Бірде үш аю таңғы астарын ішуге отырды. Алайда олардың ботқасы əлі тым ыстық екен



бет1/2
Дата24.05.2023
өлшемі25,3 Kb.
#96423
  1   2

1-үлгі мəтін – Алтыншаш

Е ртеде орманда үш аю өмір сүріпті. Орман қараңғы əрі қалың жыңғылды болғанымен, аюлар ондағы жылы да жарық үйде тұратын, олар үйлерін тəртіп пен тазалықта ұстады. Тіпті кішкене қонжықтың өзі ойыншықтарын күтіп ұстайтын жəне ойнап болғаннан кейін оларды жинап қоятын.


Бірде үш аю таңғы астарын ішуге отырды. Алайда олардың ботқасы əлі тым ыстық екен.
“Мен не істеу керегін білемін” деді əке аю өзінің жуан, гүрілдеген дауысымен, жүріңдер, біздің ботқамыз суығанша біраз серуендеп қайтайық. Олар серуенге шықты.
Сол уақытта орманның басқа жағында Алтыншаш аталып кеткен қыз бала өмір сүрген еді. Қыздың Алтыншаш аталуының себебі – оның ұзын шашы алтын түстес еді. Ал негізінде есімі Сара болатын. Алтыншаш тазалықты ұнататын қыздардан емес еді жəне ойыншықтарын жинамайтын. Ол өте қырсық əрі ұқыпсыз еді. Бір күні ол зерігіп кетті. Онымен бірге ойнайтын ешкім болмай қалды, ал əкесі мен анасының жұмыстары көп болғандықтан, қыздарына жеткілікті көңіл бөле алмайтын. Сөйтіп ол орманда қыдырып қайтпақ болды.
Ол қалың əрі жыңғылды орманның ішінде əрі-бері жүріп, тоңып кетті, ал əдемі, жылы үйдің жанына келген кезде тамақ ішкісі келді. Кішкене терезеден ішке қараған ол жылы ботқа салынған үш ыдысты көрді. Ол тіпті ойланбастан, ас бөлмеге кірді де, ыдыстардың бірінен тамақтан татып көре бастады.
“Фу!” деді ол, “бұл ботқаның тұзы тым ащы екен”, сөйтті де ол біраз кішірек ыдысқа жақындады.
“Фу! Бұл ботқаның сүті тым көп екен!” деп, ол енді ең кішкентай ыдысты алды. “Ммм! Маған керегі міне осы!” деп тамсанған Алтыншаш бұл ыдыстың ішіндегі тамақты тауысып жеп қойды.
Бүкіл ботқаны жеп алып қарнын тойдырған Алтыншаштың біраз отыра тұрғысы келді. Бірінші орындық тым үлкен жəне ағаштан жасалған екен, оның үстіне вельветтен тігілген ескі көпшік салыныпты.
“Бұл нашар орындық”, деді Алтыншаш, “Ол тым қатты.” Екінші орындық жұмсақ екен, оған раушан гүлдері төселіпті. “Бұл да нашар орындық,” деді Алтыншаш, “Ол тым жұмсақ”.
Келесі орындық шап-шағын əрі жайлы болып шықты, оның бетіне жұмсақ көкшіл жапқыш жабылыпты.
“Мынау нағыз маған керек орындық екен” деді Алтыншаш, сөйтті де дем алмақшы болып орындыққа отыра кетті.
Бух! Бах! Бум! Алтыншаш еденде үйілген жаңқалардың үстіне ұшып түсті. Орындық ұсақ бөліктерге бөлініп сынып қалды. “Мынаны қара” деп ойлады ол, себебі ол өте ұқыпсыз қыз еді.
Жылы үйде Алтыншаштың ұйқысы келді, сөйтіп ол жатып мызғып алуды жөн көрді. Ол орындықта отырып ұйықтай алмайтын еді, сондықтан да төсек іздеуге кірісті. Ол баспалдақты көрді де, онымен ақырын басып жоғары көтерілді. Жоғарыдағы бөлмеде үш төсек тұр екен. Біріншісі үлкен екен, оған жолақты жапқыш жабылыпты.
Ол төсекке жатып көрді де, “Бұл нашар төсек. Ол тым қатты” деді. Алтыншаш одан түсіп, келесі төсекке барды.
Келесі төсек алдындағыға қарағанда кішірек екен, оның үстіне тоқылып жасалған мамық көрпе мен көп жастықтар қойылыпты. Ол жастықтардың ортасына жайғасып жатты да: “Бұл да нашар төсек. Ол тым жұмсақ” деді.
Үшінші төсек шап-шағын əрі жайлы болып шықты. Оның үстінде қуыршақ пен ойыншық қонжық жатыр екен. Ол Алтыншаштың ойынан дəл шықты, сондықтан ол тəтті ұйқыға кетті.
Көп ұзамай үш аю тамақтарын жеу үшін серуеннен оралды.
“Біреу менің ботқамды жеп көріпті” деп, əке аю ашумен гүрілге басты. “Менің де ботқамнан жепті”, ана аю да ашумен айғай салды.
“Менің ботқамды да жеген” деп жылап жіберген қонжық, “оны тауысып та қойыпты” деді ызаланып.
Сосын, олар өз орындықтарына қарады … “Менің орындығыма біреу отырған”, əке аю гүр-гүр етіп, тіптен ашуына мінді.
“Менікіне де отырыпты” деп, ана аю да гүр ете қалды.
“Менің орындығыма отырып, оны сындырып та тастапты” деп жылады кішкентай қонжық.
Олар ұйықтайтын бөлмені тексермек болып, баспалдақпен жоғары көтерілді. “Менің төсегіме əлдекім жатып көріпті” деп гүрілдеді əке аю.
“Менің төсегіме де жатыпты” деп ашынды ана аю.
“Ал, менің төсегімде ол əлі ұйықтап жатыр” деп жылады қонжық, “міне ол… қараңдар!”
Төсекте алтын шашты қыз ұйықтап жатты. Əке аю, ана аю жəне олардың қонжығы бар дауыстарымен айғайлап гүрілдей бастады. Алтыншаш ұйқысынан шошып оянды да, төсектен ұшып түрегеліп, баспалдақпен төмен қарай жүгіре түсті. Ол сол жүгіргеннен жүгіре отырып, орманның екінші шетіндегі өз үйіне жетіп бір-ақ тоқтады.
Мен Алтыншаш бұл күннің оқиғасынан үлкен сабақ алды деп айтқым келген. Бірақ ол қазірдің өзінде бұрынғысынша ұқыпсыз болып қалпында қалды жəне ойнап болғаннан кейін ойыншықтарын жинамайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет