Сөздіктану танымы: жасалу тарихы мен теориясы



бет1/5
Дата29.11.2022
өлшемі110 Kb.
#53594
  1   2   3   4   5
Байланысты:
4-модуль. Сөздіктану. Лексикография


Сөздіктану танымы: жасалу тарихы мен теориясы
Лексикологияның салалары ішінде түркологтардың алғашқы қолға алған мәселесі - лексикография. Бұл жұмыс X - XIV ғасырлар аралығындағы араб тілді ғалымдардың араб, парсы, монғол, түрік тілдері сөздерін бір - біріне салыстырып, аударып, әр түрлі сөздік жасаудан басталады. Одан берірек келе бұл жұмысты Еуропа , Ресей түркологтары ілгері дамытты, түркі сөздері дүние жүзіндегі көптеген тілдер сөздерін қамтыған әлемдік сөздіктерден де орын алады.
1868 жылы Вильяминов-Зернов жариялатқан Орта Азиялық «Шағатай тілі сөздігі» деп аталатын авторсыз сөздікті, Л.З.Будагов жасаған «Сравнийтельный словарь турецко - татарских наречий
В.Радловтың «Опыт словаря тюрских наречий», Э.Пикарский жасаған «Словарь якутского языка», В.Каторинский жасаған «Киргизо- казахско русский словарь» атты еңбегі шықты. Осы кезде тарихи лексикаға да көп көңіл бөлініп В.Радлов, С.Малов еңбектерінде басталған бұл жұмыс бірнеше түрколог ғалымдардың бірлесе жүргізген жемісті жұмыстарының арқасында «Древнетюркский словарь» деген атпен 1969 жылы сөздік жарық көрді. Мұнда VII - XIII ғ көне жазба ескерткіш қолданылатын 20 мыңдай жеке сөздер мен тұрақты сөз тіркесін қамтыған бұл сөздіктің түркі тілдері лексикасының тарихын айқындалуда атқарар рөлі ерекше.
1961 жылы жарияланған ұжымдық зерттеу еңбегі «Историческое развития лексика тюркских языков» деп аталады. Бұл жинақта түркі тілдерінің туыстық атаулар мен жабайы және үй хайуанат атары, сын есім, етістік сөздерді түсіндірледі .
1974 жылы шықан Э. В.Севортянның үш томдық «этимоло- гический словарь тюркских языков» сөздікті айрықша атауға болады.
Қазақ лексикологиясының тұңғышы және ең жемісті саласы - лексикография. Бұл XI ғ , XVII ғ, XVIII ғ 1,5 астам қазақ сөзі мен, 30 тарта орысша - қазақша сөздіктер шығарылғанмен, бұл сала да тек кеңес дәуірінде ғана жоспарлы түрде етек ала дамыды.
1946 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының тіл және әдебет академигі Н.Сауранбаевтың басқаруымен екі томдық «Русско –казахский словарь» шығарды. 1954 жылы кеткен оқулықтарды жөндеп үлкен бір томдық етіп қайта шығарды. Кейін 1978, 1981 жылы 2 том етіп қайта шығарды. Х.Махмудов, Ғ.Мұсабаев авторлығымен 1954 жылы «Казахско - русский словарь» 1959, 1987 II том жылы қайта шығарылды. Аталғандармен бірге Н.Оңдасынов құрастыруымен « Арабша - қазақша түсіндірме сөздік» «Монғолша - қазақша сөздік» монғолия қазағы Хабышат пен Мініс құрастыруымен жарияланды.
Ал бір тілді сөздік дегендердің ешқайсысы болған жоқ. Тек 1941ж «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» шықты. Орфографиялық сөздіктің ең жетілген көлемдісі 1963 жылы 64 мыңдай сөзді қамтыған сөздік 1978 жылы 2 рет, 1988 жылы 3 рет қайта басылды. Бір тілді сөздіктер ішіндегі ерекше назар аударуға турарлық 2 томдық, 10 томдық түсіндірме сөздігі, Абай тілі, фразеологиялық, синтаксистік, диалектикалық, терминалогиялық сөздіктер.
1940 жылы бастап лексика түркі республикаларында ғылыми пән ретінде оқу жоспарына енгізеді. Лексикологияның омоним, синоним, полисемантизм, фразеология, аномастия, топонимика сияқты салалары жеке зертеледі, зертеліп жүр.
Түркология секторы шығарған Иследования по сравнительной грамматике тюркских языков ең белгілісі 1962 жылы жарияланған IV бөлімін, « Историческое развитие лексики тюркских языков» деген атпен 1961- 1967 жылы зертелген жинағы және «Очерки сравнительной лексикологий алтайских языков» ( 1972), К.Мұса- баевтың 1975 жылы «Лексика тюркских языков в сравнительном освещений» еңбектерін, яғни лексикаға арналған салаларды атаған жөн.
20 жылдан бастап «Пән атаулары» терминдік атауларын жинақтап Н.Сауранбаев 1948 жылы экономика, тіл, география, физика, математика пәндері терминдері шығарылды. «Терминалогия сөздігі» Тіл ғылыми 388 атау берілген. 1936 жылы тіл білімінде терминдік атаулар «Труды казахского института национальной культуры» сөздігінде 188 атау сөз қарастырлады. 1956 жылы І . Кеңесбаев пен Т.Жанұзақов екеуі «Тіл білімі терминдерінің орысша – қазақша сөздігін» шығарады. 1966 жылы толықтырылады онда 3000 жуық термин енеді.
Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиевтың 1944 жылы арналған еңбектерін «Қазақ тілінің лексикологиясы» деп жеке тарау етіп қарастырған. Кірме сөздер түсіндірме қарастырлады т.б Тіл білімі лексикологияға байланысты ең қолақты еңбек Ғ.Мұсабаев 1954 ж «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде лексика деп жан – жақты қарастырған 1962 жылы оқу орындарында аранап толықтырлып басылды.
Кемеуілдеп қолға алынғанына қарамастан қазақ тілінің лексикасы байланысты жарық көрген еңбектер едәуір, жүздеп санауға болады . Оның тереңдеп даму кезеңі 50 жылдан бергі уақыт. Сол кезде толып жатқан мақалалар мен қатар монографиялық зерттеулерде жарық көрді. Солардың бірі - 1955 жылы К. Ахановтың «Қазақ тілі лексикологиясының мәселелері» 1979 жылы Ә. Болғанбаевтың «Қазақ тіліндегі зат есім синонимдері» 1970 жылы «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы» 1979 жылы кітаптарын атауға болады.
Лексикологияның салаларының ішіндегі күрделі саласының бірі - топонимика. Топонимика ғылымдар аралық пән. Мұнымен тіл білімі ғана емес, география, тарих, этнография ғылымдары айналысқан.
40 жылдан бері С.Аманжолов, Н.Баяндин, Ғ.Қонқашбаев, Ғ.Мұсабаев мақалалары жарық көрді. Олар «Қазақстаның жер – су аттары», «Топонимика және этимология», «Қазақстаның этнотопонимикасы» деген 3 манография жарық көрді.
Ономастиканың елеулі бір саласы антропонимика да қазақ тіл білімінде едәуір зерттеліп Т.Жанұзақовтың «Қазақ есімдерінің тарихы», «Есімдер сыры» еңбектері жарық көрді.
Лексикологияның құрамына кірме сөздердің орны, мәні сауалдарына жауап берерлік В.Исенғалиеваның, Н.Оңдасынова, С.Толжановтың, Л.Рүстемовтың, Е.Бекмұхамбетовтың еңбектері жарық көрді.
Кейінгі жылдары, аз да болса, лексикамызды стилистикалық тұрғыдан зерттеген еңбектері де бой көрсете бастады. Бұл мәселе «Қазақ тілінің стилистикасы» атты оқулықта ( авторлары Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев) және М.Жақыпбеков пен Р.Сәрсенбаевтың кондидаттық диссертациясында біраз сөз болған.
Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығын тілдің сөздік құрамын лексикасын зерттейді . Лексикология - грек тілінің lexis сөз және logos ілімі деген сөздерінен жасалған термин. Тілдің лексикология симантикалық жүйесі туралы мәселе, тілдік единицалардың ішінде сөздің алатын орны , сөзге тән басты белгілері, сөз бен ұғымның ара қатынасы, сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарының ара қатынасы мен байланысы және т.б мәселелер енеді. Бұлар лексиканың теориясының жалпы проблемалары ретінде жалпы лексикалогияда қарастырлады. Ал нақты бір тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда қарастырлады. Жалпы мен жалқы лексикологиясы бір - бірімен байланыста болады. Жеке лексикология белгілері: 1 тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында даму тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы; қазіргі дәуірдегі қалып тұрғысынан қарауы мүмкін. Осыған орай , лексикология тарихи (диахрониялық лексикология) және сипаттама (сингрониялық) лексиканың бір бөлінеді . Тіл біліміде тілдің сөздік құрамын шығуы , замандар бойында қалыптасуы және дамуы , лексиканың құру арналары және оның тарихи тұрғысынан зерттелінеді Ал синхрониялық «қазақ - орыс тілдері», «қазақ - ағылшын тілі», «қазіргі қазақ тілі» атты пәндердің лексикасының осы заманғы қалпы мен сөз мағналық құрамын т.б қарастырады.
Тарихи лексикологияның бір саласы - этимология . Этимология сөздің шығу тегін зерттеп , олардың ең алғашқы мағнасының қандай болғандығын айқйндайды. Этимологиялық зерттеудің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте – мөте қажет .
Тілдің тарихы мен ондағы сөздердің тарихы халықтық тарихымен тығыз байланысты болады . Осыған орай , сөздердің шығу төркіні жайындағы этимологиялық зерттеулер тарихи және этногенетикалық мәселелерді қарастырып шешуде де айрықша маңызға ие болады. Сөздер бір тілден басқа бір тілге ауысып енуге икем келеді. Этимологиялық зерттеулер белгілі бір тілдің лексикасына ерте замандарда да енген кірме сөздердің ену тарихы мен оның жолдарын да қарастырады . Көне замандарда бір тілдің екінші тілге еніп , әбден қалыптасып кеткен кірме сөздер бойынша әр түрлі халықтардың ерте дәуірледе бір – бірімен жасаған қарым - қатнастарынның түрлерін айқындауға болдаы. Сөздердің тарихы, олардың шығуы мен даму құблысы еш нәрсені аңғартпайтын, өзімен - өзі қалып қоятын құблыс емес. Сөздердің өзгеріп даму тарихынан адам ойлауынан табиғат құбылыстары мен қоғам құбылыстарын ғасырлар бойында танып білуге ұмтылып күш салуының тарихы көрінеді. Осы этимологиялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы келіп туады : оның бірі тіл мен тарих проблемасы, екіншісі - тіл мен ойлау проблемасы.
Этимология - грек тілінің etymologia etymon «шындық», сөздің негізгі мағнасы ілім сөздің жасалу термині.
Ашудас - ашу тас
Қарақат, тоқсан, сексен
Қат тува, ойрат тілдерінде, хакас тілінің диалектикасында «жеміс» деген мағынаны білдіреді. Қара жеміс мағынада емес, жемістің бір түрі, соған қойылған ат ретінде түсіндіреді.
90- ұйғырша сәксән, тоқсан. өзбекше – сансон, тұқсон ал хакас тілінде сигізон, тоғызон түрінде айтылады. сегіз және он, тоғыз және он сөздері кіріп кетуінен жасалған «ен» деп өзгеруі алдыңғы сөздің құрамына дауысты дыбыстың әсерінен икемделген.
Сағы сыну, кежегесі кейін тарту аталған тіркестердің құрамында ғана қолданылады . Қазақ тілінде олардың мағынасы бұл күнде күңгірттеніп , көнерген , түсініксіз сөздерге айналған . Бұл сөздердің мағынасы мен этимологиясын туыстас басқа тілдердің материалдарымен салыстыру арқылы ғана айқындауға болады. Сақ - хакас тілінде ( сағ) күш дегенді білдіреді. саам сыхты - деген сөз тіркесі - «Әлім біпті» сачох күш жоқ деген мағынада жұмсалады . Қазақ тілінде оңтүстік диалектісінде « тәуірлену, сауығу» деген мағынада жұмсалатын сақаю сөзі осы сақ сөзінен жасалған сақай, сақаю – формасы ұйғыр (сақаймақ ) әзірбайжан (сағаймағ), өзбек
( соғаймақ) тілдерінде сақталған. Кежесі кейін тарту - деген тұрақты сөз тіркесі құрамындағы кежеге, хакас, алтай тілдерінде «желке» деген мағынаны білдіреді.
Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар сөздердің мағыналық жақтары семассиологияда қарастырады . Семасиялогия грек тілінің semasia - белгілі, белгілеу және logos - тілі сөздерінен құралған термин.
Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгерлуі жолдарын, симантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семасиология - лексикологияның ең басты және маңызды саланады, өйткені оның зерттейтін мәселесі - мағыналы әрбір сөздің «жаны» десе болады . Семасиялогияның лексикографиялық жұмыста да (сөдіктер жасалу жұмысы) маңызы айрықша. Сөздіктерде әдетте, сөздің мағыналық жақтары талданады . Семасиологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмектесіп, бағыт бағдар сілтейді.
Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы - онамасиология деп аталады . Онамасиология грек тілінен - ат , есім, атау деген мағынанадағы опоmаma деген сөзімен «сөз, білім» деген мағынадағы logos деген сөзден құралған термин.
Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себебі неліктен екендігін қарастырады. Анығырақ айтқанда, сөз семасиологиялық тұрғыдан қарастырғанда, оның мағыналық жағына назар аударылады да ономасиялогиялық тұрғыдан қарастырылғанда, ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағынан назар аударылады. Сонымен, ономасиология заттар мен құбылыстардың аталуы, белгіленуі туралы ілім дегенді білдіреді.
Ономасиологияның айрықша бір саласы - ономастика жалқы есімдерді зерттейді . Ономатология - ат, атау сөзінен шықан. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді : 1 антропонимика - кісі аттарын зерттеу обьектісі етіп алса , 2 топонимика - географиялық атауларды зерттеу обьектісі етіп қарастырады. Antlropo - кісі, адам . Бұл сала бойынша
Т . Жанұзақова А . Әбдірахманов еңбектерімен үлес қосуда.
Сөз жүйесіне тән терминдер.
Лексикография – лингвистикалық қызметтің барлық нәтижелерін жария етіп, жарыққа шығаратын негізгі канал болып табылады (В.В.Морковкин). Оның үстіне, тіл білімі ғылымында сөздің барлық қасиеттерін жинақты түрде қарастыратын бірден-бір саланың да лексикография болып табылатындығы белгілі. Осы тұрғыдан лексикографияны тіл туралы ғылым санатындағы лингвистика мен тілді танып білуге ықыласты қоғамның арасын жалғайтын тілдесім қызметі деуге болады.
Адамзат қоғамында практикалық лексикографияның пайда болып, сөздіктердің түзіле бастағанына төрт мың жылдан астам уақыт өткен. Ал содан бергі кезеңде жасалған сөздіктердің жалпы саны, ХХ ғасырдың ортасында жасалған санақ бойынша, он мыңнан асқандығы белгілі. Лексикография мәселелерін зерттеушілер сөздік түзу саласында мол тәжірибе жинақталғанымен, сөздік құрастыру тәжірибелерін қорытып, ғылыми талдау жасаудың, оны жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздемесін даярлау ісінің тым кеш қолға алынғанын айтады. Расында да, лексикография атты ғылым саласының XX ғасырдың ортасына дейін жетілген теориясының болмағандығы да шындық. Осы орайда, лексикография теориясының мәселелерін жүйелі түрде зерттеп, оны жеке ғылыми пән ретінде қарастырудың XX ғасырдың орта кезеңіндегі академик Л.В.Щербаның еңбегіне дейін жүйелі түрде жүргізілмегенін айтпай отыра алмаймыз. Теориялық мәселелерді зерттеудегі кемшіліктер лексикографиядағы практикалық жұмыстардың болашағының айқын болмауына, сапасының нашар болуына әкелді.
Лексикографияның теориясында қарастырылатын алғашқы мәселе, бірінші аспект – «лексикография» ұғымына анықтама беру болып табылады. Ғалымдардың лексикография терминіне берген анықтамалары әртүрлі. Испан лексикографы Х.Касарес оны «сөздік жасау өнеріне» балаған болатын. Лексикографияға үлкен лингвистикалық сөздікте: «сөздік түзудің теориясы және практикасымен айналысатын ғылым саласы» түрінде түсінік беріледі. Қазақ тіл білімінде аталмыш терминге берілген негізгі анықтамалардың бірінде (Ғ.Қалиев) ол екі мағынада: 1) сөздік жасаудың теориясы мен практикасын зерттейтін тіл білімінің саласы; 2) белгілі бір тілдегі я ғылым саласындағы сөздіктердің жиынтығы – ретінде көрінеді . О.С.Ахманованың лингвистикалық терминдер сөздігінде: 1) сөздік түзу туралы ғылым; 2) тілдегі лексикаға сипаттама жасау ретінде сөздік түзу ісі; 3) тілдегі немесе білім саласындағы сөздіктер жиынтығы - деген анықтама беріледі. Кеңестік дәуірдегі екі тілді (аударма) лексикография теориясының негізін қалаған ғалым В.П.Берковтың пікірі бойынша, лексикография: 1) сөздік түзу ұстанымдарын зерттеумен айналысатын ғылым саласы, сөздік жасаудың теориясы; 2) сөздік түзу ісі; 3) тілдегі сөздіктердің жиынтығы; 4) елдегі сөздіктердің жиынтығы . Келтірілген анықтамалар бойынша дау айту қиын. Алайда, бұл жерде бір мәселені естен шығармаған жөн. Ол сөздің бастапқы этимологиясына қатысты мәселе.
Сөздіктің элементтері мен параметрлері туралы ілім. Сөздіктің элементтері деп оның ішкі, сыртқы құрылымдық бөліктерін айтады. Лексикография теориясында сөздіктер типологиясынан кейін сөз болатын осы сөздік элементтері. П.Н. Денисов бұл туралы: «Лексикография теориясында құрылым туралы ілім, сөздіктің құрамдас бөліктері (элементтері) деп аталатын бөлік, автор мен оқырман арасындағы басты байланыс каналы ретіндегі сөзтізбенің құралуы, сөздік мақаланың құрылымы проблемаларымен айналысады» деген тұжырым жасайды
Әлемдік тілдердегі түрлі типті сөздіктерді талдау нәтижесінде Ю.Н. Караулов тарапынан анықталған лексикографиялық параметрлердің жалпы саны – 65. Солардың ішіндегі қазақ тіліндегі сөздіктері үшін маңызыдары төмендегідей: «Тілдер саны. Сөздік кірісі (әліпбилік,- тура және кері; мағыналық; сөздің ұзындығына байланысты; әліпбилік-хронологиялық; транскрипциялық, т.б.). Хронологиялық параметр (сөздің бірінші жазбаша тіркелу уақыты, сөздіктің хронологиялық рамкілері). Сандық параметр (сөздіктегі сөздердің саны). Орфографиялық (әрбір әріп бойынша, әліпбилік). Сөздің ұзындығы (әріптер саны). Екпін. Айтылым. Буынға бөліну. Сөз табы. Жекеше/көпше. Сын есімдердің шырайлары. Сабақты/салт етістік. Етістер. Райлар. Тұйық етістік. Көптік, жіктік, септік, тәуелдік жалғаулар. Көмекші етістіктер. Есімше. Етістіктің шақтары. Сөздің морфологиялық құрылымы. Сөзжасамдық параметр.
Аббревиатуралар. Көпмағыналылық/бірмағыналылық. Семантема (семантикалық эквивалент, дефиниция). Мағынаның транспозициясы. Ареалдық параметр. Синтагматикалық тіркес (еркін тіркесім).Фразеологиялық тіркес (тұрақты тіркесім). Лексикалық тіркесімділік. Иллюстративтік параметр. Стилистикалық параметр. Эмоционалды-бағамдық параметр. Нормативтілік пен вариациялық. Статистикалық (сөздің қолданым жиілігі). Лингвотарихи параметр (сөз тарихы). Лингвоелтанымдық (этномәдени-тарихи) параметр. Ономастикалық параметр. Терминологиялық параметр. Тектестік (этимологиялық, генетикалық біртектілік) параметрі. Кірмелілік параметрі. Синонимдік параметр. Антонимдік параметр. Омонимдік параметр. Паронимдік параметр. Ассоциативтік параметр. Семантикалық өріс. Тақырыптық топ. Библиогрфиялық (сөз туралы зерттеулерді көрсету) параметр. Лексикографиялық параметр (сөз туралы қажетті дерек алуға болатын сөздіктерге сілтеме)» .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет