңды дұрыс жолда қолданбаудан да үлкен зиян 
бола ма?»
«Ертең өлетіндей, мүшелеріңді харамнан сақта!»
«Көзіңді аш! "Кейін тәубе етіп, салих амал жасаймын!» 
- десең, өлім одан да бұрын келуі мүмкін, соны ойла. Өкініп 
қаласың.  Ертең  тәубе  етуді  бүгін  тәубе  етуден  оңай  деп 
ойласаң, қателесесің».
«Бір  адамның  саудасы  ақирет  саудасына  кедергі  бола-
тын  болса,  ол  адам  бишара,  бақытсыз.  Бұл  бір  қарапайым 
шөлмек үшін алтын бұйым берген сияқты».
Имам Ғазали Хазіреті адамның жеке басы өз нәпсісін та-
нуы мүмкін еместігін былай түсіндіреді:
«Халық  пен  құлық  сөзі  бір  түбірден  туындайды.  Түбірі 
жағынан біреуі сыртты, екіншісі ішті білдіреді.
Халық  -  сыртқы  сезімдермен  түсінілетін  түр,  керініс, 
бейне мағынасында.
Құлық болса адамның сыртқы түрінен білінбейтін құпия. 
Адамның негізгі түлғасын шынайы кім екендігін оның мі-
нез-құлқы  мен  табиғаты  керсетеді.  Адам  сыртқы  көрінісі 
түрғысынан өзін қанша жасырса да, күндердің бірінде ішкі 
беті көрініп қалады».
Сыртқы  көрінісімізді  білу  үшін  айнаның  қажет  екен-
дігі  сияқты,  ішкі  жан-дүниемізді,  мінез-құлқымыз  бен 
қабілеттерімізді  ұғынып,  қажетті  түрде  емдеу  үшін  де 
әулиенің  фәйіз  -  ұсыныстарына,  яғни  бізді  тәрбиелейтін 
езімізді  ішкі  дүниемізбен  таныстыратын  көңіл  айнасына 
мұқтажбыз.
Бір адамның Хақ алдында лайықты болған-болмағанын 
білу  үшін  өзіне  қарап,  көңіліне  үңілуі  керек.  Егер  құл 
Аллаһты  көңілінде  қаншалықты  сезініп,  оның  жаратқан 
сүлулықтарындағы құдіреті мен салтанатын көріп, қайран 
қалып, есі шықса, Аллаһ Тағала оған соншалықты жақын.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 53
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сол  үшін  құл  қандай  жағдайда  да  нәпсі  мен  жүрек 
тазалығына мұқият болуы керек. Сонда ғана нүр көріністері 
арқылы  көңіліндегі  әуестіктерін  күл  қылатын  көркемдік 
көріністері пайда болады!
Хақ Тағала былай дейді:
���َ�َ� ْ�َ� َ�َ�ْ�َا ْ�َ�
«Нәпсісін  тазартқан  (адам)  шын  мәнінде  құтылды»
(Ағлә, 14)
�َ����َز ْ�َ�  َ�َ�ْ�َا ْ�َ�
«Оны (нәпсіні) тазалаған сөзсіз құтылды». (Шәмс, 9)
Бір  жағынан  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) айтқан:
«Мүмин - мүминнің айнасы» хадисінің шарты бойынша, 
кәміл рухымыз сол таза айналардан өзін көреді. Яғни, Хақ 
жолына  түскендер  кәміл  адамдардың  жүзінен  өзін  және 
шынайы жаратылысын көреді. Бұл материалдық көру емес. 
Өзгеше  көңіл  айнасы  болса,  материалдық  шеңберден  тыс. 
Адам  сол  жерден  ішкі  дүниесінің  сырларын  көреді.  Яғни, 
бұл айна сыртқы дүниенің айнасы емес, ішкі дүниенің ай-
насы.  Онда  түр  емес,  Хақтың  нұрының  көріністері  бар. 
Сондықтан  көңіл  айнасынан  фәйіз  алушылар  ішінде 
басқаша  бір  жағымдылық  пен  езгеше  бір  сұлулық  сезініп, 
ерекше  күйге  бөленеді.  Естерінен  танады.  Нәпсілерімен 
қоштасып, көңілінен тек қана Хақты табады, өзін Хақ жо-
лына  арнайды.  Міне,  сол  себепті  де  кемелдікке  жету  үшін 
кәміл  мүршидке  байланып,  оның  ахлағын  бойына  сіңіру 
шарт. Юнус Әмрә Хазіреті:
Шариғат пен тариқат бір жол,
Хақиқат пен мағрифат одан ілгері
деген сырға тек осылайша ғана, яғни бір кәміл мүршидтің 
жетегімен жетуге болады.

- 54
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті 
Мәуләнә 
(құддисә 
сирруһ) 
пайғамбар 
мирасшыларының  (әулиенің)  тәрбиесіне  кіруді  нәпсінің 
кедергісінен қүтылудың, хақиқат пен мағрифатқа жетудің 
қажетті шарты ретінде былай дейді:
«Пышақ өз сабын басқа бір пышақсыз қалай жона ала-
ды?  Сен  жараларыңды  көңіл  дәрігеріне  барып  көрсет.  Сен 
оларды өз бетіңше емдей алмайсың».
«Дүниеуи  сезімдер  мен  ойлардың  саулығын  дәрігерден, 
адамды соңсыздыккд көтеретін иләһи сезімдердің саулығын 
кәміл-мүршидтен үйрен».
«Екі  саусағыңның  ұшымен  екі  көзіңді  жап.  Дүниеден 
бір нәрсе көре аласың ба? Көрмесең, Бұл әлем жоқ емес. 
Көрместіктің  кемшілігі  мен  айыбы  нәпсінің  жағымсыз 
екі саусағынан».
«Сен  алдымен  саусақтарыңды  көзіңнен  ал.  Сосын 
қалағаныңды  көр.  Адам  көз  ғана.  Қалғаны  батылдық.  До-
сты көретінді ғана көз дейді».
«Құран Кәрім аяттары мен Хазіреті Пайғамбар хади-
стерін оқымас бұрын өзіңді жөнге сал. Гүл бақшасындағы 
хош иісті сезбейтін болсаң, кемшілікті бақшадан емес, өз 
көңілің мен өз мұрныңнан ізде».
«Құран  Кәрімнің  мағынасын  тек  әуесқойлығын  отқа 
жағып күл қылып (яғни нәпсі мен мендігін жойған), осылай-
ша  Құранның  алдында  еріп,  құрбан  болған,  рухы  Құранға 
айналған адамдар ғана түсінеді».
Мәуләнә (құддисә сирруһ) фәна мәртебесіне қауышудың 
сыры нақты мойынсүнуда екендігін былайша баяндайды:
«Теңіздің  суы  өзіне  толықтай  мойынсұнған  өлікті 
алақанында  тербе-теді.  Тірі  және  азғана  күмәні  бар  адам 
теңіздің қолынан қалай аман қүтылады? Сол сияқты "Өлмей 
тұрып, өліңдер" сыры бойынша, адами сипаттардан арылып 
өлсең, сырлар теңізі сені алақанына салып, тербетеді».
Адамның  жаратылу  мақсаты  -  құлшылық  пен  Рабты 
тану. Зат пен ақиқаттың сырына бойлаудың жолы мағрифат 
теңізінің тамшысына қол жеткізуден басталады.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 55
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Шынайы құлшылыққа жету үшін дүниенің фәни әшекей, 
атақ-абырой және өткінші құмарлығынан аулақ болу шарт. 
Мысалы, Ибраһим бин Әдһәм Хазіретінің тақуалық жолына 
бет бүруы мынадай ескертудің нәтижесінде болған:
Бір күні түн ортасы болатын. Ибраһим бин Әдһәм тағында 
ұйықтаған болып жатқан еді. Бірден сарайының төбесінен 
керемет  бір  айқай  шықты.  Бақырып,  шақырған  дауыс 
барған сайын артып, ақырында сұлтанды оятты.
Ибраһим бин Әдһәм сұлтан тезірек орнынан тұрып, төбеге 
қарап, айқай салды:
«Ол жерде кім бар? Түннің бұл сағатында төбеде не істеп 
жүрсің?»
Алыстан бір жауап естілді:
«Сұлтаным, жоғалған түйемізді іздеп жүрміз!»
Ибраһим бин Әдһәм ашуланып:
«Төбеде қайдағы түйе, ей ақымақтар?!»
Ендігі жауап өте мәнді әрі үгіт сияқты болды:
«Ей Ибраһим бин Әдһәм! Сен төбеде түйе іздеуге болмай-
тынын білесің де, үстіңдегі жібек киімдер, басыңдағы тәжі, 
қолыңдағы қамшы мен отырған тағыңда Хақты іздеп, таба 
алмайтындығыңды білмейсің бе?!»
Бұл оқиға Ибраһим бин Әдһәмның ұзақ уақыттан бері ру-
хында басталған рухани тербелісін жиілетті. Ол таң-тамаша 
болып,  қауқарсыз  қалды.  Бірақ,  сұлтан  сол  ескі  өмірінен 
толықтай қол үзе алмады.
Бірақ,  Ибраһим  бин  Әдһәмға  үйреншікті  аңшылық  ке-
зінде  жолыққан  екінші  рухани  ишарат  пен  ескерту  оны 
шынайы Хақ жолына салды. Бұл аңшылық оқиғасы былай 
болған еді:
Бір күні Ибраһим бин Әдһәм Хазіреті аңға шығады. Бір 
киіктің соңынан қуады. Тіпті әскерлерінен де көп ұзап ке-
теді.  Аты  қарасүмек  болып  терледі.  Бірақ,  Ибраһим  бин 
Әдһәм  киікті  атып  алуға  бел  буғандықтан,  еш  тоқтамады. 

- 56
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Киікті тура тұйыққа қамаған кезде, әлгі нәзік әрі сұлу жа-
нуар хал тілімен:
«Ей,  Ибраһим!  Сен  осы  үшін  жаратылған  жоқсың. 
Аллаһ  сені  мені  аулау  үшін  жоқтан  бар  қылды  ма?  Мені 
аулаған кезде саған не түседі? Бір жанды өлтіруден басқа не 
табасың?» - деді.
Ибраһим  бин  Әдһәм  осы  сөздерді  естігенде,  жүрегіне 
сондай бір шоқ түсіп, сол сәтте аттан құлап түсті. Сахараға 
қарай  жүгіре  бастады.  Біраз  уақыттан  соң  айналасына 
қараса, сахарада бір шопаннан басқа ешкім көзіне түспеді. 
Дереу шопанның қасына барып, жалынды:
«Мына  үстімдегі  гауһар  тастарды,  патшалық  киімім-
ді, қаруым мен атымды алып, үстіңдегі шапаныңды маған 
берсең қайтеді! Бірақ, ешкімге ештеңе айтпа!» - деді.
Шопан таңқалып қарап түрғанша шапанды киіп, көзден 
ғайып болды. Шопан оның соңынан: «Патшамыз жынданған 
шығар!» - деді. Алайда, Ибраһим бин Әдһәм, жынданбаған, 
керісінше есін жинаған еді. Ол киік аулауға шыққан бола-
тын, бірақ Аллаһ Тағала оның өзін киікпен аулаған еді.
Аллаһ  жәллә  жәләлуһу  Мәуләнә  Хазіреттерінің  есиет-
теріне  көңіл  бөлуді,  мысалдарынан  ғибрат  алуды,  Оның 
рухани атмосферасына бөленуді барлығымызға нәсіп етсін! 
Әмин!
Сол ұлы Аллаһ досы былай деді:
«Парасатты  адамдар,  жол  көрсетуші  сияқты,  тура 
жолға гүскендерге пайдасын тигізеді. Ал, жолға түспегендерге 
жол көрсетушінің пайдасы болмайтыны сияқты және бұған 
қоса ол ғапылдар оның қадірін білмейді!»
«Емші  науқастарға  шипа  таратады,  мұны  басына  іс 
тускен  науқастар  жақсы  біледі.  Бірақ  өлі  адам  дәрігердің 
бағасы мен қадірін қалай түсінеді!»
«Өмір ертеңге созылған үміттермен өтіп жатыр, ғапыл 
айғайлармен, таластармен, ізденістермен бітіп барады».

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 57
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Сен есіңді жиып, өміріңді бугінгі күн деп есепте! Көрқане, 
бүгініңці де қандай іңкәрлікпен өткізіп жатырсың?»
«Кейде  әмияның  мен  сандығыңды  ақшаға  толтыру 
қайғысымен, кейде ішіп-жеу уайымымен, бұл әлсіз өмір өтіп 
жатыр, берілген әрбір дем кеміп бара жатыр».
«Өлім бізді бір-бірден тартып алып жатыр. Оның айбы-
нынан ақылдардың түр-түсі өзгеріп, бозарып жатыр».
«Өлім  жолымызда  күтіп  түр.  Әпенді  қыдыруға  қол 
қойған».
Өлім қас пен көздің арасында, бізге оны есімізге алғаннан 
да жақын... Бірақ, ғапылдыққа салынғандардың ақылы қай 
жерлерде жүр? Білмеймін!»
Шәйх  Ғалиб,  төмендегі  шумағында  адамның,  иләһи 
есімдердің іс жүзіндегі көрінісі әлемнің кішкентай түрі мен 
оның асылы екендігін, әлемнің сырлы тылсымдарын магнит 
сияқты  жүрегіне  жинай  алатын  көңіл  айнасы  қабілетінде 
екендігін тамаша жеткізеді:
Жақсы  қара  өзіңе  кішкентай  әлемсің  сен,  Әлемнің 
көзінің қарашағы болған адамсың сен.
(Ей  Адам!  Өзіңе  көңіл  көзімен  дұрысхап  қара,  сен 
әлемнің, яғни жаратылғандардың кішкентай үлгісісің және 
сен әлемнің көзінің қарашығы болған адамсың.)
Бірақ адам баласының әлемнің өзегі бола түра нәпсісіне 
еріп,  ең  төменгі  бір  дәрежеге  түсуі,  адамдық  қасиеті 
түрғысынан құлдырауы турасында Хазіреті Мәуләнә былай 
дейді:
«Ей,  кеңіл  бақшасының  бұлбұлы!  Егер  байғыз  болуға 
тырыссаң үлкен қателік жасағаның! Ей, гүлстанның гүлі! 
Егер сен тікен болуға тырыссаң, өзіңе зиян тигізесің!»
Уа,  Раб!  Бізге  көңіл  айнасынан  ақиқат  нүрларын,  екі 
дүниенің сырларын тамашалайтын көзіміз бен көңілімізді 
осы дүниеде нұрға бөле, о дүниеде дидарыңа бөленсін!
Әмин!

- 58
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ЛӘЙЛӘНІ РЕНЖІТЕСІҢ
«Ей, сұлуым, бойымда сенен басқа жара-
тылыс қалған жоқ. Сондықтан бал теңізінде 
сірке суы қалай жоқ болса, мен де сенде солай 
жоқ боламын».
Хазіреті Мәуләнә
Бір  күні  Мәжнүн  сағыныштан  науқастанып,  төсек  тар-
тып,  жатып  қалды.  Емдеу  үшін  бір  емшіні  шақыртты. 
Дәрігер:
«Тамырдан  қан  алудан  басқа  шара  жоқ!»  -  деп,  қан  алу 
үшін  Мәжнүннің  қолын  байлады.  Қолына  пышақты  ала 
бергенде, Мәжнүн айғай салды:
«Ей, дәрігер! Қан алмай-ақ қой! Ақыңды ал да, кет! Осы 
аурудан өлсем өлейін, зияны жоқ. Бұл тозған тән өлсе, өле 
берсін, не пайда?!»
Дәрігер таң қалған күйі Мәжнүннен:
«Сен  шөлде  күркіреген  арыстаннан  қорықпайсың,  қан 
алдырудан неге қорқасың?» - деп сұрайды.
Мәжнүн былай жауап берді:
«Мен пышақтан қорықпаймын.
Менің сабыр мен шыдамымның жартастардан құралған 
таудан  да  артық  екендігін  бәрі  біледі!  Мен  ештемеден 
қорықпайтын  және  дүниеге  қатысты  сабаны  да  жоқ  адам-
мын,  Мына  фәни  тәнім  жараланбаса,  тынышталмайды! 
Жара  –  ғашықтығымның  дауасы,  сондықтан  жаралануға 
қуана-қуана барамын.
Бірақ, менің тәнім Ләйләға толы, ішімде Ләйләдан басқа 
ештеме  жоқ!  Осы  қабық  сияқты  тәнім  сол  інжудің  сипат-

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 59
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
тарына  толы.  Сондықтан  ей,  дәрігер  менің  қанымды  алып 
жатып  пышақты  байқаусыз  Ләйләға  тигізіп  алып,  соны 
жаралайсың да, Ләйләні ренжітерсің деп қорқамын.
Өйткені  Ләйлә  мен  менің  арамда  айырмашылық  жоқ 
екендігін Аллаһтың қас құлдары жақсы біледі».
МӘСНӘУИ:
«Ғашықгық  болмағанда,  бұл  әлем  қайдан  пайда  болар 
еді? Нан кдлай өзін саған жегізіп, сенің денеңе қосылып, сен 
болар еді? Нан сол ғашықтықтың арқасында өзін саған бе-
ріп, саған жанын қиып, сен болғанын біл».
«Ғашықгық  жансыз  нанға  да  жан  береді,  фәни  жанын 
саған қосып, мәңгілікке айналады».
«Іші иләһи ғашықтық пен махаббатқа толмаған адам 
нағыз  бишара;  бәлкім  хайуаннан  да  төмен  екендігін  біл. 
Өйткені  Асхабы-Кәһфтің  итіде  ғашықтықты  іздеп  тау-
ып, рухани рахатқа қол жеткізді де, сол қас құлдарда фәни 
болып, жәннатқа қол жеткізді».
Юнус  Әмрә  Хазіреті  Мәжнүннің  ыстық  сезімінен 
(ғашықтығынан) нәсіп алмақ болып, былай дейді:
Мәжнүннің Ләйләсі мен едім,
Рахманның диуанасы (ынтығы) мен едім,
Ләйләнің жүзін көруге Мәжнүн болғым келеді!
Фузули  болса  Мәжнүннен  де  жоғары  дәрежеде  ғашық 
болғысы келетінін былай жеткізеді:
Менде Мәжнүннен де артық ғашықтық қабілеті бар.
Шынайы ғашық менмін Мәжнүннің тек аты ғана бар!
Көреген  көзбен  қарағандар  барлық  нәрсені,  жаратылы-
сты  ғашықтық  пен  махаббаттың  көрінісі  ретінде  көреді. 
Олар  барлық  жаратылысты  ғашықтық  мен  махаббат-
тан  туындаған  деп  санайды.  Егер  ең  алдымен  махаббат 

- 60
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
болмағанда,  әлем  жаратылмас  еді.  Арифтердің  білетіні 
жаратылыстың  болуы  -  сол  әзелгі  махаббаттың  нәтижесі 
екені  және  Бұл  әлем  сол  себепті  Жаратылыс  Нүры  Хазі-
реті  Мұхаммед  Мұстафаға  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
арналғаны.
Хадис құдсиде былай делінеді:
َفِ� ْ�ُ�ِ َ�ْ� َ�ْ�ا ُ�ْ�َ� َ�َ� َفَ�ْ�ُا ْنَا ُ�ْ�َ� ْ�َ�َ� ���ِ� ْ�ُ� اً�ْ�َ� ُ�ْ�ُ�
«Мен  жасырын  бір  қазына  едім.  Білінуімді  қаладым 
(мағрифатымды  сүйдім)  да  (бұл)  әлемді  жараттым».  (И. 
Хаққы Бурауи, Кәнзи-Махфи) Бұл сөзден барлық жараты-
лыс,  әлем  иләһи  махаббатпен  жаратылған-дығын  түсінуге 
болады. Аллаһ әрбіреуін өзінің өнері мен кемелдігіне дәлел 
етіп жаратты. Осылайша жаратылыс ғажайыбы, яғни иләһи 
өнер  тамашасы  адамның  жаратылысы  да,  ғашықтық  пен 
махаббаттың нағыз көрінісі болды.
Юнус  Әмрәнің  ғашықтық  туралы  мына  жолдарының 
мәнділігі қандай тамаша:
Ғашықтық бізге имам, көңіл жамағат,
Достың жүзі құбыла үнемі намаз.
Сірә, Хақ ғашықтарының болмысы шынайы жарға толы 
болады. Сондай-ақ Халлаж Мансур шейіт болып, қаны жер-
ге  жайылғанда  "Аллаһ,  Аллаһ"  деген  жазу  пайда  болды. 
Фузули  Ләйлә  мен  Мәжнүннің  арасында  фәнаға  жетуде 
айырмашылық жоқ екендігін Мәжнүннің сезімен былай ба-
яндайды:
Менде  көрінген  сенсің!  Мен  өзім  жоқпын,  бар  болған 
сенсің!  Егер  мен  мен  болсам,  сен  кімсің,  ей,  жар?  Ал  егер 
сен сен болсаң, зарлаған мен кіммін? (Менде көрініс тапқан 
сенсің, мен өзім жоқпын! Бәрі сенсің, егер мен бар болсам, 
ей, сүйіктім, олай болса сен кімсің? Егер сен бар болсаң, ой-
байлап, зарын төккен мен кіммін?)
Юнус Әмрә, осы қүпия жұмбақты былай жеткізеді:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 61
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Ет пен сүйекке орандым.
Юнус болып көріндім!
Расында да, Аллаһтың қас құлдары таза жүректі адамдар, 
Хақ ғашығы мен шынайы ғашық болған адамның арасында 
айырмашылық жоқ екенін біледі. Хақ ғашықтарыныңтәні 
фәни,  бірақ  көңілі  иләһи  сезім-ге  бөленудің  нәтижесінде 
олардың  тәні  жоқ  болған.  Бұған  тамаша  мысал  -  Яқуб 
(аләйһиссәләм) пен ұлы Юсуфтың жағдайы. Хазіреті Якуб 
үлы  Юсуфтан  өз  ерекшеліктерін  көрген  кезде,  оған  басқа 
балаларынан  да  көбірек  көңіл  аударды.  Бұл  махаббаттың 
дәрежесі артқаны соншалық, кейін Юсуфтың көйлегін Мы-
сырдан  әкесіне  алып  келе  жатқанда  ол  Кен'ан  өлкесінде 
түрып көйлектің иісін сезе бастады. Бірақ, одан басқа еш-
кім  сол  тамаша  иісті  сезбеген,  "Юсуфтың  көйлегінің  иісін 
сеземін"  сөзін,  Яқубтың  (аләйһиссәләм)  алжығаны  деп 
жорамалдаған еді.
Өйткені Юсуфтың көйлегі бауырының қолына уақытша 
берілген еді.
Бауыры көйлекті Хазіреті Яқубқа тапсыруға міндетті бо-
латын. Яғни ол көйлек бауырының қолында құл сатушының 
қолындағы  күң  сияқты  еді.  Сатушының  өзі  үшін  емес, 
басқаға тәуелді еді.
Жалғыздықты өзіне ғана тән еткен Аллаһ Тағала (жәллә 
жәләләһә)  барлық  жаратылысты  жұп  етіп  жаратқан.  Пән 
ғылымдарының жақында ғана тапқан осы жүптан жараты-
лу  мәселесі,  бізден  он  тертғасыр  бұрын  көптеген  аяттарда 
айтылып, адамзатқа ілім сыйы ретінде үсынылған.
Адамның  түсінігі  мен  қалауынан  тыс  отау  үйдей 
мұқияттылықпен  төселген  Бұл  әлем,  зәррәлар,  дәндер, 
гүлдер, өсімдіктер, жануарлар, адамдар мен заттардың, тіп-
ті атомның ішіндегі электрондар мен протондар сияқты сыр-
лы элементтерге дейін барлық заттардың болмысына қарай 
жеке әрі ғажайып бір жұптасу заңына бағындырылған.

- 62
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Иәсин сүресінде:
�َ���ُ� َجاَوْزَ�ْا َ�َ� َ� ىِ���ا َن� َ�ْ� ُ�

ن�ُ�َ�ْ�َ� َ� ���ِ� َو ْ�ِ� ِ�ُ�ْ�َا ْ�ِ� َو ُضْرَ�ْا ُ�ِ�ْ�ُ� ���ِ�
«Ол Субхан топырақөнімдерінен, өздерінен және білмей-
тіндерінен жұптарды жаратқан» (Иәсин, 36) делінеді.
Бірақ ең айқын және анық жұптасуды білдіретін жұптық 
заңы адамда кәмілдікке жеткен.
Аллаһ  Тағала  жанұя  құрылымында  ой  жүгірткен  адам-
дар үшін көптеген жасырын хикметтердің бар екендігін ба-
яндайды:
«Сендерге  өздеріңнен  жүптар  жаратуы  -  соны  паналау 
үшін және араларыңда махаббат пен мархабат қоюы - Оның 
аяты. Бұларға ой жүгірткен топ үшін әрине ғибраттар бар»
(Рум, 21)
Үйленетін  екі  бөгде  адамның  тағдырға  байланысты  бас 
қосуы,  орталарында  пайда  болған  махаббат  пен  мархабат 
байланыстары  нақты  ойланатын,  иләһи  құдірет  керіністе-
рін қамтиды. Барлық жараталыс жиынтығы ішінде жанды-
жансыз, қарама-қарсы және сәйкес болғандар-дың, бір-бірі-
не деген бейімділіктері мен байланысы бір үқсастық. Яғни 
бірлік - сезім мен қалаудың белгісі. Өйткені бәрінің де негізі 
біреу-ақ. Барлық әртүрлі әлемнің қайтадан бірлікке кешуге 
бейімделуі, заттық болмысында бар қасиет.
Жаратылыстың  ең  кемелі  -  адам.  Махаббат  тақырыбы 
қаншалықты  кәміл  болса,  ондағы  кемелдік  пен  әсер  де 
соншалықты болады.
Жұптардың  тәндері  мен  рухтары  арқылы  иләһи 
ләззаттарды  татуы,  оларды  иләһи  байланыс  пен  махаб-
бат  арқылы  Хақ  Тағалаға  бағытталған  иләһи  тереңдік  пен 
ақиқат  жолына  жетелейді.  Жаратылыстың  ғибраты  мен 
хикметтеріне батырады.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 63
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Көп  жыл  өткен  соң  Ләйлә  Мәжнүннің  қасына  келеді. 
Мәжнүн оған көңіл бөлмейді. Сонда Ләйлә:
«Мен  үшін  шөлде  кезген  сен  емессің  бе?»  -  дейді. 
Мәжнүн:
«Баламалы, көлеңке болған Ләйлә ортадан шықты, еріп 
кетті», - деп жауап береді.
Мәжнүннің  өмірінің  мақсаты  болған  Ләйлә  иләһи 
махаббатқа  баспалдақ  болған.  Мәжнүн  өмірінде  ізде-
ген  иләһи  махаббат  әлемінен  орын  тапқан  соң,  өміріндегі 
Ләйләнің ролі аяқталады.
Мәснәуи  хикаяларында  айтылған  Ләйлә  ақырында 
ипәһи махаббатқа айналған және болмысын Хақпен бірле-
стірген иләһи ғашықтықтың үлгісі.
Басқаша  айтқанда  Ләйлә  кеңілді  Мәжнүн  қылатын, 
физикалық  қалауды  бітіретін  иләһи  ғашықтықтың 
көкжиегі.
Бұл тұрғыдан Ләйләлармен басталған махаббат әңгімесі 
Мәуләда (Аллаһта) аяқталып, рахат табады.
Ақырында, Ләйлә қатардағы бір адам ғана. Ғашығының, 
аты  Қайс  болғанымен  Мәжнүн  (жынды)  етіп  аңызга 
айналдырған.
Бірақ, өзіне ғашық болынған адам Ләйлә емес, әлемнің 
жаратылуының  себепшісі  әрі  Аллаһ  «Хабибім»  деген  бір 
адам болса, ғашық адамның қандай халде боларын кім біл-
сін!
Енді бірнеше мысал арқылы осыны толықтырайық. Ха-
зіреті Мәуләнәның бір хикаясымен бастайық.
Хазіреті  Мәуләнәның  шәкірті  Гүржү  Хатунның  сардар 
күйеуі  Қайсериге  тағайындалады.  Гүржү  Хатун  Селжүк 
сарайының атақты суретшісі Айнуа Дәуләні жасырын суре-
тін салып алып, келу үшін Хазіреті Мәуләнәға жібереді. Су-
ретші ғапылдықпен Хазіреті Мәуләнәның құзырына барып, 
жағдайды баяндайды. Ол да күлімсіреп:

- 64
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Саған әмір етілген нәрсені қалауың бойынша орында!» 
- дейді.
Суретші суретін сала бастайды. Бірақ, ақырында салған 
сурет пен апдындағы адамның ешқандай байланысы болмай 
қапғандығын байқап, қайта сала бастайды. Осылайша Хазі-
реті Мәуләнәның суретін салып жатқанда жиырма рет түрін 
өзгерткендігіне куә болады. Әлсіздігін түсініп, Бұл істен баз 
кешуге мәжбүр болады. Хазіреті Мәуләнәның қолын сүйеді. 
Өйткені өнері, өз сызықтарының ішінде жоқ болып кеткен 
еді. (Сол сызылған суреттер, әлі де Мәуләнә музейінде тұр.)
Бұл  оқиға  суретшіні  оятады,  таң-тамаша  болып, 
үрейленіп, терең ойға батырады, ғайып дүниесінің саяхат-
шысы  қылады.  Осы  халде  Мәжнүнге  айналған  суретшінің 
аузынан мына сөздер шығады:
«Діннің әулиесі осындай болса, пайғамбары қандай бола-
рын кім білсін?!»
Имам 
Мәлик 
(радиаплаһу 
анһу) 
Расулұллаһпен 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірдей болу (ұқсау) ынтасы-
мен  өмір  сүрді.  Мәдина  Мүнәууарада  келікке  мінген  жоқ. 
Дәрет сындыруға шыққан жоқ. Раузада имам болған кезін-
де  үнемі  бәсең  дауыспен  сейледі.  Сол  кездегі  Халифа  Әбу 
Жафар Мансұр дауыстап сөйлегенде:
«Ей, Халифа! Бұл жерде дауысыңды бәсеңдет! Аллаһтың 
ескертуі  сенен  де  абзал  адамдарға  түсті,»  -  деп  мына  аят 
кәримәні оқыды:
ِّ�ِ����ا ِتْ� َ� َقْ�َ� ْ�ُ�َ�اَ� ْ�َا ا�ُ�َ�ْ�َ� َ� ا�ُ�َ�َا  َ��ِ���ا �َ���َا �َ�
َ�َ� ْ�َ� ْنَا ٍ�ْ�َ�ِ� ْ�ُ� ِ�ْ�َ� ِ�ْ� َ�َ� ِلْ�َ�ْ��ِ� ُ�َ� اوُ�َ� ْ�َ� َ� َو
َنوُ�ُ� ْ�َ� َ� ْ�ُ�ْ�َا َو ْ�ُ�َ��َ�ْ�َا

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет