Жаһандық Жылыну әлем деңгейіндегі мәселе Жылыну деген не?



Дата12.06.2023
өлшемі0,77 Mb.
#100671

Жаһандық Жылыну - әлем деңгейіндегі мәселе

Жылыну деген не?

Жаһандық жылыну - жердің бетіндегі орташа температураның артуы. Соңғы жүз жылда температура шамамен 1 ºС-қа артты. Ауаның ластануы, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды кесу, адамның әр түрлі әрекеттері жахандық жылынудың басты себептері болып тұр. ХХ ғасырдың басында ғалымдар Жер планетасындағы температураның өзгеруін зерттеп, жыл сайын температура жоғарылап отырғанын анықтаған. Бұған дейін климаттың ең жылдам өзгеретін жерін атаған – ол Арктика болып шықты. Ондағы жылыну 2-2,5 градусқа дейін жетті. Ғалымның пайымдауынша, Арктика қар мен мұздың еруінен бірінші орынға шықты.​

 Жылынудың Себептері

Климаттың өзгеруіне парниктік газ әсер етеді. Онда азот, метан, көміртек бар. Бұл атмосферада болатын түрлі газдар, бірақ бүгінгі таңда олардың деңгейі өте жоғары және қарқынды түрде өсіп жатыр. Оның өсу жылдамдығына түрлі факторлар әсер етеді. Олар мұздықтардың тез еріп, дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуіне және құрлықтың зор аумағының су басуына апарып соғуына өз ықпалын тигізеді. Климаттың жылынып жатқанына ешкімнің күмәні жоқ. Біздің ғаламшарымыз үнемі үздіксіз «ғаламдық климаттық өзгерістер» жағдайында тұр. Бұл газдардың көпшілігі пайдалы қазбаларды өндіру және жағу, энергияны пайдалану, көлік және әуе көлігі шығарындылары және ауыл шаруашылығы объектілерін салудан туындайды.

 жылынудың әсері

Жаһандық жылынудың басты әсерлеріне мыналар: климаттың өзгеруі, жылу толқындарының жиі болуы, теңіз деңгейінің көтерілуі, мұздықтардың еруі, тасқындар, құрғақшылықтар мен дақылдардың шықпай қалуы секілді табиғи зардаптар жатады. Үндістан мен Пәкістан наурыз және сәуір айларында рекордтық климаттың ыстық толқыны байқалды, ал Қытайда ең кең және ұзақ ыстық толқыны және рекордтық екінші ең құрғақ жаз болды. Еуропаның көп бөлігі жазда қатты ыстықтан тұншығып қалды. Ұлыбританияда 2022 жыл 19 шілдеде жаңа ұлттық рекорд орнатылды - температура алғаш рет 40 ° C-тан асты. 

ЖЫЛЫНУДЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Әрбір азамат ғаламдық жылынуды тоқтатуға қолынан келгенінше өз үлесін қоса алады. Бірінші кезекте, кез келген жасыл өсімдікті қатты қажет болмаса жоюға болмайды. Әрбір жапырақ, әрбір тірі жасыл өсімдік жасушасы көмірқышқыл газын «сіңіруші» болып табылатыны естеріңде болсын. Жапырақ беті өзіне қонатын шаңды және басқа қатты бөлшектерді жинайды. Жүрген жерлеріңде, үйде, сыныпта болсын, аулада, үй жанындағы жерде де өсімдікті күтуге, көбейтуге тырысыңдар. Қажет болмаса еш нәрсені жағуға тырыспаңдар.

Қорытынды

Жаһандық жылыну – адамдардың өздері туғызған мәселе. Жоғарыдағы зерттеулерде ғалымдар 50 жылдан кейін 3,5 млрд адамның өмір сүруі мүмкін емес аймақтарда қалу қаупі барын ескертеді. Бұл тек болжам ғана, өйткені адамзат баласы әлі СО2-нің шамадан тыс бөлінуімен бетпе-бет келмеген. Адамның қолымен жасалған дүние болса, бұл жағдайды қолға алуға не кедергі деген сұрақ туындайды. Дегенмен, барлық елдің жаңартылатын энергия көзін қолдануға көшуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан бұл мемлекеттердің ғана емес, Жер планетасының әрбір тұрғынының жауапкершілігінде екенін есте ұстайық.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет