Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет23/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
 

 

5.6-бап 

 

Ынтымақтастық 

 

1.  Тараптар  осы  Тарауды  іске  асыруға  жәрдемдесу  және  тиісті 



жүйелерді  өзара  түсінуді  жақсарту  мақсатында  ынтымақтасуға 

уағдаласты.  Мұндай  ынтымақтастық  өзара  келісілген  шарттар  мен 

ережелерге негізделуге тиіс және мынадай қызмет түрлерін: 

 

(a)  осы  Тарауды  қолдану  саласы  шегінде  санитариялық  және 



фитосанитариялық шараларға қатысты ақпарат алмасуды; 

 

(b)  тиісті  халықаралық  ұйымдар,  оның  ішінде  Өсімдіктер 



карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенция, 

«Алиментариус  кодексі»  комиссиясы  мен  Жануарлардың 

саулығын  қорғау  жөніндегі  дүниежүзілік  ұйым  шеңберінде 

Тараптардың  тамақ  өнімдерінің  адам  өмірі  мен  денсаулығының, 

жануарлардың  немесе  өсімдіктердің  қауіпсіздігі  мәселелерімен 

айналысатын құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты, 

коммуникация мен үйлестіруді күшейтуді; 

 

(c)  тамақ  өнімдерінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  және 



жануарлар аурулары мен зиянкестердің таралуын болғызбау үшін 

Тараптар  қолданатын  шараларды  өзара  түсінуді  тереңдету 




26 

 

 



мақсатында  құзыретті  органдар  арасында  тәжірибе  алмасу  үшін 

оқыту бағдарламаларын әзірлеуді; 

 

(d)  Тараптар  аумағында  аурулардан  немесе  зиянкестерден  бос 



аймақтарды  және  аурулардың  немесе  зиянкестердің  таралуы 

болмашы  аймақтарды  тануды  қоса  алғанда,  өңірлік  жағдайларға 

бейімделуге қатысты мәселелер бойынша ынтымақтастықты; 

 

(e)  өзгелермен қатар, зертханалық зерттеулер технологияларына, 



аурулар  мен  зиянкестерді  бақылау  әдістеріне  және  тәуекелдерге 

талдау  жүргізу  әдіснамасына  қатысты  тәжірибе  алмасуды 

қолдауды; және 

 

(f)  ДСҰ  келісіміне  сәйкес  арнайы  тағайындалған  Тараптардың 



санитариялық  және  фитосанитариялық  шаралар  мәселелері 

жөніндегі  ақпараттық  орталықтары  арасындағы  өзара  іс-қимыл 

жасауды және ақпарат алмасуды кеңейтуді қамтуы мүмкін, бірақ 

олармен шектелмейді. 

 

2.  Тараптар  санитариялық  және  фитосанитариялық  шараларды  әзірлеу 



және  қолдану  мәселелері  бойынша  ынтымақтастықты  одан  әрі 

дамытуға  бағытталған  қосымша  уағдаластықтарға  қол  жеткізуі 

мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет