Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет20/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83
 

 

4.8-бап 

 

Ақпарат алмасу 

 

1.  Егер  осы  Тарауда  өзгеше көзделмесе,  Тарап  екінші  Тараптың  сұрау 



салуына  ақылға  қонымды  уақыт  кезеңі  ішінде  жауап  береді,  бұл 

әдетте, 60 күннен аспауға тиіс. 




22 

 

 



2.  Тараптар  осы  Тарауда  қамтылған  мәселелер  бойынша  ақпарат 

алмасуды  мейілінше  мүмкін  болатын  дәрежеде  ағылшын  тілінде 

жүзеге асыруға тырысатын болады. 

 

 

4.9-бап 

 

Байланыс пункттері 

 

1.  Тараптар  осы  Тарауды  қолдану  мәселелері  бойынша  үйлестіруге 



жауапты  байланыс пунктін немесе байланыс пункттерін белгілейді. 

 

Мұндай байланыс пункттерінің функциясы: 



 

(a)  осы  Келісімнің  4.5-бабына  сәйкес  Тараптар  арасындағы 

ынтымақтастықты; 

 

(b)  осы  Тараудың  қолданылу  саласы  шеңберінде  ақпарат 



алмасуды; 

 

(c)  осы Тараудың қолданылу саласы шеңберінде ынтымақтастық 



туралы сұрау салуларды жіберу мен алуды және тиісті жауаптар 

беруді; 


 

(d)  осы  Тараудың  4.7-бабына  сәйкес  консультациялар  туралы 

сұрау  салуларды  жіберу  мен  алуды  және  тиісті  жауаптар  беруді 

қамтиды. 

 

2.  Әрбір  Тарап  екінші  Тарапқа  байланыс  тұлғасының  (байланыс 



тұлғаларының)  аты-жөні  (аты-жөндері),  телефон  нөмір(лер)і,  факс 

нөмір(лер)і және электрондық поштасының мекенжай(лар)ы сияқты 

байланыс  деректерін  қоса  алғанда,  белгіленген  байланыс  пункті 

немесе байланыс пункттері туралы ақпарат береді. 

 

3.  Әрбір  Тарап  екінші  Тарапты  оның  байланыс  пунктіне  (байланыс 



пункттеріне) байланысты кез келген өзгеріс туралы, сондай-ақ тиісті 

байланыс  тұлғасы  (байланыс  тұлғалары)  деректерінің  кез  келген 

өзгерісі туралы уақтылы хабардар етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет